О ратификации Договора о союзнических отношениях между Республикой Казахстан и Кыргызской Республикой Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы Астанада 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шарт ратификациялансын. 📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық шарттың мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық шартының жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық шарттарын тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Одақтастық қатынастар туралы ШАРТ (2006 жылғы 30 қазанда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2007 ж., N 1, 6-құжат) Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы, Уағдаласушы Тараптар халықтарының арасындағы достық пен тату көршiлiктiң, бауырластық қатынастардың терең дәстүрлерiн негiзге ала отырып, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгiлiк достық туралы 1997 жылғы 8 сәуiрдегi шартты басшылыққа ала отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының, Хельсинки қорытынды актiсiнiң және Еуропадағы қауіпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi ұйымның басқа да құжаттарының мақсаттары мен қағидаттарына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған қағидаттары мен нормаларына өздерiнiң адалдықтарын растай отырып, өзара құрмет тұтудың, сенiм бiлдiрудiң, келiсiмнiң және тең құқықтың негiзiнде екi жақты көп қырлы ынтымақтастықты нығайтуға өзара ұмтыла отырып, өңiрлiк қауiпсiздiк пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, терроризмнiң, экстремизмнiң, ұйымдасқан қылмыстың, есiрткi бизнесiнiң, заңсыз көшi-қонның кез келген көрiнiстерiне және ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн басқа да қатерлер мен қауiптерге бiрлесiп қарсы тұру мәселелерiнде өзара iс-қимыл қажеттiгiн негiзге ала отырып, одақтастық қатынастарды орнату екi мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық прогресiнiң мүдделерi үшiн күш-жiгердi бiрiктiруге мүмкiндiк бередi және Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының түбегейлi мүдделерiне жауап бередi деп кәмiл сене отырып, мемлекетаралық ынтымақтастықтың қол жеткiзiлген жоғары деңгейiн атап көрсете отырып, өздерiнiң қатынастарына жаңа сапа беруге ұмтыла отырып, төмендегiлер туралы уағдаласты:
Бап 1. 1-бап
1-бап Уағдаласушы Тараптар саяси, экономикалық, әскери, әлеуметтiк, ғылыми, технологиялық, мәдени салаларда және гуманитарлық қарым-қатынаста көп қырлы ынтымақтастықтың нысандары мен тетiктерiн одан әрi iлгерiлету, жандандыру және жетiлдiру мақсатында одақтастық қатынастар негiзiнде екi жақты ынтымақтастықты дамытуды жалғастырады.
Бап 2. 2-бап
2-бап Уағдаласушы Тараптар арасындағы одақтастық қатынастар мемлекеттердiң егемендi теңдiгiн, тәуелсiздiгiн, аумақтық тұтастығын, ерiктiлiгiн сақтау және өздерi қабылдаған мiндеттемелердi адал ниетпен орындау қағидаттарына негiзделедi.
Бап 3. 3-бап
3-бап Уағдаласушы Тараптар өзара қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде бiрыңғай саясат жүргiзедi және халықаралық терроризмге, экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есiрткi бизнесiне, заңсыз көшi-қонға және ұлттық қауiпсiздiкке төнетiн басқа да қатерлер мен қауiптерге қарсы күресте өзара тығыз iс-қимыл жасайды.
Бап 4. 4-бап
4-бап Уағдаласушы Тараптар тиiстi консультациялар жүргiзе отырып, өзара мүдденi бiлдiретiн негiзгi халықаралық проблемалар мен мәселелер бойынша ұстанымдарын айқындау кезiнде өзара тығыз iс-қимыл жасайды.
Бап 5. 5-бап
5-бап Уағдаласушы Тараптар өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес әскери саладағы қызметтi үйлестiрудi жүзеге асырады. Уағдаласушы Тараптар сенiмдi қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында әскери құрылыстың ортақ қағидаттарын әзiрлейдi.
Бап 6. 6-бап
6-бап Уағдаласушы Тараптар Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiне қарсы шабуыл актiсi жасалған жағдайда, әскери көмектi қоса алғанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабына сәйкес ұжымдық қорғаныс құқығын жүзеге асыру тәртiбiмен, сондай-ақ Ұжымдық қауiпсiздiк туралы шарт ұйымының шеңберiндегi тетiктердi пайдалана отырып, бiр-бiрiне қажеттi көмек көрсетедi.
Бап 7. 7-бап
7-бап Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың және өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардың ережелерiне сәйкес өздерiнiң мемлекеттiк шекараларын тиiстi түрде қорғау үшiн қажеттi шараларды жүзеге асырады және мемлекеттiк шекараларын қорғау жөнiнде бiрыңғай саясат жүргiзедi. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдары Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында үшiншi мемлекеттер азаматтарының болуы туралы ақпаратпен тұрақты түрде алмасады, сондай-ақ бiр Уағдаласушы Тарап азаматтарының екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағына кедергiсiз келуi, кетуi және онда болуы үшiн қажеттi шараларды келiседi және қабылдайды.
Бап 8. 8-бап
8-бап Уағдаласушы Тараптар өзара экономикалық ықпалдастықты тереңдету үшiн жағдайлар жасайды. Осы мақсатта Уағдаласушы Тараптар негiзгi экономикалық көрсеткiштерiн кезең-кезеңiмен жақындастыру, заңнамаларын үйлестiру және келiсiлген құрылымдық экономикалық саясатты жүргiзу жөнiнде шаралар қабылдайды.
Бап 9. 9-бап
9-бап Уағдаласушы Тараптар қаржылық, ақша-кредит, бюджеттiк жүйелерiн үйлестiруге бағытталған iс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ келiсiлген инвестициялық, төлем-есеп айырысу, сондай-ақ сыртқы сауда саясатын жүргiзедi. Уағдаласушы Тараптардың аумақтарында қаржылық-экономикалық және инвестициялық қызмет, бiрлескен кәсiпорындар құру үшiн Уағдаласушы Тараптар қолайлы жағдайлар жасайтын болады.
Бап 10. 10-бап
10-бап Уағдаласушы Тараптар бағалы қағаздар рыноктарын ықпалдастыру және тиiстi түрде реттеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
Бап 11. 11-бап
11-бап Уағдаласушы Тараптар бiрлескен көлiк-коммуникация және энергетикалық жүйелердің ортақ инфрақұрылымын құру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады, сондай-ақ стандарттау, метрология және сәйкестiгiн бағалау саласында келiсiлген саясат жүргiзедi.
Бап 12. 12-бап
12-бап Осы Шартта көзделген ережелердi кезең-кезеңiмен iске асыру мақсатында Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Экономикалық ықпалдастық жөнiндегi iс-қимыл жоспарын қабылдайды, ол осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып табылады.
Бап 13. 13-бап
13-бап Уағдаласушы Тараптар өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес су объектiлерiн, су-энергетикалық ресурстарды және су шаруашылығы құрылыстарын ұтымды әрi өзара тиiмдi пайдалану саласында келiсiлген iс-қимылды жүзеге асырады.
Бап 14. 14-бап
14-бап Уағдаласушы Тараптар ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды, халықты азық-түлiкпен және өнеркәсiптi шикiзатпен қамтамасыз етудi жақсартуды, агроөнеркәсiптiк кешендердiң тауар өндiрушілерiн қолдауды және қорғауды, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру жөнiндегi бiрлескен кәсiпорындарды ұйымдастыруды, сондай-ақ өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң аумағында өндiрiлетiн ауыл шаруашылығы тауарларының транзиттiк тасымалы үшiн өз аумақтарында қолайлы жағдайлар жасауды көздейтiн келiсiлген аграрлық саясат жүргiзедi.
Бап 15. 15-бап
15-бап Уағдаласушы Тараптар индустриялық-инновациялық саясатты iске асыру мақсатында жаңа өндiрiстiк қуаттарды ұтымды орналастыру және қазiргi барларын жаңғырту жөнiндегi iс-шараларды келiседi.
Бап 16. 16-бап
16-бап Уағдаласушы Тараптар бiрыңғай ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асырады.
Бап 17. 17-бап
17-бап Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өздерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес бiлiм алу, еңбекке орналастыру, еңбекке ақы төлеу, басқа да әлеуметтiк кепiлдiктер беру кезiнде екiншi Уағдаласушы Тарап азаматтарының тең құқықтарына кепiлдiк бередi. Осындай қатынастарды құқықтық тұрғыдан реттеудi қамтамасыз ету мақсатында Уағдаласушы Тараптар тиiстi халықаралық шарттарды жасасады.
Бап 18. 18-бап
18-бап Уағдаласушы Тараптар екi мемлекеттiң парламенттерi арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге жәрдемдеседi.
Бап 19. 19-бап
19-бап Осы Шарттың мақсаттары мен мiндеттерiн орындау үшiн Уағдаласушы Тараптар Жоғары Мемлекетаралық Кеңес (Мемлекеттердің, үкiметтердiң және парламенттердiң басшылары) құрады. Жоғары Мемлекетаралық Кеңестiң қызметiн үйлестiру Сыртқы iстер министрлерiнің кеңесiне жүктеледi. Жоғары Мемлекетаралық Кеңестi мемлекеттер басшылары басқарады және ол Уағдаласушы Тараптардың ортақ мүдделерiне байланысты анағұрлым маңызды мәселелердi қарайды, одақтастық қатынастарды дамытудың стратегиясын, негiзгi бағыттарын анықтайды және осы Шартты iске асыруға бағытталған шешiмдердi қабылдайды. Жоғары Мемлекетаралық Кеңес жұмысының тәртiбi Ережемен белгiленедi, ол Жоғары Мемлекетаралық Кеңестiң шешiмiмен бекiтiледi. Жоғары Мемлекетаралық Кеңес өзiнiң отырыстарын кем дегенде жылына бiр рет өткiзедi.
Бап 20. 20-бап
20-бап Осы Шарт өздерi қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Уағдаласушы Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.
Бап 21. 21-бап
21-бап Осы Шарттың ережелерiн түсiндiруге және қолдануға қатысты даулар Уағдаласушы Тараптардың арасында консультациялар мен келiссөздер өткiзу арқылы шешiлуi тиiс. Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Шартқа осы Шарттың ажырамас бөлiктерi болып табылатын және осы Шарттың 23-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Бап 22. 22-бап
22-бап Осы Шарт Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес осы Ұйымның Хатшылығында тiркелетiн болады.
Бап 23. 23-бап
23-бап Осы Шарт бекiтiлуге жатады және Уағдаласушы Тараптар оны бекiткендiгi туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күннен бастап күшiне енедi. Осы Шарт белгiленбеген мерзiмге жасалады және Уағдаласушы Тараптардың бiрi оның қолданысын тоқтату ниетi туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша хабарлама жiберген күннен бастап он екi ай өткенге дейiн күшiнде болады. 2003 жылғы 25 желтоқсанда Астана қаласында әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Шарттың ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады. Қазақстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы экономикалық интеграция бойынша іс-қимыл жоспары Р/с N Іс-ша­ра­лар Орын­да­лу мер­зі­мі (жыл­дар) І бө­лім. Сырт­қы са­уда са­я­са­ты са­ла­сын­да Та­у­ар са­уда­сы 1 Екі ел­де шы­ға­ры­ла­тын та­у­ар­лар, со­ның ішін­де экс­порт­тық та­у­ар­лар ту­ра­лы ақ­па­рат ал­ма­су жүй­е­сін құ­ру 2004 *2 Сырт­қы са­уда­да ар­найы қор­ғау, өтем­дік және дем­пинг­ке қар­сы ша­ра­лар­ды ДСҰ нор­ма­ла­ры мен ере­же­ле­ріне сәй­кес қол­да­ну са­ла­сын­да­ғы нор­ма­тив­тік құқық­тық ке­сім­дер мен құқық қол­да­ну прак­ти­ка­сын үй­ле­сті­ру: - үшін­ші ел­дер­мен са­уда­да бі­рың­ғай дем­пинг­ке қар­сы, өтем­дік және ар­найы қор­ғау ша­ра­ла­рын қол­да­ну ере­же­ле­рін әзір­леу; - өза­ра са­уда­да дем­пинг­ке қар­сы, өтем­дік және ар­найы қор­ғау ша­ра­ла­рын кей­ін­нен алып та­стау мақ­са­тын­да ша­ра­лар әзір­леу 2005-2006 2006 Қыз­мет көр­се­ту­лер са­уда­сы 3 Қыз­мет көр­се­ту­лер ры­но­гы­на қол жет­кі­зу ре­жи­мін ырық­тан­ды­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды әзір­леу. Екі ел­дің жал­пы қыз­мет көр­се­ту ры­но­гы­ның қа­лып­та­суы үшін бі­рін­ші дә­ре­же­де­гі ма­ңы­зы бар қыз­мет көр­се­ту­лер­ді ұсы­на­тын са­ла­лар қыз­мет­те­рі­нің тіз­бе­сін ай­қын­дау 2004-2005 4 Қыз­мет көр­се­ту­лер са­ла­сын­да заң­на­ма­лар­ды үй­ле­сті­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды әзір­леу және қа­был­дау 2004-2005 *5 Ба­сым са­ла­лар­да­ғы қыз­мет көр­се­ту­ші­лер­ге (ли­цен­зи­я­лар, сер­ти­фи­кат­тар) бі­лік­ті­лік та­лап­та­рын өза­ра та­ну 2005 *6 Қыз­мет көр­се­ту­лер са­уда­сы­на неғұр­лым қо­лай­лы жағ­дай ту­ғы­зу ре­жи­мі­нен алып та­ста­у­лар­мен әр Та­рап ДСҰ-ға кі­ру ке­зін­де қа­был­да­ған мін­дет­те­ме­лер­ге сәй­кес үшін­ші ел­дер­мен шар­ттық-құқық­тық қа­ты­на­стар­да екі ел пай­да­сы­на ке­лі­су 2004-2006 Та­риф­тік емес рет­те­удің бі­рың­ғай ша­ра­ла­рын қа­лып­та­сты­ру Тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­лар­ды үй­ле­сті­ру 7 ДСҰ-ның нор­ма­ла­ры­мен және ере­же­ле­рі­мен: - тех­ни­ка­лық, ме­ди­ци­на­лық, фар­ма­цев­ти­ка­лық, са­ни­тар­лық, ве­те­ри­нар­лық, фи­то­са­ни­тар­лық және эко­ло­ги­я­лық стан­дарт­тар мен нор­ма­лар­ды, ере­же­лер мен ен­гі­зі­ле­тін та­у­ар­лар­ға қа­ты­сты та­лап­тар­ды; - екі ел ау­ма­ғы­на ен­гі­зі­ле­тін та­у­ар­лар­ға қа­ты­сты стан­дарт­тар мен та­лап­тар­ды қол­да­ну тәр­ті­бі; - екі ел­дің ке­ден­дік ау­ма­ғын­да мін­дет­ті сәй­кест­ік бе­кі­ту­де жат­қы­зы­ла­тын өнім­дер­ді ен­гі­зу тәр­ті­бі; - тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер­ді әзір­леу, қа­был­дау, өзгер­ту және алып та­стау тәр­ті­бін; - тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер­ді қол­да­ну үшін қа­жет­ті зерт­те­улер (сы­нақ­тар) мен өл­шем­дер ере­же­ле­рі мен әді­сте­рін сәй­кес кел­ті­ру­ге ке­лі­су са­ла­сын­да жұ­мыстар жүр­гі­зу 2004-2005 8 Екі ел­дің тех­ни­ка­лық рет­теу са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ла­ры­на олар­дың ДСҰ-ның са­уда-сат­тық­та­ғы тех­ни­ка­лық ке­дер­гі­лер бой­ын­ша және са­ни­тар­лық, ве­те­ри­нар­лық және фи­то­са­ни­тар­лық ша­ра­лар­ды қол­да­ну жө­нін­де­гі ке­лі­сім­де­ріне сәй­кест­і­гіне са­лы­стыр­ма­лы тал­дау жүр­гі­зу 2004-2005 *9 Та­у­ар­лар­дың им­пор­ты мен экс­пор­тын, сон­дай-ақ қыз­мет­тің осы­мен бай­ла­ны­сты же­ке­ле­ген түр­ле­рін ли­цен­зи­я­лау ере­же­ле­рі­мен ке­лі­су 2004-2006 10 Экс­порт­тық ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру ере­же­ле­рі мен та­у­ар­лар және екі мем­ле­кет­те экс­порт­тық ба­қы­ла­у­ға жа­та­тын тех­но­ло­ги­я­лар тіз­бе­сін үй­ле­сті­ру 2005 *11 Та­у­ар­лар­ды ен­гізу­ге және/неме­се шы­ға­ру­ға ли­цен­зи­я­лар­ды, сер­ти­фи­кат­тар мен рұқ­сат­тар­ды өза­ра та­ну 2006 *12 Сер­ти­фи­кат­тау жө­нін­де­гі ор­ган­дар­ды және сәй­кест­ікті бе­кі­ту жө­нін­де­гі жұ­мыстар­ды  ат­қа­ра­тын сы­нақ зерт­ха­на­ла­рын (ор­та­лық­та­рын) ак­кре­ди­та­ци­я­ла­удың ке­лі­сі­л­ген тәр­ті­бін әзір­леу 2006 II бө­лім. Бә­се­ке са­я­са­ты са­ла­сын­да 13 Заң­на­ма­ны: - ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­лер­дің ры­н­ок­та­ғы ба­сым­дық жағ­дай­ын те­ріс пай­да­ла­нуы­ның ал­дын алу және жо­лын ке­су; - ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­лер­дің бә­се­ке­ні шек­тей­тін ке­лі­сім­де­рі­нің (ке­лі­сі­л­ген іс-қи­мыл­да­ры­ның) ал­дын алу және жо­лын ке­су; - те­ріс пи­ғыл­ды бә­се­ке­ле­стіктің ал­дын алу және жо­лын ке­су; - эко­но­ми­ка­лық шо­ғыр­ла­ну­ды мем­ле­кет­тік ба­қы­лау бө­лі­гін­де үй­ле­сті­ру 2004-2005 III бө­лім. Ке­ден ісі мен ше­ка­ра­лық са­я­сат са­ла­сын­да  Ке­ден­дік заң­на­ма­ны бі­р­із­ден­ді­ру 14 Екі ел­дің ке­ден ор­ган­да­ры ара­сын­да ке­ден­дік ба­қы­ла­удан өте­тін та­у­ар­лар­дың жет­кі­зі­лу­ін ба­қы­ла­удың бі­рың­ғай жүй­е­сін құ­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды әзір­леу 2004 15 Та­у­ар­лар­ды екі ел­дің ке­ден ор­ган­да­ры ара­сын­да ке­ден­дік ба­қы­ла­удан өт­кі­зу ке­зін­де ке­ден­дік тө­лем­дер­ді тө­ле­уді қам­та­ма­сыз ету­дің бі­рың­ғай ша­ра­ла­рын әзір­леу 2004-2005 16 Ке­ден­дік заң­на­ма са­ла­сын­да бі­рың­ғай тәр­тіп ен­гі­зу: - ке­ден­дік заң­на­ма са­ла­сын­да ал­дын ала ше­шім­дер қа­был­дау; - ке­ден­дік ба­қы­лау мақ­сат­та­ры үшін та­у­ар­лар­ды, кө­лік құ­рал­да­рын және олар­дың құ­жат­та­рын ұсы­ну; - әр түр­лі кө­лік­пен алып жү­рі­ле­тін та­у­ар­лар­ды ке­ден­дік ре­сім­деу 2004-2005 17 Мы­на­лар­дың: - ке­ден­дік тө­лем­дер­дің со­ма­ла­рын қай­та­ру­дың; - ке­ден­дік тө­лем­дер­ді тө­ле­уді кей­ін­ге қал­ды­ру мен мер­зі­мін ұзар­тып тө­ле­уді ұсы­ну­дың; - ар­найы таң­ба­ла­ну­ға жа­та­тын та­у­ар­лар­ды ке­ден­дік ре­сім­де­удің; - та­риф­тік және са­лық­тық же­ңіл­дік­тер ұсы­ны­ла­тын та­у­ар­лар­ды ба­қы­ла­удың бі­рың­ғай тәр­ті­бі мен ере­же­ле­рін әзір­леу 2004-2005 18 Та­у­ар­лар­дың, со­ның ішін­де үшін­ші ел­дер­де шы­ға­ры­ла­тын та­у­ар­лар­ды ке­ден­дік ба­ға­ла­удың бі­рың­ғай ере­же­ле­рін ДСҰ-ның нор­ма­ла­ры мен ере­же­ле­рін ес­ке­ре оты­рып әзір­леу 2004-2005 19 Та­у­ар­лар шы­ға­ры­л­ған ел­дер­ді, со­ның ішін­де үшін­ші ел­дер­ді ай­қын­да­удың бі­рың­ғай ере­же­ле­рін әзір­леу 2004 20 Бір­лес­кен ке­ден­дік ба­қы­лау мен екі ел­дің уәкі­лет­ті ор­ган­да­ры бе­ре­тін құ­жат­тар­ды өза­ра та­ну­ды ен­гі­зу 2004-2005 21 Екі ел ара­сын­да электр энер­ги­я­сын та­сы­мал­дау шар­тта­ры­мен ке­лі­су, электр энер­ги­я­сын ке­ден­дік ре­сім­деу мен ке­ден­дік ба­қы­ла­уды бі­р­із­ден­ді­ру 2004 22 Та­у­ар­лар­ды екі ел­дің ке­ден аумақ­та­ры ар­қы­лы тран­зит­пен өтуі ту­ра­лы ке­лі­сім­ді дай­ын­дау 2004 Ке­ден қыз­мет­те­рі­нің бі­рың­ғай ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған ақ­па­рат­тық жүй­е­сін құ­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды қа­был­дау 23 Ке­ден қыз­мет­те­рі­нің бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды әзір­леу 2004-2005 Қа­зақ­стан мен Қыр­ғыз­стан­ның сырт­қы ше­ка­ра­ла­рын­да эко­но­ми­ка­лық қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету, кон­тра­бан­да­ға қар­сы кү­ре­стің бір­лес­кен ша­ра­ла­ры 24 Ке­ден­дік құқық бұ­зу­шы­лық мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша қыл­мыстық және әкім­ші­лік заң­на­ма­ла­рын үй­ле­сті­ру 2004-2005 25 Ке­ден және ше­ка­ра кадр­ла­рын ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар мен та­лап­тар­ға сәй­кес да­яр­лау және қай­та да­яр­лау бой­ын­ша ын­ты­мақ­та­стық­ты ұй­ым­да­сты­ру тұ­рақ­ты *26 Ке­ден іс­ін­де бі­р­із­ден­ді­рі­л­ген тал­дау жүй­е­сі мен тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру тұ­жы­рым­да­ма­ла­рын әзір­леу 2005-2006 Қа­зақ­стан мен Қыр­ғыз­стан­ның сырт­қы ше­ка­ра­ла­рын­да­ғы дағ­да­рыс жағ­дай­ла­рын жою ке­зін­де өза­ра іс-қи­мыл жүй­е­сін құ­ру 27 Сырт­қы ше­ка­ра­лар­да дағ­да­рыс жағ­дай­ла­ры туын­да­ған кез­де және олар­ды жою ке­зін­де Та­рап­тар­дың кү­ш­те­рі мен құ­рал­да­рын пай­да­ла­на оты­рып екі ел­дің ше­ка­ра ве­дом­ство­ла­ры­ның же­дел өза­ра іс-қи­мыл жүй­е­сін жа­сау 2004 28 Ха­лы­қа­ра­лық тер­ро­ризм­ге қар­сы кү­рес және екі ел ау­ма­ғы­на заң­сыз қо­ныс ауда­ру­ға қар­сы әре­кет ету жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру 2004-2005 29 Екі ел ау­ма­ғы­на есірт­кі құ­рал­да­ры­ның, қа­ру-жа­рақ­тың және өзге де кон­тра­бан­да­ның ену­іне қар­сы кү­рес жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды іс­ке асы­ру 2004-2005 ІҮ бө­лім. Ке­лі­сі­л­ген эко­но­ми­ка­лық са­я­сат жүр­гі­зу Мак­ро­эко­но­ми­ка­лық са­я­сат­ты үй­ле­сті­ру 30 Екі ел эко­но­ми­ка­сы жағ­дай­ы­ның және да­муы­ның мо­ни­то­рин­гін жүр­гі­зу. Та­у­ар­лар­мен және қыз­мет көр­се­ту­лер­мен өза­ра са­уда, ин­ве­сти­ци­я­лық қыз­мет жағ­дайы мен сер­пі­нін тал­да­уды қо­са ал­ған­да, екі ел­дің әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дайы ту­ра­лы тоқ­сан­дық лез­де­ме-ақ­па­рат­тар мен жыл­дық ба­ян­да­ма­лар­ды дай­ын­дау тұ­рақ­ты 31 Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­му бағ­дар­ла­ма­ла­рын тал­дау негі­зін­де эко­но­ми­ка­лық ре­фор­ма­лар­ды жүр­гі­зу жө­нін­де ке­лі­сі­л­ген іс-қи­мыл­дар­ды әзір­леу тұ­рақ­ты 32 Әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық да­му­дың ба­сым ба­ғыт­та­ры бой­ын­ша бір­лес­кен ғы­лы­ми-тех­ни­ка­лық бағ­дар­ла­ма­лар­ды қа­лып­та­сты­ру және іс­ке асы­ру 2004-2006 *33 Те­мір жол кө­лі­гі, те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар, электр энер­ги­я­сын бе­ру, мұ­най мен га­з­ды та­сы­мал­дау және т.б. са­ла­сын­да­ғы та­би­ғи мо­но­по­ли­я­лар­дың қыз­ме­тін рет­те­удің бі­рың­ғай қа­ғи­дат­та­рын қа­лып­та­сты­ру 2005-2006 Бюд­жет­тік рет­теу са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ны үй­ле­сті­ру 34 Бюд­жет­тік рет­теу са­ла­сын­да­ғы ұлт­тық заң­на­ма­ға са­лы­стыр­ма­лы-құқық­тық тал­дау жүр­гі­зу 2004 35 Бюд­жет­тік рет­теу са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ны, со­ның ішін­де бюд­жет­тер­ді, ти­іс­ті рә­сім­дер­ді және заң­на­ма­ны қа­лып­та­сты­ру мен ат­қа­ру­дың жал­пы қа­ғи­дат­та­рын үй­ле­сті­ру 2004-2005 36 Қа­зақ­стан мен Қыр­ғыз­стан­ның бюд­жет про­це­сі бой­ын­ша ақ­па­рат ал­ма­су­ды ұй­ым­да­сты­ру 2004-2005 Са­лық са­я­са­ты са­ла­сын­да 37 Са­лық заң­на­ма­ла­ры­на са­лы­стыр­ма­лы-құқық­тық тал­дау жүр­гі­зу 2004 38 Са­лық заң­на­ма­сын же­ке және са­ла­лық си­патта­ғы же­ңіл­дік­тер мен пре­фе­рен­ци­я­лар бе­ру бө­лі­гін­де үй­ле­сті­ру 2004-2005 39 ҚҚС тәр­ті­бі мен қай­та­ру мер­зім­де­рін бі­р­із­ден­ді­ру­ді қо­са ал­ған­да, экс­порт ке­зін­де­гі жа­на­ма са­лық­тар алу­дың бі­рың­ғай ере­же­ле­ріне кө­шу 2004-2005 40 Ірі са­лық тө­ле­у­ші­лер­дің са­лық тө­ле­уін ба­қы­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру жүй­е­сін же­тіл­ді­ру 2004-2005 41 Транс­ферт­тік ба­ға бел­гі­леу са­ла­сын­да­ғы са­лық­тық және ке­ден­дік ба­қы­ла­уды же­тіл­ді­ру 2004 42 Ак­циз став­ка­ла­рын жа­қын­да­ту 2004-2005 Ү бө­лім. Эко­но­ми­ка­ның нақ­ты сек­то­рын­да өза­ра іс-қи­мыл­ды жан­дан­ды­ру және ин­ве­сти­ци­я­лық ын­ты­мақ­та­стық 43 Эко­но­ми­ка­ның ба­сым са­ла­ла­рын­да мем­ле­ке­та­ра­лық мақ­сат­ты бағ­дар­ла­ма­лар­ды әзір­леу және іс­ке асы­ру тұ­рақ­ты 44 Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ыстық­көл кө­лін­де ор­на­лас­қан са­на­то­ри­я­лық-ку­рорт­тық объ­ек­ті­лер­ге ("Ав­то­мо­би­лист" (Қо­рым­ды с.) және Са­мал» (Бо­сте­рі с.) де­ма­лыс үй­ле­рі, "Қа­зақ­стан» са­на­то­рийі (Бо­сте­рі с), "уни­вер­си­тет" спорт­тық-са­уық­ты­ру ла­ге­рі (Бо­сте­рі с.) мен­шік құқы­ғын рет­теу 2004 *45 Мем­ле­кет­тік са­тып алу­лар са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ны үй­ле­сті­ру ар­қы­лы мем­ле­кет­тік са­тып алу­лар са­ла­сын­да үй­ле­сті­рі­л­ген са­я­сат­ты әзір­леу 2005 *46 Ин­тел­лек­ту­ал­дық мен­шік құқы­ғын қор­ғау, ин­но­ва­ци­я­лық қыз­мет­ті ын­та­лан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ны үй­ле­сті­ру 2005-2006 ҮІ бө­лім. Энер­ге­ти­ка­лық ры­н­ок­ты қа­лып­та­сты­ру және бір­ле­сіп да­мы­ту Энер­ге­ти­ка­лық ры­н­ок­ты да­мы­ту және бі­рың­ғай энер­го­жүйе құ­ру 47 Энер­ге­ти­ка са­ла­сын­да­ғы қа­ты­на­стар­ды рет­тей­тін қол­да­ны­с­та­ғы ұлт­тық заң­на­ма­лар­ға олар­ды бі­р­із­ден­ді­ру бой­ын­ша ұсы­ны­стар әзір­леу үшін тал­дау жүр­гі­зу 2004-2005 48 Өн­ді­рі­стік ак­тив­те­ріне тәу­ел­сіз ба­қы­лау нәти­же­ле­рі бой­ын­ша те­пе-тең­дік негіз­де Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғы ар­қы­лы өте­тін Бұ­ха­ра газ ай­дау аудан­да­ры-Таш­кент-Біш­кек-Ал­ма­ты» ма­ги­страль­ді газ құ­бы­ры участ­ке­ле­рін бір­ле­сіп пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі Қыр­ғыз-Қа­зақ­стан­дық бір­лес­кен кә­сі­пор­нын құ­ру 2004 жы­л­ғы І тоқ­сан 49 Екі ел­дің электр энер­ги­я­сы ры­но­гы­на рұқ­сат бе­ру және На­рын-Сыр­да­рия бас­сей­ні­нің су ре­сур­ста­рын ұтым­ды пай­да­ла­ну­ды ес­ке­ре оты­рып, екі мем­ле­кет ау­ма­ғы бой­ын­ша электр энер­ги­я­сы тран­зи­тін ұсы­ну 2004 50 Гео­ло­ги­я­лық бар­лау са­ла­сын­да бір­лес­кен ша­ра­лар ке­ше­нін жү­зе­ге асы­ру, тау кен ши­кі­за­ты объ­ек­ті­ле­рін зерт­теу 2004-2006 51 Су қой­ма­ла­ры­ның На­рын-Сыр­да­рия кас­кады­ның су-энер­ге­ти­ка­лық ре­сур­ста­рын пай­да­ла­ну ре­жим­де­рін оң­тай­лан­ды­ру мақ­са­тын­да бір­лес­кен кә­сі­по­рын құ­ру жө­нін­де­гі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нақ­ты ұсы­ны­ста­рын қа­рау және жағ­дай­лар­ды ай­қын­дау 2004 жы­л­ғы ІІ тоқ­сан 52 Қам­ба­ра­та ГЭС-ін бір­ле­сіп са­лу және пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұсы­ны­ста­рын қа­рау және жағ­дай­лар­ды ай­қын­дау 2004 жы­л­ғы ІІ тоқ­сан 53 Қа­тар жұ­мыс жүр­гі­зу ре­жи­мін­де ұлт­тық энер­го­жүй­е­ле­рі­нің тұ­рақ­ты жұ­мыс іс­те­уін қам­та­ма­сыз ету тұ­рақ­ты ҮІІ бө­лім. Кө­лік ода­ғын құ­ру және тран­зит­тік әле­ует­ті іс­ке асы­ру 54 Екі ел­дің Бі­рың­ғай кө­лік ке­ңі­сті­гін қа­лып­та­сты­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды әзір­леу 2004-2006 55 Жүк­тер­ді Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мен Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның те­мір жол­да­ры­мен та­сы­мал­дау ке­зін­де екі ел­дің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­ле­рі үшін ұлт­тық та­риф­тер ре­жи­мін ұсы­ну жө­нін­де­гі Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­ның нақ­ты ұсы­ны­ста­рын қа­рау және жағ­дай­лар­ды ай­қын­дау 2004 жы­л­ғы ІІ тоқ­сан 56 Екі ел ара­сын­да рұқ­сат­сыз негіз­де ав­то­мо­биль ба­ғыт­та­рын ұй­ым­да­сты­ру 2004 жы­л­ға І тоқ­сан ҮІ­ІІ бө­лім. Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік са­лад­а­ғы өза­ра іс-қи­мыл Ке­лі­сі­л­ген аг­рар­лық са­я­сат жүр­гі­зу 57 Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік сек­тор­дың же­ке­ле­ген сег­мент­те­рі бой­ын­ша өза­ра іс-қи­мыл­ды ұй­ым­да­сты­ру 2004-2005 IX бө­лім. Ор­тақ қар­жы ры­но­гын қа­лып­та­сты­ру және ва­лю­та­лық ин­те­гра­ци­я­ны да­мы­ту Ва­лю­та және қор ры­н­ок­та­рын­да­ғы ын­ты­мақ­та­стық­ты да­мы­ту 58 Екі ел­дің құн­ды қа­ға­з­дар ры­но­гын­да ке­лі­сі­л­ген са­я­сат жүр­гі­зу 2004 59 Құн­ды қа­ға­з­дар ры­но­гын­да кә­сіп­тік қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру­дың бі­рың­ғай қа­ғи­дат­та­рын әзір­леу 2004 *60 Екі ел­дің ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­ле­рі­нің құн­ды қа­ға­з­дар­дың ұлт­тық ры­н­ок­та­ры­на қол жет­кі­зу­і­нің тең жағ­дай­ла­рын қам­та­ма­сыз ету 2005 *61 Ин­те­гра­ци­я­лан­ған ва­лю­та ры­но­гын қа­лып­та­сты­ру 2004-2005 *62 Құн­ды қа­ға­з­дар эмис­си­я­сы тәр­ті­бін бі­р­із­ден­ді­ру 2006 Ор­тақ қар­жы ры­но­гын қа­лып­та­сты­ру. Ор­тақ банк­тік қыз­мет көр­се­ту­лер ры­но­гын құ­ру *63 Екі ел­дің банк­тік заң­на­ма­сын үй­ле­сті­ру 2004-2005 *64 Банк­тер­дің қыз­ме­тін рет­теу мен қа­да­ға­ла­уды Ба­зель қа­ғи­дат­та­ры­на сәй­кес кел­ті­ру 2006 *65 Ха­лы­қа­ра­лық стан­дарт­тар­ға сәй­кес кре­дит-қар­жы ұй­ым­да­рын­да­ғы же­ке тұ­лға­лар­дың са­лым­да­рын ке­піл­ден­ді­ру (сақ­тан­ды­ру) жүй­е­сін құ­ру 2006 Ор­тақ сақ­тан­ды­ру ры­но­гын қа­лып­та­сты­ру *66 Сақ­тан­ды­ру заң­на­ма­сы­на тал­дау жүр­гі­зу және екі ел­дің ор­тақ сақ­тан­ды­ру ры­но­гын құ­ру жө­нін­де­гі құ­жат жо­ба­сын дай­ын­дау 2005 *67 Екі ел­дің сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті ры­но­гын­да­ғы опе­ра­ци­я­ла­рын рет­тей­тін заң­на­ма­ла­рын үй­ле­сті­ру 2005 *68 Екі ел ин­ве­стор­ла­ры­ның мүд­де­сін қор­ғауды сақ­тан­ды­ру­дың ор­тақ жүй­е­сін қа­лып­та­сты­ру­ға жәр­дем­де­су 2005 *69 Сақ­тан­ды­ру ұй­ым­да­ры­ның қыз­ме­тін рет­теу мен қа­да­ға­ла­уды ха­лы­қа­ра­лық қа­ғи­дат­тар­мен сәй­кес кел­ті­ру 2006 *70 Ка­пи­тал са­лым­да­рын жү­зе­ге асы­ру­ды қо­са ал­ған­да, со­ның ішін­де же­ке­ше­лен­ді­ру жо­лы­мен ме­ке­ме­лер­ге және ком­па­ни­я­лар қыз­ме­тіне қа­ты­сты Қа­зақ­стан мен Қыр­ғыз­стан­ның же­ке­ле­ген сек­тор­лар­да­ғы бір-бі­рі­нің алу­ла­рын сақ­тай оты­рып, ұлт­тық ре­жим­ді ұсы­ну үшін жағ­дай жа­сау 2006 және кей­ін­гі жыл­дар *71 Екі ел ара­сын­да­ғы ка­пи­тал қоз­ға­лы­сы­мен бай­ла­ны­сты опе­ра­ци­я­лар­ды то­лық ырық­тан­ды­ру 2005 X бө­лім. Әле­умет­тік-гу­ма­ни­тар­лық са­лад­а­ғы және кө­ші-қон са­я­са­ты са­ла­сын­да­ғы ын­ты­мақ­та­стық Ке­лі­сі­л­ген әле­умет­тік са­я­сат­ты қа­лып­та­сты­ру 72 Ха­лық­тық та­бысы мен тұр­мыс дең­гейі са­ла­сын­да­ғы әді­сте­ме­лік, нор­ма­тив­тік, құқық­тық ке­сім­дер­ді тал­дау 2004-2005 73 Өза­ра же­дел және шұ­ғыл ме­ди­ци­на­лық кө­мек ұсы­ну­ды қам­та­ма­сыз ету тұ­рақ­ты 74 Бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат­ты ер­кін ал­ма­су және та­ра­ту­ды қам­та­ма­сыз ету тұ­рақ­ты 75 Қа­зақ диас­по­рас­ы­ның жи­на­қы тұ­ра­тын жер­ле­рін­де қа­зақ ті­лін­де оқы­та­тын сы­нып­тар­ды, топ­тар мен мек­теп­тер­ді ашу­ға жәр­дем­де­су 2004-2005 76 Зей­не­та­қы­мен қам­та­ма­сыз ету са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ны үй­ле­сті­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды әзір­леу 2006-2007 77 Ха­лық­тық ме­ди­ци­на­лық-әле­умет­тік са­рап­та­уын ұй­ым­да­сты­руы­на, мү­ге­дек­тер­ді оңал­ту және    оңал­ту ин­ду­стри­я­сы­на ке­лі­сі­л­ген қа­ғи­дат­та­ры мен әді­сте­рін бел­гі­леу жө­нін­де­гі ұсы­ны­стар­ды әзір­леу 2004-2006 Ең­бек кө­ші-қо­нын рет­теу және аза­мат­тар­дың ер­кін жү­ріп-тұ­руын қам­та­ма­сыз ету 78 Аза­мат­тар­дың екі ел ау­ма­ғын­да ер­кін жү­ріп-тұ­руын қам­та­ма­сыз ету 2004-2006 *79 Кө­ші-қон са­я­са­ты қа­ғи­дат­та­рын бі­р­із­ден­ді­ру 2006 80 Қыр­ғыз­стан­ның Қа­зақ­стан­да жұ­мыс іс­тей­тін кө­шіп ке­лу­ші­ле­рі­нің және Қа­зақ­стан­ның Қыр­ғыз­стан­да жұ­мыс іс­тей­тін кө­шіп ке­лу­ші­ле­рі­нің уа­қыт­ша ең­бек іс-әре­ке­ті­мен бай­ла­ны­сты мә­се­ле­лер­ді рет­теу 2004 81 Үшін­ші ел­дер­ге қа­ты­сты ке­лі­сі­л­ген ви­за­лық са­я­сат жүр­гі­зу 2004-2006 ХІ бө­лім. Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да­ғы ын­ты­мақ­та­стық 82 Қор­ша­ған ор­та­ның, со­ның ішін­де тран­с­ше­ка­ра­лық объ­ек­ті­лер­дің ла­ста­нуы­ның ал­дын алу және эко­ло­ги­я­лық мо­ни­то­ринг ен­гі­зу бой­ын­ша ке­лі­сі­л­ген іс-қи­мыл­ды ұй­ым­да­сты­ру 2004-2005 83 Жа­һандық эко­ло­ги­я­лық мә­се­ле­лер­ді ше­шу­де­гі бір­лес­кен жо­ба­лар­ды жү­зе­ге асы­ру және қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да ақ­па­рат ал­ма­су­ды ұй­ым­да­сты­ру 2004-2006 84 Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау және тұ­рақ­ты да­мы­ту са­ла­сын­да­ғы өңір­лік іс-қи­мыл жос­пар­ла­рын іс­ке асы­ру­ға қа­ты­су тұ­рақ­ты 85 Та­би­ғат қор­ғау заң­на­ма­сын үй­ле­сті­ру 2004-2006 XII бө­лім. Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық одақ­ты қа­лып­та­сты­ру 86 Екі ел­дің бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық ке­ңі­сті­гін қа­лып­та­сты­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар ке­ше­нін әзір­леу 2004-2006 87 Бі­рың­ғай ақ­па­рат­тық ке­ңі­стікке ену мақ­са­тын­да ақ­па­рат­тан­ды­ру тех­но­ло­ги­я­ла­рын да­мы­ту­да тә­жі­ри­бе ал­ма­су 2004-2006 Бай­ла­ныс және ақ­па­рат­тан­ды­ру са­ла­сын­да­ғы өза­ра іс-қи­мыл 88 Поч­та­лық жө­нел­ті­лім­дер­ді ше­ка­ра ар­қы­лы өт­кі­зу рә­сім­де­рін же­дел­де­ту және олар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша бір­лес­кен іс-ша­ра­лар­ды әзір­леу 2004-2006 89 Екі ел ау­ма­ғын­да та­ра­ту үшін ха­лық­тың мер­зім­ді ба­сы­лым­ға сұ­ра­ны­сын қа­на­ғат­тан­ды­ру жө­нін­де­гі өза­ра іс-қи­мыл­дар­ды одан әрі ке­ңей­ту 2004-2006 Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар са­ла­сын­да 90 Қа­зақ­стан бай­ла­ныс спут­ни­гі­нің транс­пон­дер­ле­рін бір­ле­сіп пай­да­ла­ну және іс­ке қо­су мүм­кін­дік­те­рін зерт­теу 2004-2005 *91 Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лық ком­па­ни­я­лар­дың ак­ци­о­нер­лік ка­пи­та­лы­на қа­ты­су мүм­кін­ді­гін зерт­теу 2004-2005 92 Те­ле­ком­му­ни­ка­ци­я­лар са­ла­сын­да ке­лі­сі­л­ген та­риф са­я­са­тын жүр­гі­зу 2005-2007 XIII бө­лім. Ту­ризм са­ла­сын­да­ғы ын­ты­мақ­та­стық 93 "Ұлы Жі­бек Жо­лы" бір­лес­кен ту­ри­стік жо­ба­ны қа­лып­та­сты­ру жө­нін­де­гі ша­ра­лар­ды әзір­леу 2004-2005 Ескерту: * - ЕурАзЭҚ ортақ кедендік тариф енгізілгеннен кейін іске асырылуы мүмкін іс-шаралар