О предоставлении льгот на спортивно – любительское рыболовство Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әуесқой - спорттық балық аулауға арналған рұқсат қағаздарын беру жөніндегі жеңілдіктер туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен. Тұрғындардың әлеуметтік жағынан қорғалмаған бөлігіне мемлекеттік қолдау мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыстың балық шаруашылығы су айдындарының барлық жүйелері мен жерлерінде қармақпен әуесқой – спорттық балық аулауға: мүгедектерге, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілгендерге; Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жоюға қатысқандарға; 14 жасқа толмағандарға; зейнетақыларының көлемі сегіз орташа айлық көрсеткіштен аспайтын зейнеткерлерге тегін қызмет көрсетілсін.
Тармақ 2
2. Облыс бойынша балық қорларын қорғау мен балық шаруашылығын реттеу жөніндегі мемлекеттік қызметі облыстың балық шаруашылығының су айдындарында әуесқой – спорттық балық аулауға берілетін жеңілдіктер тәртібінің сақталуына бақылау жасайтын болсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары А.И. Кошевойға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Облыс әкімінің 1996 жылғы 29 сәуірдегі осы мәселе жөніндегі № 1-53ө өкімі күшін жойған деп танылсын.