Біржолғы талондардың бағасын бекіту жөнінде Күшін жойған
Басқа 0
Біржолғы талондардың бағасын бекіту жөнінде
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласы бойынша салық комитетімен жүргізілген хронометражды тексеру нәтижесінің негізінде және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" ҚР Заңының 6және 7 баптарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
Осы шешімнің қосымшасына сәйкес кәсіпкерлік қызметінің қосымша түрлеріне біржолғы талондар бағаларының көлемі бекітілсін.
Басқа 2
Ақтөбе қалалық мәслихатының
2006 жылғы 16 қазандағы
кезектен тыс отыз үшінші
сессиясының
N 278 шешіміне қосымша
Қосымша қызмет түрлеріне біржолғы талондар бағаларының көлемі
N/N
Қызмет түрлері
Біржолғы талон
бағасы
1
Үй жануарларын бағу.
50 теңге
2
Үй құстарын бағу.
25 теңге
3
Жануарлар мен құстар үшін азықтар сату.
200 теңге
4
Сыпырғыштарды сату.
50 теңге
5
Орман жемістерін, ара балы, саңырауқұлақтар мен балықтарды сату.
30 теңге
Қосымша қызмет түрлеріне біржолғы талондар бағаларының
көлемін бекіту бойынша түсіндірме жазбахат
30.10.2001 жылы № 1469 ҚР МДМ бұйрығымен бекітілген "Біржолғы талондарды беру тәртібіне" толықтыру енгізумен байланысты, салық салу базаларын арттыру мақсатында төмендегі ұсыныстар жасалды:
Үй жануарларын бағу бойынша есептесу:
Орташа айлық кіріс 100000 теңге.
Шығын 50 000 теңге (50%)
Салық салу кірісі 50000 теңге
Айлық ЖТС бағасы 1500 теңге (50000х3%)
Бір күнгі ЖТС бағасы 50 теңге (1500/30)
Ұсыныс: біржолғы талон бағасы мөлшері бір күнге 50 теңге болып белгіленсін.
Үй құстарын бағу бойынша есептесу:
Орташа айлық кіріс 25000 теңге.
Шығын 5000 теңге (20%)
Салық салу кірісі 20000 теңге
Айлық ЖТС бағасы 750 теңге (20000х3%)
Бір күнгі ЖТС бағасы 25 теңге (750/30)
Ұсыныс: біржолғы талон бағасы мөлшері бір күнге 25 теңге болып белгіленсін.
Үй құстары мен жануарлар үшін азықтарды сату бойынша есептесу:
Орташа айлық кіріс 900 000 теңге.
Шығын 700 000 теңге (77%)
Салық салу кірісі 200000 теңге
Айлық ЖТС бағасы 6000 теңге (200000х3%)
Бір күнгі ЖТС бағасы 200 теңге (6000/30)
Ұсыныс: біржолғы талон бағасы мөлшері бір күнге 200 теңге болып белгіленсін.
Сыпырғыштарды сату бойынша есептесу:
Орташа айлық кіріс 100000 теңге.
Шығын 50000 теңге (50%)
Салық салу кірісі 50000 теңге
Айлық ЖТС бағасы 1500 теңге (50000х3%)
Бір күнгі ЖТС бағасы 50 теңге (1500/30)
Ұсыныс: біржолғы талон бағасы мөлшері бір күнге 50 теңге болып белгіленсін.
Орман жемістерін, бал, саңырауқұлақтар мен балықты сату бойынша есептесу:
Орташа айлық кіріс 70 000 теңге.
Шығын 40000 теңге (57%)
Салық салу кірісі 30000 теңге
Айлық ЖТС бағасы 900 теңге (30000х3%)
Бір күнгі ЖТС бағасы 30 теңге (900/30)
Ұсыныс: біржолғы талон бағасы мөлшері бір күнге 30 теңге болып белгіленсін.