О создании зон цивилизованной охоты и рыбной ловли Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аңшылық пен балық аулаудың өркениетті аймақтарын құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 25 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 – 2000 жылдарға арналған іс-қимыл Бағдарламасын жүзеге асыруға арналған іс-шаралар жоспары туралы» № 119 қаулысын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Аңшылар мен балық аулаушылар облыстық қоғамның аңшылық тіркеу шаруашылықтары аумақтарында өркениетті аң аулау аймақтары (1-қосымгша); қорықтық шаруашылықтарда тұқы және сазан аулаудың өркениетті балық аулау аймақтары (2-қосымша) құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсін.
Басқа 3. Өркениетті аң аулау аймақтары
Облыс әкімінің 1999 жылғы 21 сәуір № 75 шешіміне 1-қосымша Өркениетті аң аулау аймақтары № Аймақтардың атаулары Орналасқан жері Алаңы (мң га) 1 Железинка Железинка ауданы Алакөл және Қазақстан селолық округтерінің жерлері 41 2 Ертіс Ертіс ауданы Абай және Ұзынсу селолық округтерінің жерлері 34 3 Қарасуық Качиры ауданы Березовка, Жаңақұрылыс селолық округтерінің, Успенка ауданының Богатырь және Қаратай селолық округтерінің жерлері 187,7 4 Қызылжар Ақтоғай ауданы Әуелбек және Қараоба селолық округтерінің, Ақсу қаласының Жолқұдық, Қызылжар және Сарышығанақ селолық округтерінің жерлері 295,8 5 Металлург Ақсу қаласының Еңбек селолық округінің жері 16,1
Басқа 4. Өркениетті балық аулау аймақтары
Облыс әкімінің 1999 жылғы 21 сәуір № 75 шешіміне 2-қосымша Өркениетті балық аулау аймақтары № Аймақтардың атаулары Орналасқан жері 1 Шідерті уылдырық шашу - өсіру шаруашылығы Екібастұз қаласы 2 Ақмайдан көлі Ақсу қаласының Қызылжар селолық округі 3 Качиры балық көшеті Качиры ауданы