Об определении усредненного тарифа за проезд по маршрутам регулярных городских и соединяющих населенные пункты автомобильных перевозок пассажиров и багажа в городе Аксу Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласында жолаушылар мен теңдеме жүктерді автомобильмен тасымалдаулардың жиі қатынайтын қалалық және ауылдық елді мекендерді қосатын бағыттар бойынша жол жүру бағасына өлшемді орташаландырылған тарифті белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылы 10 наурыздағы № 113-1 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылы 26 сәуірдегі № 101 бұйрығымен бекітілген Жиі қатынайтын қалааралық облыс ішіндегі, калалық, қала маңындағы мен елді мекендерді қосатын: аудандық немесе облыс орталығымен кенттер, ауылдар (селолар), республикалық маңыздағы қалалармен (астанамен) - жолаушылар мен теңдеме жүктерді автомобильмен тасымалдау тарифіне есеп әдістемесін басшылыққа ала отырып, Ақсу қаласында жолаушылар мен теңдеме жүктерді жиі қатынайтын тасымалдауларды ұйымдастыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласында жолаушылар мен теңдеме жүктерді автомобильмен тасымалдаулардың жиі қатынайтын қалалық және ауылдық елді мекендерді қосатын бағыттар бойынша жол жүру бағасына ұсынылып отырған өлшемді орташаландырылған тариф № 3, 4, 4У, № 2, № 10 қалалық жиі қатынайтын бағыттарда бір рет жүру құны бір адамға 42 теңге мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
2. "Ақсу қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі: Ақсу қаласында жолаушылар теңдеме жүктерді қалалық автомобиль тасымалдаулары ұйымдарының келісімшарттарьна тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін; жиі қатынайтын бағыттарда жолаушылардың жол жүру құнының өзгергендігі туралы, олар күшіне енгенге дейін он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты хабардар етсін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне ақпарат ұсынсын.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Стрельбаға жүктелсін.