О выделении туберкулезных отделений из состава центральных районных больниц Күшін жойған
Басқа 0
Туберкулез бөлімшелерін орталық аудандық ауруханалардың құрамынан бөліп шығару туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Әділет департаментінің 20.09.2004 жергілікті мемлекеттік басқару органдарының нормативті құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы қорытындысымен.
Ауылдық жерлерде туберкулезбен күрес жөніндегі шаралардың тиімділігі арттыру мақсатында ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Успенка орталық аудандық ауруханалары базаларының негізінде мемлекеттік мекемелердің құрылуына байланысты туберкулезге қарсы бөлімшелер олардың құрамынан бөлініп шығарылсын және заңда қарастырылған тәртіпте тіркеуден өткізілсін.
Тармақ 2
2. Облыс денсаулық сақтау департаменті туберкулез ауруханаларын қаржыландыру сметасын дайындап , оны облыс бойынша қаржы басқармасына тапсырсын.
Тармақ 3
3. Облыс бойынша қаржы басқармасы:
туберкулез ауруханаларын қаржыландыру көзі етіп облыстық бюджетті белгіленсін, оны анықтаған кезде тиісті өзгертулер енгізсін;
облыс әкімінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламаларды басқаратын әкімшілік - мекемелердің мәселелері туралы» № 15 шешіміне тиісті толықтырулар енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Н. Түменоваға жүктелсін.