Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы туралы Күшін жойған
Басқа 0
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қазандағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы , Қазақстан Республикасы Заңына "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы" сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса тіркелген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ж.Қ.Қадырбековке жүктелсін.
Басқа 3
Шымкент қаласы әкімдігінің
2006 жылғы 19 маусымдағы
N 591 қаулысымен бекітілген
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу қағидасы.
Тарау 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Бұл тәртіп "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және нысаналы топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің іріктеу қағидасы белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін жергілікті атқарушы органмен (оның уәкілетті органымен) шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
Тармақша 2
2) жұмысқа орналастыру - халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық іс-шаралар кешені;
Тармақша 3
3) нысаналы топтар - жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде осы заңмен белгіленген адамдар топтары;
Тармақша 4
4) жұмыс беруші - қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган - жергілікті атқарушы органдардың аймақтық деңгейде халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу үшін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі - уәкілетті орган);
Тармақ 3
3. Жұмыс іздеп жүрген, бірақ уәкілетті орган жұмыссыз деп танымаған шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға осы Ереже қолданылмайды.
4.Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтіндердің еңбек және басқа қатынастары Қазақстан Республикасының заңдарымен реттестіріледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру
Тармақ 5
5. Жұмыс беруші, нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін, уәкілетті органмен шарттық негізде жұмыс орындарының саны шектелмейтін және уақытша сипаттағы әлеуметтік жұмыс орындарын құрады. Оны ұйымдастыру үшін тұрақты жұмыс орындары мен лауазымдар пайдаланылмайды.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрмақшы болуға тілек білдірген жұмыс берушілер, уәкілетті органға құрылатын әлеуметтік жұмыс орындарының саны, еңбек ақы мөлшері көрсетілген еркін нысанды өтініш береді және оған мына құжаттарды қоса тапсырады:
кәсіпорынның, мекеменің жарғысының көшірмесі;
кәсіпорынның, мекеменің мемлекеттік тіркеу куәлігінің көшірмесі;
мәлімет берер күнге дейінгі соңғы айда төлем ақы қарызының жоқтығы туралы салық комитетінің анықтамасы;
Тармақ 7
7. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеп, тізімін жасауды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төмендегі сипаттар негізінде жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) қаржы ауқаттылығы;
Тармақша 2
2) материалдық базасының барлығы және техникалық жарақталынуы;
Тармақ 8
8. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын жұмыс берушілердің тізімін уәкілетті орган жасайды және олармен үш жақты шарт "Уәкілетті орган - Жұмыс беруші - Қызметкер" жасасады. Тараптардың әр қайсысында шарттың бір данасынан сақталады.
Тармақ 9
9. Шартта жұмыс уақыты режиміне байланысты еңбек қатынастарын реттеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, еңбек ақы төлеу шарттары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзімі мен көздері, шартқа өзгерістер енгізу мен бұзу тәртібі және басқа да еңбек заңнамаларында көзделген мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан нысаналы топтардағы жұмыссыздардың жұмыс істеу мерзімі бір жылға дейін болуы мүмкін. Еңбек шартының ұзақтығы алты айдан асқан жағдайда, жұмыс беруші бұл қызметкерді тұрақты жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.
Тарау 3. 3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу
3. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнына жіберу
Тармақ 11
11. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберуді үш жақты жасасқан шарттың негізінде, жұмыссыздың келісімі мен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Жұмыс беруші жұмыссызды жұмысқа қабылдағандығы туралы бұйрықтың көшірмесін үш күн мерзімде уәкілетті органға береді.
13.Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздар, өз бетінше себепсізден жұмысты тоқтатқан жағдайда, жұмыссыз ретінде қайтадан тіркелген күннен үш ай өткеннен кейін әлеуметтік жұмыс орнына жаңадан жіберілуі мүмкін.
Тарау 4. 4. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбекақы төлеу
4. Нысаналы топтардан әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған адамдарға еңбекақы төлеу
Тармақ 14
14. Қызметкердің еңбекақысы Шымкент қаласы бойынша 2006-2008 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес төленеді.
Тармақ 15
15. Жалақының мөлшері орындалатын жұмыстың саны мен сапасына және күрделілігіне байланысты белгіленеді, бірақ ол Қазақстан Республикасының заңдарында ағымдағы жылға белгіленген ең төмен жалақы мөлшерінен кем болмауы керек.
Тармақ 16
16. Көрсетілген санаттағы қызметкерлердің бюджет қаражаты есебінен берілетін еңбекақысы үш жақты келісімнің негізінде екінші деңгейдегі банктегі қызметкердің жеке есебіне аудару арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Қызметкер, банк мекемелерінің филиалында ашқан жеке есебі туралы уәкілетті органға мәлімет береді.
Уәкілетті орган қаражатты аударуды, жұмыс беруші берген қызметкерді жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі және жұмыс уақытына есеп жүргізу табелінің негізінде жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Мерзімінен тыс жұмыстарға, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыстарға, түнгі уақыттағы еңбекке ақы төлеу Қазақстан Республикасының еңбек заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейтін адамдардың жалақыларына салық салынады және заңдарда белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдар жасалынады.
Тармақ 19
19. Қызметкердің еңбекке уақытша жарамсыздығына, еңбек міндетін атқару кезінде жарақаттануы немесе денсаулығына басқалай зиян келтірілуіне байланысты әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуді жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орындайды.
Тарау 5. 5. Есеп берушілік
5. Есеп берушілік
Тармақ 20
20. Нысаналы топтардағы жұмыссызды әлеуметтік жұмыс орнына қабылдаған жұмыс беруші, оларды тұрақты жұмысқа ауыстырғаны және жұмыстан босатқаны туралы (бұйрықтың көшірмесін қоса береді) үш күн мерзім ішінде уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.
Тармақ 21
21. Қалалық жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген жұмыссыздардың жұмыспен қамтылуына тұрақты мониторинг жүргізеді және олардың жұмыспен қамтылуы туралы Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментіне тоқсан сайын ақпарат береді.