О правовом обеспечении дорожного хозяйства области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз ету туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімінің 29.10.2004 № 25 шешімімен. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» № 845 қаулысына сәйкес және облыс аумағынан өтетін жалпы пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының «Қазақ автомобиль жолы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Павлодар филиалына берілуіне байланысты ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Облыс аумағынан өтетін жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдары бойында қызмет көрсету объектілері мен жарнамаларын орналастырған барлық жеке және заңды тұлғалар: аталған объектілерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған қаулысымен бекітілген «Жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бойында қызмет көрсету объектілерін, жарнамаларды орналастыру және ақы төлеу ережелерінің» талаптарына сәйкестендірсін; қажетті құжаттарды «Қазақ автомобиль жолы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар филиалы мен облыс ішкі істер басқармасының жол полициясы басқармасымен келістірсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» № 845 қаулысының негізгі ережелері бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс тұрғын үй құрылысы және коммуналдық шаруашылық департаментіне жүктелсін.