Жаңаарқа ауданында тұратын аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
«Жаңаарқа ауданында тұратың аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы»
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 97 баптың 2 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 қыркүйектегі «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы» қаулысын басшылыққа алып, аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы бекітілсін. (Қоса беріліп отыр).
Тармақ 2
2. Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 9 маусымдағы кезектен тыс XXVII сессиясының «Аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасын бекіту туралы» аудандық әділет басқармасында тіркелген, мемлекеттік тіркелу нөмірі 8-12-19, 2006 жылғы 7 шілдедегі, «Жаңаарқа» газетінің 2006 жылғы 29 шілдедегі № 36 (9164) санында жарияланған, № 27/228 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
18.10.2006ж.
«Жаңаарқа ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» ММ бастығы
Ш. Ибраева
Басқа 5. Жаңаарқа ауданында тұратың аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасы:
Жаңаарқа аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы
18 қазандағы XXIX-сессиясының
№ 29/244 шешімімен бекітілген
Жаңаарқа ауданында тұратың аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасы:
Жаңаарқа ауданында тұратың аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдемақыларды беру және аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы берудің Қағидасы (әрі қарай Қағида) Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 09 қыркүйектегі № 949 «Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу Ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес әзірленген және аз қамтылған азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын беру тәрібін белгілейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қағидада мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) Жәрдемақыны беру жөніндегі уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелегентүрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;
Тармақша 2
2) жиынтық табыс - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы соммасы;
Тармақша 3
3) отбасы – заңнамада белгіленген тәртіппен бір мекен-жай бойынша бірге тұратын және тіркелген, отбасы құрамында тұратын некеден, туыстық, асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың басқа да үлгілерінен шығатын мүліктік және мүліктік емес құқықтармен және міндеттермен байланысатын тұлғалар саны;
Тармақша 4
4) өтініш беруші (жеке тұлға) - жеке өз басы немесе отбасы атынан тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш беруші тұлға (бұдан әрі- өтініш беруші);
Тармақша 5
5) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау жөніндегі уәкілетті орган- қаланың, ауданның жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі - уәкілетті орган);
Тармақша 6
6) тұрғын үй жәрдемақысы- тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметті тұтыну, төлем шығындарын қайтару үшін, сондай-ақ аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылулары бойынша тұрғындардың аз қамтылған топтарына берілетін өтемақы
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жәрдемақысы тұрғылықты мекен-жайда тұрақты тұратын адамдарға мынандай жағдайда, егер тұрғын үйді күтіп ұстау мен коммуналдық қызметті тұтыну төлеміне шыққан шығын тұрғын үй алаңының мөлшері шегінде болса, нақты тұратын жалпы алаң көлемінен жоғары болмай және осы мақсатқа жіберілетін шығындар шегіндегі үлестен артпайтын отбасы бюджетінің коммуналдық қызметті тұтыну мен тұрғын үйді ұстауға, сонымен қатар аудандық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына шыққан шығындар мөлшерлері болса ғана беріледі. Тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұтынған коммуналдық қызметтер төлеміне шыққан шығындар шегіндегі үлесі 20% мөлшерінде отбасының жиынтық табысымен белгіленеді.
Тарау 2. 2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
2. Көрсетілетін тұрғын үй жәрдемақысының мөлшерін анықтау
Тармақ 3
3. Тұрғын үй жәрдемақысы өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органдарымен келесі мөлшерде беріледі:
Тармақша 1
1) өтемақымен қамтылған тұрғын үй алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен бекітілген (18 шаршы метр) отбасының әр мүшесіне ұсынылған тұрғын үй нормаларына балама, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызілікті азаматтар үшін - 30 шаршы метр;
Тармақша 2
2) бір адамға тұтынылған коммуналдық қызметтер мөлшері:
газ:
орталықтандырылған ыстық су болмаған жағдайда - айына 10 килограмм;
қатты отын:
1 шаршы метр алаңды жылытуға - 1-2 қабатта салынған үйлер үшін 346 килограмм (жылу беру мерзімі 7 айға есептегенде), үйге 5 тонна көмірден артық болмауы тиіс.
Тұрғын үй жәрдемақысын есептеу барысында статистика органдарының мәліметтері бойынша өткен тоқсандағы облыстың қалалары мен аудандарында қалыптасқан көмір бағасы пайдаланылады.
отбасына электр қуатын тұтыну:
газ плитасы бар үйлерде - 150 киловатт.
Тармақша 3
3) суық суды, канализацияны, ыстық суды, қоқыс төккішті, эксплуатациялық шығындарды тұтыну нормалары (пәтер меншіктерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері және әрі қарай) басқару үлгісіне байланыссыз тарифтерді бекітетін органдармен белгіленеді.
Тармақша 4
4) тұрғын үй төлемі мен коммуналдық қызметке белгіленген мөлшерден жоғары тұтыну жалпы негізде жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі
3. Тұрғын үй жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәрібі
Тармақ 4
4. Тұрғын үй жәрдемақылар осы елді мекенде тұрақты тұратын және үй иелері немесе пайдаланушысы болып табылатын (жалға алушы, жалдаушы) жеке тұлғаларға тағайындалады. Отбасы құрамында балалары, немерелері бірге тұратын, пәтер иесі болып табылатын зейнеткерлерге жәрдемақы балалары мен немерелері есепке алынбай тағайындалады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй жәрдемақыларды, уәкілетті органға өтініш берілген айдан бастап 6 айға тағайындалады, онымен қатар тұрғын үй жәрдем ақысын алушылардың қайта тіркелуі жүргізіледі, бұрын тағайындалған жәрдемақыларға қайта есептеу жұмыстары жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жеке меншігінде бірнеше үйі бар (пәтер, үй) немесе тұрғын үйлерін жалға беретін (жалдайтын) немеісе жалдайтын отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтарын жоғалтады.
Тармақ 7
7. Егер де күтімді қажет етеді деп танылған он сегіз жастан асқан азаматтарға және мүгедектерге күтім жасайтын, 3 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеу (бір немесе бірнешеу) және сондай-ақ және одан да көп баланы - бірінші сыныпты ең кіші баланың аяқтауына дейін (бірақ 9 жастан жоғары емес) тәрбиелеуменн айналысатын адамдарды есепке алмағанда отбасында жұмыс істеуге қабілеті бар адамдар тұрса, еш жерде жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздығы жөнінде тіркелмеген адамдардың тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқықтары жоқ.
Тармақ 8
8. Дау-жанжал туған кезде немесе сәйкес келмейтін жағдайлар болған кезде тұрғын үй жәрдемақысы туралы мәселені шешу үшін уәкілетті орган жанындағы арнайы комиссияның қарауына енгізіледі. Комиссия шешімімен келіспеген жағдайда жәрдемақыға үміткер тұлға оны сот арқылы шешіп алуға құқығы бар.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй жәрдемақысының мөлшері түрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтер және қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттеріне телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына нақты төлемақыны аудару соммасынан артуы тиіс емес.
Тармақ 10
10. Қолма-қол үлгісі ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үй жәрдемақысының төлемі жәрдемақылар төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдар бюджет қаражаты есебінен азаматтардың салымы бойынша есеп шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Есеп шотқа тұрғын үй жәрдемақысының сомаларын аудару кезінде уәкілетті орган салым салушыларының бір жолғы тапсырмалары негізінде тұрғын үй жәрдемақысы сомалары салымынан аудару үшін банктік есеп-қисаптың формаларын толтыру жолымен бөлінген қаржыны мақсатты пайдалануларын тексеру қажет.
Тармақ 12
12. Уәкілетті органдар тұрғын үй жәрдемақысын алғаннан кейін коммуналдық қызметтер мен тұрғын үйді ұстауға шыққан нақты шығындарды 1 айдың ішінде дәлелсіз себептермен төлемеген (науқастануы, уақытша болмауы және тағы басқалар) азаматтарға тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауды тоқтатып берілмесін. Тұрғын үй жәрдемақысын тоқтатып, оны бермеу туралы мәселесін комиссия тұрғын үй жәрдемақы алушысының қатыстыруымен қарайды. Комиссия шешім көшірмесін өтініш берушіге тапсырады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй жәрдемақылары төлемдерін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
Тарау 4. 4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері
4. Тұрғын үй жәрдемақыларды беру мерзімдері
Тармақ 14
14. Тұрғын үй жәрдемақылар тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады. Тұрғын үй жәрдемақысын алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.
Тоқсан сайын отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күннен бастап емес, тұрғын үй жәрдемақысын бір тоқсанға алады.
Ағымдағы тоқсан бойы отбасы құрамы және табыстары туралы мәліметтерді ұсынбаған отбасылар, себебіне қарамай, тұрғын үй жәрдемақыларды есептеу құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй жәрдемақсын алушылар 15 күннің ішіңде тұрғын үй жәрдемақсын алу құқығына және мөлшеріне әсер ететін жағдайлар жөнінде уәкілетті органдарға хабарлауы керек.
Тармақ 16
16. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге рұқсат етілетін шығындар шегінің үлесі, коммуналдық қызметтердің тарифтері өзгерген жағдайда бұрында тағайындалған жәрдемақылар тиісті өзгерістер болған уақыттан бастап қайта тағайындалады.
Тармақ 17
17. Жәрдемақыға құқтыларды анықтау кезде басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген адамдар есепке алынбайды.
Тарау 5. 5. Тұрғын үй жәрдемақылаын өтіну және есептеу тәртібі.
5. Тұрғын үй жәрдемақылаын өтіну және есептеу тәртібі.
Тармақ 18
18. Тұрғын үй жәрдемақыларын тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға келесі құжаттармен өтінеді
Тармақша 1
1) тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау туралы өтініш;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) тұрғын үйге құқығын анықтайтын құжаттардың көшірмесі (ордер, тұрғын үй жекешелендіргені туралы келісім-шарт, сату-сатын алу келісім шарты, сыйға беру келісім шарты, мұрагерлік құқығы жөніндегі куәлік, жалдау (жалға алу) келісім шарты, меншік құқығын тану жөніндегі сот шешімі және басқалар);
Тармақша 4
4) отбасы құрамын (азаматтарды тіркеу кітабы, пәтердің карточкасы, үй кітабы) және тұрғылықты жерін анықтайтын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 5
5) өтініш берушінің отбасы жағдайын анықтайтын құжаттың (неке туралы немесе некені бұзу туралы куәлік, жалғызбасты 65 жастан асқан адамдарды қоспағанда) көшірмесі;
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерінің қызмет түрі жөнінде мәлімет (еңбек кітапшасының көшірмесі, жұмыс орнынан анықтама және басқалар);
Тармақша 7
7) тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге төлеу жөніндегі шығындар туралы мәліметтер (түбіртек);
Тармақша 8
8) өтініш берушінің аудандық телекоммуникациялар желісінің абонементі екендігін анықтайтын (келісім шарт немесе телекоммуникация қызметтер есебінің түбіртегі) құжаттың көшірмесі;
Тармақша 9
9) отбасы мүшелерінің табысы жөнінде мәлімет;
Тармақша 10
10) жұмыссыздар тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органның анықтамасын тапсырады;
Тармақша 11
11) Аз қамтылған азаматтардың материалдық-тұрмыстық жағдайының тексеру актісі.
Тармақ 19
19. Құжаттың түпнұсқасымен және көшірмесі салыстырып тексеру үшін тапсырылады, одан соң түпнұсқа өтініш берушіге қайтарылып беріледі.
Тармақ 20
20. Қажеттілігіне қарай уәкілетті орган тұрғын үй жәрдемақысын тағайындауға өтініш біддірген отбасының материалдың-тұрмыстық жағдайын тексеруге кұқығы бар (арнаулы комиссияның тапсырысы бойынша). Тексеру актісі тұрғын үй жәрдемақысын алушының жеке ісіне тіркеледі.
Тармақ 21
21. Тапсырылған құжаттарды қарау нәтижесінде отбасына тұрғын үй жәрдемақысын беру жөнінде келісім-шарт жасалады. Келісім-шарт екі данада жасалып, оның біреуі тұрғын үй алушыда сақталады. Аталған келісім-шарт тұрғын үй жәрдемақысын беру үшін негіз болып табылады. Уәкілетті органмен ай сайын тұрғын үй жәрдемақысын тағайындау есебі жүргізіледі, ол өтініш берушінің өтініміне қарай беріледі.
Тармақ 22
22. Мәліметтердің шындығына сенімсіздік туған жағдайда уәкілетті орган сұраныс жасауға құқты, ал заңды тұлға мен жеке тұлғалар тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер адамның табысы туралы мәлімет беруге міндетті.
Тармақ 23
23. Жәрдемақы мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметті пайдалануға тұрғын үй жәрдемақысын алушысының аудандық телекоммуникация желісінің абоненттеріне телефон үшін абонентгік ақы тарифтерінің арттырылуына төлем мен тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің айырмасы ретінде есептеледі. Тұрғын үй жәрдемақы алуға үміткер отбасылардың шығындар деңгейінің шегі отбасының жиынтық табыстан 20% мөлшерінде анықталсын. Жиынтық табыс қолданыстағы заңмен белгіленген тәртіппен есептеледі.
Тармақ 24
24. Аудандың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері тағайындалған жәрдемақы сомаларының көрсетілуімен тұрғын үй жәрдемақы алушылардың тізімін жасайды және ай сайын төленген жәрдемақылар сомасын өтеу үшін тұрғылықты жер бойынша қаржы органдарына жиынтық ведомостарды тапсырады. Телефон үшін абоненттік акы тарифтарының арттырылуына өтемақыны төлеу және қажеттілікті құру. Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
Тарау 6. 6. Тұрғын үй жәрдемақылардың қаржыландыру көздері
6. Тұрғын үй жәрдемақылардың қаржыландыру көздері
Тармақ 25
25. Тұрғын үй жәрдемақылары жергілікті бюджет қаржылары есебінен қаржыланады, аудандық телекоммуникация абонентеріне телефон үшін абонентік ақы тарифтерін артуының бөлімдеріне Республикалық бюджеттен жүзеге асырады.
Тарау 7. 7. Аз қамтылған азаматтардың жиынтық табысы
7. Аз қамтылған азаматтардың жиынтық табысы
Тармақ 26
26. Тұрғын үй жәрдемақысын алуға үміткер отбасының жиынтық табысын (бүдан әрі - жиынтық табыс) тұрғын үй жәрдемақсын тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган есептейді (бұдан әрі - уәкілетті орган).
Тармақ 27
27. Отбасының жиынтық табысын есептегенде отбасы құрамында бірге тұратын, шаруашылықты бірге жүргізетін және тұрғылықты бір жерде тіркелген отбасының барлық мүшелері ескеріледі.
Есепті кезеңде құрамында өзгерістер болған отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде келген (кеткен) отбасы мүшесінің табысы келесі тоқсанның бірінші айынан бастап есепке алынады (есепке алынбайды).
Тармақ 28
28. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде тұрғын үй жәрдемақсына өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы (бұдан әрі - есепті кезең) Қазақстан Републикасында және одан тыс жерлерде ақшалай немесе заттай түрде алынған табыстың барлық түрлері есенгеледі.
Тармақ 29
29. Егер отбасының бір мүшесі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, осы тоқсанда жұмыс істеген барлық уақыты отбасының жиынтық табысына есептеледі.
Тармақ 30
30. Бір тоқсанан астам уақытқа төленуге тиесілі табыс бір мезгілде алынған кезде (оның ішінде жалақы, алимент, зейнетақы, жэрдемақылар және т.б. бойынша берешектер) жиынтық табысқа есептік кезеңде алынған табыстың барлық соммасы есептеледі.
Тармақ 31
31. Шетелдік валютада алынған табыс Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы заңнамасында және бухгалтерлік есеп стандарттарында белгіленген тәртіппен валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютаға қайта есептеледі.
Тармақ 32
32. Орташа жан басына шаққандағы табыс отбасының тоқсан ішіндегі жиынтық табысын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға бөлу жолымен белгіленеді.
Тарау 8. 8. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
8. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде есепке алынатын табыс түрлері
Тармақ 33
33. Отбасының жиыңтық табысын есептеу кезінде Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде есепті кезеңде алынған табыстың мынадай барлық түрлері есепке алынады:
Тармақша 1
1) еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынатын табыс;
Тармақша 2
2) кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түсетін табыс;
Тармақша 3
3) балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс;
Тармақша 4
4) жеке қосалқы шаруашылықтан - мал мен құс ұстауды, бағбандықты, бақша өсіруді қамтитын үй жанындағы шаруашылықтан түсетін табыс;
Тармақша 5
5) өзге де табыс.
Тармақ 34
34. Отбасының жиынтық табысында мыналар есепке алынбайды:
Тармақша 1
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек;
Тармақша 2
2) тұрғын үй жәрдемақысы;
Тармақша 3
3) жерлеуге арналған бір жолғы жәрдемақы;
Тармақша 4
4) бала тууына байланысты берілетін бір жолғы мемлекеттік жэрдемақы;
Тармақша 5
5) жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға арналған материалдық көмек.
Егер жеке ісін ашуға және (немесе) жеке қосалқы шаруашынықты дамытуға арналған материалдық көмек мақсатына сай пайдаланылмаса, жиынтық табыс көрсетілген көмек сомасын ескере отырып есептеледі;
Тармақша 6
6) отбасы мүшелерінің біреуі осы отбасында тұрмайтын адамдарға төлейтін алимент;
Тармақша 7
7) азаматтардың тегін немесе жеңілдікпен протездеуге бару жолына ақы төлеу;
Тармақша 8
8) протездеу уақытында азаматтарды ұстау;
Тармақша 9
9) азаматтардың елді мекеннен тыс жерлерге емделуге тегін немесе жеңілдікпен жол жүру кұны;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
дәрілік препараттар;
санаторийлік-курорттық емдеу;
протездік-ортопедиялық бұйымдар (жасау және жөндеу);
жүріп-тұру құралдары (кресло-арбалар) мен мүгедектерге бөлінген басқа да сауықтыру құралдары;
білім алу кезеңінде оқушыларды тегін тамақтандыру түрінде көрсетілген заттай көмек түрлері.
Тармақша 11
11) ақшалай және заттай түрдегі (құндық бағадағы) қайырымдылық көмек;
Тармақша 12
12) төтенше жағдайлар салдарынан олардың денсаулығына және мүжіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасына көрсетілген көмек.
Тарау 9. 9. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
9. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс
Тармақ 35
35. Жиынтық табысты есептеу кезінде отбасының мынадай (осы Қағиданың 9 тармағында көрсетілгендерден басқа) түрде алынған табысы есепке алынады:
Тармақша 1
1) жұмыс беруші еңбекақы ретінде есептеген, атап айтқанда:
жалақының барлық түрлері, оның ішінде кесімді, мерзімді, сондай-ақ ақшалай және заттай нысаңдағы сыйлықақынар, қосымша ақылар, үстемеақылар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жалақысы сақталатын кезеңге қызметкерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін ақшалай соманы қоса алғанда, каржыландыру көзіне қарамастан);
демалыс уақытында сақталатын жалақы, сондай-ақ пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін ақшалай өтемақы;
ұйым (заңды тұлға) таратынған немесе жұмыс берушінің (жеке тұлғаның) қызметі тоқтатылған, қызметкержр саны немесе штаты қысқартылған жағдайда жеке еңбек шартының бұзылуы кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін өтемақылар;
уақытша, маусымдық және қоғамдық жұмыстарды орындау кезеңіндегі жалақы;
Маусымдық жұмыстармен айналысатын қызметкерлердің жалақысы оны алған кезеңнен бастап отбасының жиынтық табысына есептеледі. Жалақы болмаған кезеңде ол жиынтық табысқа есептелмейді.
сакдандыру агенттері мен брокерлерге төленетін комиссиялық сыйақы;
бала туғанда және жерлеуге берілетін жәрдемақылардан басқа, жалақы есептеу кезінде ескерілмейтін және ұйым қаражатының есебінен төленетін басқа да төлем түрлері;
мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің ақшалай үлесін қоспағанда, әскери қызметшілердің, оның ішінде келісім-шарт бойынша қызмет өткеріп жүргендердің және ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының, сондай-ақ соларга теңестірілген азаматтар санаттарының үстемеақылар мен қосымша ақылар ескерілген ақшалай үлесі;
жалдау бойынша төленетін еңбекақы;
жұмыс беруші төлеген несие сомасы. Көрсетілген төлемдер несиені өтеудің белгіленген мерзіміне бөліп таратылады;
Тармақша 2
2) әлеуметтік төлемдер, атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерінде белгіленген тәртіппен тағайындалатын зейнетақылардың барлық түрлері, оларға өтемақы төлемдері;
мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар;
арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар;
жерасты және ашық кен жұмыстарында, сондай-ақ еңбек жағдайлары ерекше зиянды және ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар;
мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер;
бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін мемлекеттік жәрдемақылар;
үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек-балаларды материалдық қамсыздандыру;
қаржыландыру көзіне қарамастан, оқушыларға, студенттерге, аспиранттарға, докторанттарға, басқа да оқу орындарының тыңдаушыларына төленетін стипендия;
жұмыс берушінің қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі жәрдемақылар;
1, 2-топтағы жалғызілікті, басқа адамның көмегіне мұқтаж мүгедектердің мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларына қосылатын күтімғе арналған қосымша үстемеақылар мен жергілкті мемлекеттік басқару органдарының шешімі бойынша бюджеттен берілетін басқа да ұдайы төлемдер;
жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен көрсетілетін, қалаішілік қоғамдық көлікте жүруге берілетін материалдық (әлеуметтік) көмек;
заңдарға және өзге де нормативтік құқықтың кесімдерге сәйкес берілетін, осы Қағиданың 34 тармағының 10 тармақшасында көрсетілгендерден басқа, заттай көмек түрлерінің құны, сондай-ақ осы көмектің орнына төленетін сома;
осы бөлімде көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген, жергілікті мемлекетгік басқару органдары, мекемелер мен басқа да ұйымдар белгілеген барлық төлем түрлеріне өзге де үстемеақылар мен қосымша ақылар.
Тармақ 36
36. Жиынтық табыстың кұрмына қызметкер еңбек және қызметгік міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы заңнамага сәйкес жұмыс беруші төлейтін бір жолғы төлемдер мен ай сайынғы сома қосылады.
Тармақ 37
37. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша (мердігерлік және басқа) жұмыстарды орындайтын адамдардың табысы шарт қолданынатын бүкіл кезеңге жиынтықталады. Алынған табыс жұмысты орындау үшін шартта көзделген айлардың санына бөлінеді және есепті кезеңге келетін айлардағы жиынтық табыста есепке алынады.
Тармақ 38
38. Азаматтық-құқықтық шарттар бойынша, оның ішінде ғылыми, әдеби және өнер тындыларын және т.б. жасауға, шығаруға, орындауға немесе өзге де пайдалануға алынған, осы шарт есебіне аванспен төленетін сыйақылар аванс берудің бүкіл кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады, ал қалған сома шарттың аванс берудің бергеннен кейінгі қолданылу кезеңіне (ай сайын теңдей үлеспен) есепке алынады.
Тармақ 39
39. Авторлық сыйақылар (шарттар болмаған кезде), сондай-ақ жаңалық ашқаны, өнертабыстар мен рационализаторлық ұсыныстары үшін сыйақылар жиынтық табысқа сыйақы сомасын ол алынған айлардың санына бөлуден алынған үлес мөлшерінде қосылады және есепті кезеңге келетін айлардың санына көбейтіледі.
Тармақ 40
40. Еңбекақы, әлеуметтік төлемдер түрінде алынған табыс олардың мөлшері туралы анықтамалармен расталады.
Тарау 10. 10. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс
10. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен алынған табыс
Тармақ 41
41. Жиынтық табысты есептеу кезінде кәсіпкерліктен және басқа да қызмет түрлерінен:
Тармақша 1
1) өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан;
Тармақша 2
2) тауарлың-материалдық құндылықтарды, мүлікті сату кезіндегі құн өсімінен;
Тармақша 3
3) шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде және шартты жер үлесі мен мүлік жарнасынан алынған.
Шаруа қожальны мүшелерінің жиынтық табысын есептеу салық органдарына ұсынылатын, алынған табыс туралы декларацияда көрсетілген ауыл шаруашылығы өнімін сатудан нақты алынған табыс ескеріле отырып жүргізіледі. Бұл ретте жылдық табыс он екі айға бөлінеді және оның тиісті бөлігі айқындалатын кезеңдегі жалпы жиынтық табысқа қосылады;
Тармақша 4
4) өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс есепке алынады.
Тармақ 42
42. Жекелеген азаматтарда жұмыс істейтін адамдар жалақысын шарттың көшірмесімен, жалғаа алушының анықтамасымен немесе өтініш негізінде растайды.
Жекелеген азаматтарда шарттар жасамай жұмыс істейтін адамдардың жиынтық табысы олардың өтініштері негізінде расталады. Бұл ретте жалақының заттай бөлігі жиынтың табысқа нарықтық баға бойынша ақшалай баламада косылады.
Тармақ 43
43. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың табысы жазбаша өтініпшен расталады.
Тармақ 44
44. Кәсіпкерлік қызметпен арнаулы салық режимі жағдайында айналысатын адамдардың табысы бір жолғы талон, патент, оңайлатылған декларация негізінде расталады.
Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған табысты қоса алғанда, ресми расталмаған табыс әрбір жұмыс істеушіге шаққанда ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
Тарау 11. 11. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағынарға арналған алимент түріндегі табыс
11. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, балаларға және басқа да асырауындағынарға арналған алимент түріндегі табыс
Тармақ 45
45. Балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент жиынтық табыс құрамында есепке алынады.
Алименттер, сондай-ақ алимент төлеушінің жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған алименттің қосымша сомасы жиынтық табысқа олардың алынған уақыты бойынша есепке алынады.
Тармақ 46
46. Адамдардың асырауындағынарды ұстауға міндетті адамның тұрғылықты жері туралы мәліметтердің болмауы себебінен алимент өндіріп алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, отбасының жиынтық табысы көрсетілген адамның іздеуде жүргені туралы тиісті органдардан алыңған құжаттар қоса берілген жазбаша өтініш негізінде есептеледі.
Тармақ 47
47. Егер төлеуші алимент төлеуден жалтарған жағдайда, жиынтық табысқа алимент есепке алынбай есептеледі.
Тармақ 48
48. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынса, осы жұбайы отбасымен бірге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есерке алынады.
Тармақ 49
49. Егер баланың анасы баланың әкесімен тіркелген некеде тұрмаса, онымен бірге тұрмаса және алимент өндіріп алу туралы сот шешімі болмаса жиынтық табысқа алиментті есепке алмай есептеледі.
Тармақ 50
50. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынған алимент ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамаларымен не почта аударымдарының алынған алимент туралы түбіртегімен, сондай-ақ сот органдарының алимент өндіріп алу туралы шешімі қоса берілген жазбаша өтініш негізінде расталады. Алимент бойынша 3 айдан астам кезең үшін берешек пайда болғанда сот орындаушысының алимент бойынша берешекті айқындау туралы қаулысы ұсынылады.
Тарау 12. 12. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
12. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табыс
Тармақ 51
51. Жеке қосалқы шаруашылықты жүргізуден алынған табыстың отбасының құрамында ескерілген әрбір мүшесіне келетін үлесі балаларға арналғанан жәрдемақы алуға үміткер отбасының жиынтық табысында есепке алынады.
Тармақ 52
52. Жеке қосалқы шаруашылықтан (үй малын, құс өсіруден, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден) түскен табыс жиынтық табыстың құрамына қосылады.
Тармақ 53
53. Жиынтық табыста есепке алынатын жеке қосалқы шаруашылықтан, ауыл шаруашылығы (гүл) өнімдерін өсіруден, мал мен құс ұстаудан және өсіруден алынған табыс өтініш берушінің кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) круг әкімі немесе басқа да құзыретті орган растаған жеке қосалқы шаруашылығының болуы және мөлшері туралы мәліметтерінің негізінде әрбір отбасы бойынша есептеледі.
Тармақ 54
54. Жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты уәкілетті орган осы Қағидаға 1, 2, 3, 4 қосымшалардың негізінде есептейді.
Жеке қосалқы шаруашылықта өсірілген гүл өнімдерін сатудан, сондай-ақ терісі бағалы аңдар, ара, құс (тауықтан, қаздан, үйректен басқа) өсіруден алынған табыс жиынтық табысқа жазбаша өтініштің негізінде қосылады.
Тармақ 55
55. Бір сотка жерден (бір бастан) өндірілген өнімнің кұны өсірілетін дақылдың орташа түсімін (жеке қосалқы шаруашылықта ұсталатын мал мен құстың орташа өнімділігін) 1 кг өнімнің орташа бағасына көбейту жолымен айқындалады (осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес) және шығыстардың орташа деңгейі шегеріледі.
Тармақ 56
56. Табысты есептеу үшін алдыңғы күнтізбелік жылдың өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдеріне облыста қалыптасқан, облыстық статистика органдары облыстық уәкілетті органға ұсынатын орташа жылдық бағалары пайдаланынады.
Малды (құсты) есепті кезенде сату кезінде жиынтық табысқа облыстық статистика органдарының деректері бойынша тірі мал нарығында қалыптасқан бағалар бойынша бір жолғы табыс қосылады.
Жиынтық табыс жұмыс малы (жынқы, түйе және басқалары) мен бір жыл ішінде төлдемеген малдан (мәселен, қысыр сиыр) түскен табыс ескерілмей есептеледі. Жеке қосалқы шаруашылықта көрсетілген мал бір жылдан астам ұсталса, табыс ет бағытындағы малдан түскен табыс ретінде есепке алынады.
Тармақ 57
57. Осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес өнім бермейтін жастағы (төл) үй малынан, кұстан түсетін табыс ол сыйға тартылған немесе өткізілген (сату, сою және тағы басқа) жағдайда ғана есепке алынады. Төлдің құны отбасының жиынтық табысына тірі мал нарығында қалыптасқан, облыстық статистика органдары ұсынған бағалар бойынша қосылады.
Тармақ 58
58. Осы Қағиданың 56 тармағында көрсегілгендерден басқа, үй малы, құс болған кезде жиынтық табыс табыстың жылдық сомасын он екі айға бөлу жолымен айқындалады. Шыққан сан есепті кезеңдегі айлардың санына көбейтіледі.
Тармақ 59
59. Жеке қосалқы шаруашыльнъшан түсетін табыс есебінің үлгі жеке нормативтік карточкасын осы Қағиданың 4 қосымшаға сәйкес балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш берушінің деректері негізінде толтырады.
Тарау 13. 13. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс
13. Жиынтық табысты есептеу кезінде есепке алынатын өзге табыс
Тармақ 60
60. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде мынадай өзге де табыс есепке алынады:
Тармақша 1
1) жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден;
Тармақша 2
2) бағалы қағаздардан (дивидендтер);
Тармақша 3
3) шетелдік валютаны өткізуден;
Тармақша 4
4) асыл тастар мен қымбат бағалы металдарды, олардан жасалған зрргерлік бұйымдарды және құрамында асыл тастар мен қымбат бағалы металдар бар басқа да заттарды, сондай-ақ өнер туындыларын және антиквариат сатудан;
Тармақша 5
5) жылжымайтъш мүлікті және көлік құралдарын сатудан;
Тармақша 6
6) авторлық сыйақы түріндегі;
Тармақша 7
7) жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын және басқа да мүлікті сыйға тарту, мұрагерлікке алу түрінде алынған;
Тармақша 8
8) несиені (шағын несиені) пайдаланудан;
Тармақша 9
9) қайтарымсыз алынған ақша;
Тармақша 10
10) ақша салымдары бойынша сыйақы (мүдде);
Тармақша 11
11) ақшалай аударымдар;
Тармақша 12
12) конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда, лотереялар, салымдар мен борышкерлік бағалы қағаздар бойынша ұтыстарды қоса алғанда, ақшалай және (немесе) заттай түрдегі ұтыстар;
Тармақша 13
13) туысқандарының және басқа да адамдардың ақшалай және заттай көмегін (құн түріңде) қоса алғанда, өзге де мәлімделген табыс.
Көрсетілген табыс алынған уақыты бойынша есепке алынады және жазбаша өтінішпен расталады.
Орта білім беру, сондай-ақ жоғары және орта арнаулы білім беру жүйесінде ақылы негізде күндізгі бөлімде оқитын шәкіртақы алмайтын студенттердің жиынтық табысына ерікті айтылған табысы есептеледі.
Тармақ 61
61. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын жалға беруден алынған, ресми расталмаған табыс бір айдағы ең төмен жалақыдан кем емес мөлшерде есепке алынады.
Тармақ 62
62. Алынған несиелердің (шағын несиелердің) сомасы жиынтық табыста есепке алынбайды.
Тармақ 63
63. Жылжымайтын мүлікті және көлік құралдарын сатудан алынған табыс оның алынған күннен бастап бірге жалпы жиынтық табысқа қосылады.
Басқа тұрғын үй (көлік құралын) сатып алған жағдайда, жылжымайтын мүлікті (көлік құралын) сатудан алынған сома мен сатып алынған тұрғын үй (көлік құралы) құнының арасындағы айырма отбасының жинтық табысында есепке алынады.
Басқа 1. Жаңаарқа ауданының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық
ТІЗБЕСІ
Жаңаарқа ауданында тұратың
аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету
үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және аудандық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасына 1 қосымша
Жаңаарқа ауданының табиғи жағдайы бойынша
әкімшілік-аумақтық
ТІЗБЕСІ
Шөлейтті аймақ
Жаңаарқа
1. Атасу кенті
2. Қызыл Жар кенті
3. Айнабұлақ селолық
4. Ақтау селолық округі
5. Ақтасты селолық округі
6. Актүбек селолық округі
7. Аппаз селолық округі
8. Байдалы би селолық округі
9. Бидайық селолық округі
10. Ералиев селолық округі
11. Түгіскен селолық округі
12. Целинный селолық округі
13. Қараагаш селолық округі
14. С.Сейфуллин селолық округі
Басқа 2. Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Жаңаарқа ауданында тұратың
аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету
үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және аудандық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасына 2 қосымша
Шөлейтті аймақтағы жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты есептеудің нормативтік карточкасы
Өнім
Жердің 1 соткасының орташа түсімі, кг
Жердің 1 соткасына жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің орташа бағасы, теңге
1 соткадан өндірілген өнімнің құны теңге (2-бағ.х 4-бағ.)
1 сотка жерден түскен табыс (+), шығыс(-), теңге (5-бағ -3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Бидай
10
226
Арпа
15
174
Қарамық
8
153
Жүгері (жасыл салмага)
100
121
Көп жылдық шөптер
10
91
Бір жылдық шөптер
10
84
Картоп
70
1102
Көкөністер
90
1249
Бакшалар
85
458
Шекілдеуік бактары (алма, алмұрт және баскалары)
22
525
Суйекті жеміс бактары (өрік, қара өрік және басқалары)
20
498
Жидек дақылдары
10
589
Жүзім
20
564
Өнім
1 бастан алынатын орташа өнімділік, кг (л)
1 басқа жұмсалған шығыстың орташа деңгейі, теңге
1 кг өнімнің (1 л, 10 дана жұмыртқаның) орташа құны, теңге
1 бастан өндірілген өнімнің құны теңге (2-бағ.х 4-бағ.)
1 бастан түскен табыс (+), шығыс(-), теңге (5-бағ -3-бағ.)
1
2
3
4
5
6
Сүтті ірі қара мал (сүт)
1100
19944
Етті ірі қара мал (сиыр еті)
165
16016
Шошқалар (шошқа еті)
110
8462
Қойлар, ешкілер ет/жүн
22/2,25
1200/105
Жылқы (жылқы еті)
138
6044
Түйе (түйе еті)
1140
2925
Жұмыртқалайтын құс (жұмыртқа)
200 жұмыртқа
728
Етті құс (құс еті)
2,5
489
Басқа 3. АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҮЙ МАЛДАРЫ МЕН ҚҰСТАРЫНЫҢ ЖАСЫ
Жаңаарқа ауданында тұратың
аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету
үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және аудандық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасына 3 қосымша
АЗЫҚ-ТҮЛІКТІК ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ҮЙ МАЛДАРЫ МЕН ҚҰСТАРЫНЫҢ ЖАСЫ
Малдардың түрі
Өлшем бірлігі
Өнім беру жағдайына жеткен мал төлінің және құстардың жасы
Ірі қара мал
ай
25
Қойлар мен ешкілер
ай
12
Шошқалар
ай
10
Жылқылар
ай
16
Түйелер
ай
18
Жұмыртқалайтын құс
күн
195
Етті құс
күн
125
Басқа 4. Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің
ҮЛГІ ЖЕКЕ НОРМАТИВТІК КАРТОЧКАСЫ
Жаңаарқа ауданында тұратың
аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді
ұстауға, коммуналдық қызмет көрсету
үшін тұрғын үй жәрдемақыларды беру
және аудандық телекоммуникация
желілерінің абоненттеріне телефон
үшін абоненттік ақы тарифтерінің
арттырылуына өтемақы берудің
Қағидасына 4 қосымша
Жеке қосалқы шаруашылығынан түсетін табыс есебінің
ҮЛГІ ЖЕКЕ НОРМАТИВТІК КАРТОЧКАСЫ
Өтініш берушінің Т.А.Ә._________________________________________
Үйінің мекен-жайы ______________________________________________
Ауыл шаруашылығы дақылдарының, үй малдарының, құстарының түрлері
жер, сотка, мал басы, саны
жылына түсетін табыс нормативті, теңге
жылына түсетін табыстың барлығы, теңге
бір тоқсанда түсетін табыстың барлығы, теңге
Бидай
Арпа
Дәні алынатын жүгері
Күріш
Қарамық
Картоп
Көкөністер
Бақшалар
Күнбағыс
Қант қызылшасы
Темекі
Шекілдеуік бақтары
Сүйекті жеміс бақтары
Жемістер
Жүзім
Көп жылдық шөп
Бір жылдық шөп
Жасыл жемге берілетін жүгері
Сүтті ірі қара мал
Етті ірі қара мал
Шошқалар
Қойлар мен ешкілер
Жылқылар
Түйелер
Жұмыртқалайтын құс
Етті құс
Жиыны: бір жылғы табыс
Х
Х
Жиыны: бір тоқсандағы табыс
Х
Х
Х
Х
200__ж. «__»____________ ____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
_________________________
(есепті жасаған адамның Т.А.Ә. және қолы)