О введении карантина Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Карантинді енгізу туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы», 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарына және «Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігінің Ертіс аудандық аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ҚР АШМ ЕААБ ММ) өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторының 2006 жылғы 4 шілдедегі «Арам-шөптерді, өсімдік ауруларын карантиндік зиянкестерді айқындауға жер-су өсімдіктернінің карантині жөніндегі бақылауды өткізу туралы», сонымен қатар, қызғылт кекіремен шаолдығуын алдын-алу және жою мақсаттарында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Байзаков ауылдық округінің ауылшаруашылық жерлеріне – қызғылт кекіре - карантиндік объектінің таратылуын алдын алу жөніндегі карантиндік шаралары енгізілсін.
Тармақ 2
2. 2006 – 2007 жылдарына карантиндік объектімен күрес және оның таратылуын алдын алу жөніндегі қосымша беріліп отырған шаралар бекітілсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін, аудандық «Ертіс нұры» және «Иртыш» газеттерінде, екі жұмалық мерзімде басылуы тиіс.
Тармақ 4
4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен іске кіреді.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Б. Қасеновке жүктелсін. Келісілді ҚР АШМ ЕААБ ММ бастығы Қ. Қозыбаев 2006 ж. 10 қазан