О создании акционерного общества "Фонд науки" Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Ғылым қоры" акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасында ғылыми қызметтi және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
Тармақ 1
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Ғылым қоры" акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоғам қызметiнiң негiзгi мәнi елдегi ғылыми зерттеулердiң практикалық iске асырылуын қамтамасыз ететiн басымды, бастамашылық, тәуекелдi зерттеулердiң және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың дамуына жәрдемдесу болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруға заңнамада белгiленген тәртiппен 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 51500000 (елу бiр миллион бес жүз мың) теңге бөлсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: Қоғам акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетiне берсiн; Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Ғылым комитетiмен бiрлесiп:
Тармақша 1
1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен бөлiнетiн қаражаттан 51500000 (елу бiр миллион бес жүз мың) теңге мөлшерiнде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
Тармақша 2
2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн;
Тармақша 3
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат): "Астана қаласы" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-80-жолмен толықтырылсын: "21-80. "Ғылым қоры" АҚ";
Тармақша 2
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысында : көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi" деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 222-37-жолмен толықтырылсын: "222-37. "Ғылым қоры" АҚ";
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 21 шiлдедегi N 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2006 ж., N 27, 290-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ғылым комитетiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: "Акционерлiк қоғамдар" деген 3-бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-жолмен толықтырылсын: "21. Ғылым қоры".
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.