Об утверждении Правил осуществления туристской и рекреационной деятельности в государственных национальных природных парках Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiне және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлер, ғимараттар мен oбъектiлердi құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерiн, үйлер мен ғимараттарды ғылыми, туристiк және рекреациялық қызметтер үшiн жалға беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 ақпандағы N 240 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 10, 130-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 7 қарашадағы № 1063 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде (бұдан әрі – ұлттық парктер) туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары (бұдан әрі – бас жоспар) – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеменің құрамдас бөлігі болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақты және оның инфрақұрылымын жоспарлау жобасы;
Тармақша 2
2) туристік маршрут (бұдан әрi – маршрут) – туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы үшін жүру жолы, оны туристік оператор әзірлейді және ол туристік қызмет объектілеріне баруы егжей-тегжейлі регламенттелген (пайдаланылатын көлік, тоқтайтын орындар, бару объектілері, түнейтін жерлер, шұғыл жағдайлардағы медициналық көмек және басқа да жағдайлар) осындай баруды қамтиды;
Тармақша 3
3) туристiк соқпақ – жаяу, велосипедпен немесе атпен (салт атпен) жүруге арналған ұзыннан-ұзақ жер учаскесi;
Тармақша 4
4) құрылыс объектілері – салынуы бас жоспарда көзделген туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілер;
Тармақша 5
5) экологиялық туризм – табиғи объектілермен және дәстүрлі мәдениеттермен олардың копоненттерін жоймай және алып қоймай танысу мақсатында және жақын маңдағы елді мекендерде тұратын азаматтардың Кәсіпкерлік қызметін дамытуға ықпал ететін табиғи жерлерге саяхат.
Тарау 2. 2. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібі
2. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру тәртібі
Тармақ 3
3. Ұлттық парктерде туристік және рекреациялық қызмет әкiмшiлiк-шаруашылық мақсаттағы объектiлерді орналастыру, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң қорғалуын және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшін қажетті шаруашылық қызмет жүргiзу, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды ұйымдастыруды қоса алғанда, оған келушiлерге қызмет көрсету, рекреациялық орталықтар, жабайы жануарларды өсіруге және күтіп-бағуға арналған вольерлер, қонақ үйлер, кемпингтер, музейлер мен туристерге қызмет көрсетудiң басқа да объектiлерiн салуды және пайдалануды жүзеге асыру, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында рекреациялық жүктемелердің нормаларын ескере отырып, дем алу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай құрал-жабдығын жалға беру пункттерін орнату жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Ұлттық парктердегі туристік және рекреациялық қызметті туристік операторлық қызметке арналған лицензиясы болса, ұлттық парк тікелей, сондай-ақ туристік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады. Ұлттық парк туристік және рекреациялық қызметті ұйымдастыруды «ҚР СТ ISO 18065-2017. Табиғат қорғау аумақтарының әкімшілігі ұсынатын қоғамдық пайдалануға арналған туристік қызметтер» ұлттық стандартына сәйкес қамтамасыз етеді. Туристік қызмет көрсететін тұлғалар және туристер «СТ РК 2993-2017. Туристік қызметтер. Экологиялық туризм. Жалпы талаптар» ұлттық стандартының талаптарын ұстанады. Ұлттық парктер аумағында демалушы туристер үшін Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес сервитут белгіленеді.
Тармақ 5
5. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктердің учаскелері (бұдан әрі – учаскелер) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 29-бабында белгілеген шектеулермен жеке және заңды тұлғаларға жиырма бес жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға және бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға беріледі. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан жекеше әріптеске де қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыруға арналған учаскелер бас жоспарға сәйкес және қолданыстағы инфрақұрылымы бар туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана және жаңа инфрақұрылым құру үшін де пайдалануға беріледі. Аумағында автокөлік құралдарына арналған жолдар мен тұрақтар, туристік соқпақтар, маршруттар орналасқан ұлттық парктер учаскелері пайдалануға берілмейді.
Тармақ 6
6. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру кезінде жеке және заңды тұлғалар пайдалануға берілген учаскелерде туристерді қабылдайды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес өзінің жұмыскерлері мен келушілерге арнап ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін міндетті төлемдерді енгізуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 7
7. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық парктер ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) және ұлттық парктің ресми интернет-ресурстарында ұлттық парктердің туристік әлеуеті туралы ақпарат орналастырады.
Тармақ 8
8. Бивак аялдамалары мен тамашалау алаңдарын ұйымдастыру және олардың құрылғыларын пайдалану үшін жеке және заңды тұлғалар ұлттық паркпен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалану шартын жасасады. Ұлттық парктердің аумағында объектілерді орналастыруға арналған учаскелер туралы әлеуетті инвесторларды хабардар ету үшін уәкілетті орган мен ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында бас жоспардың үзіндісі орналастырылады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті органның жазбаша хабарламасына сәйкес құрылыс объектілері басқа тұлғаға берілген не шартта өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін ұзақ мерзімді пайдалануға берілген учаскені пайдалану құқығының ауысуына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың учаскені мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз ететін күйге келтіру және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарды орындау бойынша міндеттемелері сақталады.
Тармақ 10
10. Туристік соқпақтарды, маршруттарды орналастыруды жобалауды ұлттық парк және (немесе) ұлттық паркпен келісу бойынша туроператорлар жүзеге асырады.
Тармақ 11
11. Туристік соқпақты, маршрутты жобалау ол өтетін аумаққа зерттеу жүргізуді көздейді және ол:
Тармақша 1
1) қыстақтардың, бивак аялдамаларының (алаңқайларының), көлiкке арналған тұрақтардың, кемпингтердiң, шатырлы лагерьлердiң, тамашалау алаңдарының, суретке түсiру және қоғамдық тамақтандыру пункттерінің, туристiк мүкәммалдың, құрал-саймандардың және көлiк құралдарының қажеттi мөлшерiнiң есеп-қисабын;
Тармақша 2
2) туризм бойынша нұсқаушыларға, басқа да қызмет көрсетушi персоналға қажеттiлiктi айқындауды және оларды даярлауды ұйымдастыруды, маршрут сипатталған жарнамалық-ақпараттық материалдар дайындауды;
Тармақша 3
3) рекреациялық жүктеменiң есеп-қисабын қамтиды.
Тармақ 12
12. Экспедициялық зерттеу экологиялық және санитариялық-гигиеналық нормалар мен талаптарға сай келетiн, сондай-ақ туризмнiң нақты түрiн дамытудың шынайы мүмкiндiктерiн ескере отырып, табиғи жағдайлары қолайлы аумақтар бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Туристік соқпақты, маршрутты жобалау кезiнде нұсқаушылардың оны қауiпсiз жүрiп өту үшiн қажетті бiлiктiлiгi, оның ұзақтығы, ауданның климаттық, географиялық көрсеткiштерi, тау беткейлерінің еңісі және өзендер ағысының жылдамдығы ескерiледi.
Тармақ 14
14. Ұлттық парктердегі әрбір туристік соқпақтың, маршруттың уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша паспорттары болады.
Тарау 3. 3. Ұлттық парктің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға беру тәртібі
3. Ұлттық парктің учаскелерін құрылыс объектілері үшін ұзақ мерзімді пайдалануға беру тәртібі
Тармақ 15
15. Ұлттық парктің тендерге қойылатын учаскесін ұзақ мерзімді пайдалануға беру үшін ұлттық парк тендерлік құжаттама дайындайды, ол ұлттық парктің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 16
16. Тендерлік құжаттамада:
Тармақша 1
1) бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған тендерге қойылатын лот (лоттар);
Тармақша 2
2) тендердің өткізілетін уақыты мен орны туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) тендерлік өтінімдер берудің тәсілі, орны және соңғы мерзімі мен олардың қолданылу мерзімі;
Тармақша 4
4) пайдалану үшін учаске беру шарттары, оның нысаналы мақсаты;
Тармақша 5
5) жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ) әзірлеу және объектілерді салу мерзімі (бұл ретте ЖСҚ әзірлеу мерзімі күнтізбелік бір жылдан, ал объектіні салу мерзімі күнтізбелік үш жылдан аспайтын уақытқа белгіленеді);
Тармақша 6
6) инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін салу, құрылыс объектісіне іргелес аумақты абаттандыру, қабат саны, құрылыс кезінде қолданылатын материалдар, құрылыс кезінде жиналатын қалдықтарды кәдеге жарату жөніндегі талаптар;
Тармақша 7
7) құрылыс салынатын жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүлікті бұзуға байланысты барлық шығындарды Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес өтеу жөніндегі талаптар;
Тармақша 8
8) жер учаскесінің алаңы көрсетіліп, учаске схемасы қоса берілген оны таңдау актісі қамтылады.
Тармақ 17
17. Ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесі мүшелерінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аумағында ұлттық парк орналасқан тиісті облыстағы өңірлік кеңесі мүшелерінің, сондай-ақ әлеуетті қатысушылардың тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылауы тендерлік құжаттаманы бекітудің міндетті шарты болып табылады. Тендерлік құжаттаманың жобасы тендерді тендер өткізу туралы хабарландыру орналастырылғанға дейін күнтізбелік отыз күн бұрын ұйымдастырушының және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау мерзімі күнтізбелік жиырма күнді құрайды. Тендерлік құжаттамаға сұрақтар туындаған жағдайда, тендерлік құжаттаманы талқылауға қатысатын адамдар тендерлік құжаттаманың жобасы орналастырылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде тендерді ұйымдастырушыға тендерлік құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салумен жүгінуге және тендерлік құжаттаманың жобасына негізделген ұсыныстар енгізуге құқылы. Тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулер болмаған жағдайда оны бекіту туралы шешім қабылданады. Ескертулер болған жағдайда, тендерді ұйымдастырушы тендерлік құжаттаманы алдын ала талқылау мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) тендерлік құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
Тармақша 2
2) тендерлік құжаттаманың жобасына ескертулерді қабылдамау себептерінің негіздемелерін көрсетіп, оларды қабылдамайды;
Тармақша 3
3) тендерлік құжаттаманың ережелеріне түсініктеме береді. Көрсетілген шешімдер қабылданған күннен бастап тендерлік құжаттама бекітілген болып есептеледі. Тендерді ұйымдастырушы осы тармақтың бесінші бөлігінде көрсетілген шешімдердің бірін қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей ұлттық парктің ресми интернет-ресурсында тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ бекітілген тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастырады. Тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында тендерлік құжаттаманың жобасына келіп түскен ескертулер мен олар бойынша қабылданған шешімдер туралы ақпарат қамтылуға тиіс.
Тармақ 18
18. Ұлттық парк тендер өткізілгенге дейін кемінде күнтізбелік отыз күн қалғанда Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парк пен уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында алдағы тендер туралы хабарландыру орналастырады. Тендер өткізу туралы хабарландыруда тендерді ұйымдастырушының атауы мен орналасқан жері, қысқаша сипаттамасымен қоса тендерге қойылатын лоттардың тізбесі, тендерлік құжаттаманы алу орны мен тәсілдері, тендерлік өтінімдерді берудің орны мен соңғы мерзімі, тендерлік комиссия хатшысының байланыс деректері, (оның ішінде) электрондық мекенжайы көрсетіледі.
Тармақ 19
19. Тендерлік комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұлттық парк басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына ұлттық парктің, жергілікті атқарушы органдардың туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі жергілікті органының, үкіметтік емес ұйымдардың (келісу бойынша), ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны тақ, кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссияның төрағасы болып ұлттық парктің басшысы немесе оны алмастыратын адам, хатшысы болып ұлттық парктің комиссияның құрамына кірмейтін қызметкері тағайындалады.
Тармақ 20
20. Тендерлік құжаттаманы алу үшін әлеуетті қатысушы ұлттық паркке лоттарды көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді. Өтініш осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген мекенжайға электрондық хат арқылы жіберілуі мүмкін.
Тармақ 21
21. Ұлттық парк тендердің әлеуетті қатысушыларын тіркегенге дейін тендерлік құжаттама алған тұлғаларға туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген учаскелермен танысуға мүмкіндік береді.
Тармақ 22
22. Тендердің әлеуетті қатысушысы тендерлік құжаттамада белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес тендерлік өтінім дайындайды және оны жабық конвертте ұлттық паркке тіркеуге ұсынады. Тендерлік өтінім тіркелген сәттен бастап тендерлік өтінім берген тұлға тендерге қатысушы мәртебесін алады. Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетел қатыспайтын заңды тұлғаларына тендерге қатысуға рұқсат беріледі.
Тармақ 23
23. Тендерге қатысушы мынадай құжаттарды (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) ұсынады:
Тармақша 1
1) лоттар көрсетілген тендерге қатысуға арналған тендерлік өтінім;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) техникалық ерекшеліктер (ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды және халықаралық немесе ұлттық стандарттарға сілтемелерді, бірыңғай нормалар мен қағидаларды қоса алғанда, ұсынылып отырған жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамасы);
Тармақша 4
4) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі;
Тармақша 5
5) объектілер салу кезінде көзделетін жұмыстарды орындауға қойылатын талаптарға сәйкес берілген рұқсатнама құжаттарының көшірмелері немесе көшірмелері қоса берілген тиісті рұқсатнама құжаттары бар ұйымдармен жасалған шарттардың көшірмесі;
Тармақша 6
6) объектілерді салуға жеткілікті қаржы қаражатының болуы немесе қарыз қаражатына қолжетімділік не тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы құжаттар. Қаржы қаражатының болуы тендерге қатысу үшін ұсынылған сәтке дейін күнтізбелік үш айдан кешіктірмей екінші деңгейдегі банк берген анықтамамен расталады. Тендерге қатысушы жобаның қаржы-экономикалық моделіне қоса, жобаның бизнес-жоспарын қоса береді;
Тармақша 7
7) құрылыс объектілерінің болжанып отырған эскизі (эскиздік жобасы).
Тармақ 24
24. Тендерге қатысуды шектейтін және орынсыз қиындататын басқа талаптарды белгілеуге жол берілмейді.
Тармақ 25
25. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді комиссия хатшысы қатысып отырған адамдарға тендерге қатысушылардың атаулары мен орналасқан жерлерін, олар қатысуды жоспарлап отырған лоттардың атауларын, тендерге ұсынылған құжаттардың тізбесін бір мезгілде хабарлай отырып ашады.
Тармақ 26
26. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қойып, расталған көшірмелер тендерге қатысушыларға беріледі.
Тармақ 27
27. Тендерлік өтінімдерді бағалауды комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өткізеді.
Тармақ 28
28. Басқа үміткерлер болмаған кезде тендердің жалғыз қатысушысы, егер ол осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген талаптарды сақтаса, тендер жеңімпазы болып танылады.
Тармақ 29
29. Егер тендерге қатысушылардың тендерлік өтінімдерін комиссия тендерлік құжаттаманың шарттарына сай келмейді деп таныса, тендер өткізілмеді деп есептеледі.
Тармақ 30
30. Тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдау комиссияның отырысында жүргізіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы шарт. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі ол үшін дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссияның кез келген мүшесі комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндап, ұлттық парк учаскелерін ұзақ мерзімді пайдалануға беруге арналған тендер қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі – тендер қорытындыларының хаттамасы) қоса береді.
Тармақ 31
31. Әрбір лот бойынша тендер қорытындыларының хаттамасына комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері, хатшысы қол қояды және онда мынадай ақпарат қамтылады:
Тармақша 1
1) отырысқа қатысқан комиссия мүшелерінің тізімі;
Тармақша 2
2) өтінім берушінің атауы және оның заңды мекенжайы;
Тармақша 3
3) ұзақ мерзімді пайдалануға берілетін жер учаскесінің орналасқан жері және алаңы;
Тармақша 4
4) тендерлік өтінімдерді бағалау;
Тармақша 5
5) комиссияның шешімі.
Тармақ 32
32. Ұлттық парк тендер қорытындыларының хаттамасына қол қойылған сәттен бастап тендер жеңімпазына тендер нәтижелері туралы хабарлама жібереді және он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскені ұзақ мерзімді пайдалану шартын (бұдан әрі – шарт) жасайды. Шарт жасалғаннан кейін тендер жеңімпазы ұлттық парктің учаскесін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) болып танылады.
Тармақ 33
33. Тендер жеңімпазының шарт жасасу үшін өзіне хабарлама жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде келмеуі ұлттық парктің учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады. Бұл жағдайда комиссия жеңімпазды ұлттық парктің учаскесін ұзақ мерзімді пайдалану бойынша ең қолайлы шарттар ұсынған тендерге қатысушылардың қалғандарының арасынан айқындайды не бұл лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі тендерге шығарылады.
Тармақ 34
34. Тендер нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын ұлттық парк тендер өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парк пен уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 35
35. Тендерге қатысушы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда тендер нәтижелеріне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 36
36. Шарт жасалған күннен бастап күнтізбелік бір жыл ішінде пайдаланушы эскизге (эскиздік жобаға) сәйкес әзірленген ЖСҚ дайындауды жүзеге асырады және оны құрылыстың күнтізбелік жоспарымен бірге ұлттық паркке ұсынады. ЖСҚ және құрылыстың күнтізбелік жоспары ұсынылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұлттық парк ЖСҚ-ны келісуді жүргізеді.
Тармақ 37
37. Ұлттық паркпен келісілген ЖСҚ-ны күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей пайдаланушы «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 64-1-бабына сәйкес ведомстводан тыс кешенді сараптамаға жібереді.
Тармақ 38
38. Пайдаланушы ЖСҚ-ға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ұлттық паркті алдын ала жазбаша нысанда хабардар етіп, объектілердің құрылысын бастайды.
Тармақ 39
39. Учаскені ұзақ мерзімді пайдалану шартында пайдаланушы ЖСҚ-ны уақтылы әзірлемеген және (немесе) тендерлік құжаттамада белгіленген құрылыс мерзімін бұзған жағдайда оны біржақты тәртіппен бұзудың негіздері қамтылады. Шартты екі тараптың келісімімен ғана өзгертуге немесе бұзуға болады. Келісімге қол жеткізілмеген не тараптардың бірі бас тартқан жағдайда, дау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Тармақ 40
40. Учаскені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұлттық парктің учаскесін пайдалану мерзімін ұзартуға басым құқығы болады.
Тарау 4. 4. Ұлттық парктің учаскелерін уақытша объектілерді орналастыру үшін қысқа мерзімді пайдалануға беру
4. Ұлттық парктің учаскелерін уақытша объектілерді орналастыру үшін қысқа мерзімді пайдалануға беру
Тармақ 41
41. Тарихи-мәдени мұра объектілері орналасқан учаскелерді қоспағанда, ұлттық парктің учаскелері қысқа мерзімді пайдалануға рекреациялық жүктемелердің нормаларын ескере отырып, уақытша объектілер (шатырлы лагерлер, қоғамдық тамақтандыру объектілері, бивак аялдамалары мен тамашалау алаңдары, жағажайлар, қайық станциялары, велосипедтер мен суда жүзетін көлік түрлерін және жағажай мүкәммалын жалға беру пункттері), бал арасын өсірумен айналысу үшін қажет уақытша құрылыстар салып, стационарлық омарталар орналастыру үшін беріледі. Учаскелер бас жоспарға сәйкес туристік соқпақтардың, маршруттардың бойында, сондай-ақ олардан бөлек жерлерден беріледі.
Тармақ 42
42. Ұлттық парк конкурсқа шығарылатын ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалануға беруге конкурстық құжаттама дайындайды, ол ұлттық парктің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
Тармақ 43
43. Конкурстық құжаттамада:
Тармақша 1
1) бас жоспарға сәйкес қалыптастырылған конкурсқа шығарылатын лот (лоттар);
Тармақша 2
2) конкурстың өткізілетін уақыты мен орны туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) конкурстық өтінімдер берудің тәсілі, орны және түпкілікті мерзімі мен олардың қолданылу мерзімі;
Тармақша 4
4) пайдалану үшін учаске беру шарттары, оның нысаналы мақсаты;
Тармақша 5
5) жер учаскесінің ауданы көрсетіліп, учаске сызбасы қоса берілген таңдау актісі қамтылады.
Тармақ 44
44. Әлеуетті қатысушылардың конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылауы осы Қағидалардың 17-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 45
45. Алдағы болатын конкурс туралы хабарландыруды орналастыру осы Қағидалардың 18-тармағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 46
46. Конкурстық комиссия (бұдан әрі – комиссия) ұлттық парк басшысының бұйрығымен құрылады, оның құрамына ұлттық парктің, жергілікті атқарушы органдардың туризмді дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшесінің, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, үкіметтік емес ұйымдардың (келісу бойынша), ұлттық парк жанындағы үйлестіру кеңесінің өкілдері кіреді.
Тармақ 47
47. Конкурстық құжаттаманы алу үшін әлеуетті қатысушы ұлттық паркке лоттарды көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді. Өтінішті осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген мекенжайға электрондық хат арқылы жіберуге болады.
Тармақ 48
48. Ұлттық парк конкурстың әлеуетті қатысушыларын тіркегенге дейін конкурстық құжаттаманы алған тұлғаларға туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген учаскелермен танысуға мүмкіндік береді.
Тармақ 49
49. Конкурстың әлеуетті қатысушысы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен мерзімдерге сәйкес конкурстық өтінім дайындайды және жабық конвертте ұлттық паркке тіркеуге ұсынады. Конкурстық өтінім тіркелген сәттен бастап конкурстық өтінім берген тұлға конкурсқа қатысушы мәртебесін алады. Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының шетел қатыспайтын заңды тұлғаларына тендерге қатысуға рұқсат беріледі.
Тармақ 50
50. Конкурсқа қатысушы мынадай құжаттарды (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) ұсынады:
Тармақша 1
1) лоттар көрсетілген конкурсқа қатысуға арналған конкурстық өтінім;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар үшін – жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі, жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерін, санитариялық-гигиеналық және өртке қарсы іс-шараларды сақтау жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, ұлттық парктің учаскесін пайдалану және абаттандыру жоспары;
Тармақша 4
4) тендерге қатысушының уақытша объектілер орналастыруға жеткілікті қаржы қаражатының болуы немесе қарыз қаражатына қолжетімділік не тиісті материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы құжаттар;
Тармақша 5
5) жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындарын құруды және мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін жағдай жасауды ескере отырып, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерінің, сондай-ақ оның аумағында орналасқан тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған ұсынылатын қызметтер мен жұмыстардың тізбесі.
Тармақ 51
51. Конкурсқа қатысуды шектейтін және орынсыз қиындататын басқа талаптарды белгілеуге жол берілмейді.
Тармақ 52
52. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу осы Қағидалардың 25-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 53
53. Конкурстық өтінімдер салынған конверттерді ашу нәтижелері бойынша конверттер ашылған күні комиссия хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған комиссияның барлық мүшелері қол қойып, расталған көшірмелер конкурсқа қатысушыларға беріледі.
Тармақ 54
54. Конкурстық өтінімдерді бағалауды комиссия конверттер ашылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде өткізеді.
Тармақ 55
55. Басқа үміткерлер болмаған кезде конкурстың жалғыз қатысушысы, егер ол осы Қағидалардың 50-тармағында көзделген талаптарды сақтаса, конкурс жеңімпазы болып танылады.
Тармақ 56
56. Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін комиссия конкурстық құжаттаманың шарттарына сай келмейді деп таныса, конкурс өткізілмеді деп есептеледі.
Тармақ 57
57. Конкурсқа қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдау комиссияның отырысында жүргізіледі, бұл ретте комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің қатысуы шарт. Комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер комиссияның қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілігі ол үшін дауыс берсе, қабылдады деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссияның кез келген мүшесі комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда ерекше пікірін білдіреді, оны жазбаша түрде баяндап, ұлттық парк учаскелерін қысқа мерзімді пайдалануға беруге арналған конкурс қорытындыларының хаттамасына (бұдан әрі – конкурс қорытындыларының хаттамасы) қоса береді.
Тармақ 58
58. Әрбір лот бойынша конкурс қорытындыларының хаттамасына комиссияның қатысып отырған барлық мүшелері, хатшысы қол қояды және онда осы Қағидалардың 31-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат қамтылады.
Тармақ 59
59. Конкурс қорытындылары хаттамасының негізінде ұлттық парк жеті жұмыс күні ішінде конкурс жеңімпазына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес конкурс нәтижелері және қысқа мерзімді шарт (бұдан әрі – шарт) жасасу туралы хабарлама жібереді. Шарт жасалғаннан кейін конкурс жеңімпазы ұлттық парктің учаскесін пайдаланушы (бұдан әрі – пайдаланушы) болып танылады.
Тармақ 60
60. Конкурс жеңімпазының шарт жасасу үшін өзіне хабарлама жіберілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келмеуі ұлттық парктің учаскесін пайдаланудан бас тарту ретінде қаралады. Бұл жағдайда комиссия жеңімпазды ұлттық парктің учаскесін қысқа мерзімді пайдалану бойынша ең қолайлы шарттар ұсынған конкурсқа қатысушылардың қалғандарының арасынан айқындайды не бұл лот осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен келесі конкурсқа шығарылады.
Тармақ 61
61. Конкурс нәтижелері мен қорытындыларының хаттамасын ұлттық парк конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық парк пен уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 62
62. Конкурсқа қатысушы комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда конкурс нәтижелеріне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Тармақ 63
63. Учаскені пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін пайдаланушының ұлттық парктің учаскесін пайдалану мерзімін ұзартуға басым құқығы болады.