Шыңғырлау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шыңғырлау ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» заңын басшылыққа ала отырып, ауданда мүгедектерді жұмыспен қамту туралы мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау ауданында жұмыс орындарын жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
Тармақ 2
2. Селолық округ әкімдері, Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, тиісті мекеме, кәсіпорын басшылармен бірлесе отырып осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелсін.