Об оказании социальной помощи молодежи из числа студентов для частичного возмещения расходов, связанных с получением образования Қолданыста
Басқа 0
Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына , «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, Қостанай облыстық мәслихатының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы № 267 «Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын бекіту туралы» шешімімен бекітілген Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасын орындау үшін Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу yшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсетілсін:
жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары бойынша күндізгі оқу бөліміндегі, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 40 студентке 2006 жылдың қарашасында 50000 теңге мөлшерінде;
жоғары оқу орындарының дәрігерлік мамандықтары бойынша күндізгі оқу бөліміндегі, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 40 студентке 2006 жылдың қарашасында 119050 теңге мөлшерінде;
жоғары оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, оқытудың 2 курсынан бастап, оқу озаттары, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 20 студентке 2006 жылдың қарашасында 40000 теңге мөлшерінде және 2006 жылдың желтоқсанында 10000 теңге;
орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі оқу бөліміндегі студенттер ішінен, оқытудың 1 курсынан бастап, оқу озаттары, облыстың қоғамдық өміріне белсене қатысып жүрген, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан 18 студентке бастап 2006 жылдың қарашасында 23200 теңге мөлшерінде және 2006 жылдың желтоқсанында 5800 теңге.
Тармақ 2
2. «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесі (Т.С. Жақыпова) білім алу кезеңінде шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету жағынан Қостанай облысының 2006-2008 жылдарға арналған өңірлік жастар саясаты бағдарламасының іс-шараларын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыс әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңес бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Қостанай облысының ішкі саясат департаменті» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік көмекті алуға үміткерлерді анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлесін және енгізсін.
Тармақ 4
4. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 28 ақпандағы № 65 «Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысының күші жойылды деп есептелсін (2006 жылғы 15 наурыздағы мемлекеттік тіркеу нөмірі 3542, № 41 «Қостанай таңы» газетінде 2006 жылдың 4 сәуірінде жарияланған, № 48 «Костанайские новости» газетінде 2006 жылдың 6 сәуірінде жарияланған).
Тармақ 5
5. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 31 тамыздағы № 300 «Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 6
6. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 5 қазандағы № 344 «Білім алуына байланысты шығыстарын ішінара өтеу үшін студенттер қатарындағы жастарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» қаулысының күші жойылсын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.