Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 590 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» заңын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия № 1 қосымшаға сәйкес құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды тіркеу және олардың дербес есептерді жүргізілсін.
Тармақ 3
3. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері және ақшалай сыйақының мөлшері № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 4
4. Селолық округ әкімдері, аудандық ішкі істер бөлімімен бірлесе отырып елді мекендерде азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуларын ұйымдастыру және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды ала ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы №1243 «Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдемдескен, қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды көтермелеу ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің жойылған қаулыларының тізбесі № 3 қосымшаға сәйкес берілсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А.Манкеевке жүктелсін.
Басқа 8. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 09 қазандағы № 202 қаулысына № 1 қосымша Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия
Тармақ 1
1. Манкеев Наурызбай Айтқалиұлы – аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы;
Тармақ 2
2. Айтмухамбетов Қалияр Шадиярұлы – аудан әкімі аппаратының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары;
Тармақ 3
3. Тұрмағамбетов Ержан Рысжанұлы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, комиссия мүшесі;
Тармақ 4
4. Жақыпбеков Мұрат Қоныржанұлы – Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы. Комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 5
5. Шотпанов Адақ Танабайұлы – Шыңғырлау аудандық мәслихат хатшысы, комиссия мүшесі (келісім бойынша);
Тармақ 6
6. Хамиев Самиғолла Хабиболлаұлы – Шыңғырлау ауданының қаржы бөлімінің бастығы, комиссия мүшесі;
Тармақ 7
7. Мырзағалиев Замир Борисұлы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, комиссия хатшысы.
Басқа 16. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері және ақшалай сыйақының мөлшері
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 09 қазандағы № 202 қаулысына № 2 қосымша Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі, түрлері және ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақ 1
1. Көтермелеудің тәртібі
Тармақша 1
1) Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерін аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (одан әрі - аудандық комиссия) қарайды.
Тармақша 2
2) Шыңғырлау аудандық ішкі істер бөлімі ай сайын қатысушылардың жұмысының қорытындысын жасап, қатысушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген көтермелеу шараларын қолдану жөнінде аудандық комиссияға ұсыныс жасайды.
Тармақша 3
3) Ұсыныс Шыңғырлау ауданының ішкі істер бөлімінің қолдаухаты түрінде беріледі.
Тармақша 4
4) Қолдаухатта азаматы көтермелеуге ұсынудың негізі көрсетіледі. Оған ішкі істер бөлімі бастығымен бекітілген қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтардың жұмыс нәтижелерін есепке алу табелі жалғанады.
Тармақша 5
5) Аудандық комиссия қажеттілігіне байланысты өз отырысын өткізіп, аудандық ішкі істер бөлімінің ұсынысын қарайды.
Тармақша 6
6) Комиссия мүшелері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушының жасаған әрекетінің қоғамға пайдалығын ескеріп, марапаттау түрін айқындайды.
Тармақша 7
7) Комиссия отырысы хаттамамен рәсімделіп, қоғамдық тәртіпке қатысушыны марапаттау жөнінде аудан әкіміне хабарлайды.
Тармақша 8
8) көтермелеуге ұсынылған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушыны аудан әкімі, аудандық ішкі істер бөлімінің, аудандық мәслихат қызметкерлерінің және басқа да қызметкерлердің қатысуымен марапаттайды.
Тармақша 9
9) Көтермелеуге жергілікті атқарушы органда тіркелмеген азаматтар да ұсынылуға болады, егер олар қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге немесе оларды ашуға септігін тигізсе.
Тармақ 2
2. Көтермелеудің түрлері
Тармақша 1
1) алғыс жариялау;
Тармақша 2
2) грамотамен марапаттау;
Тармақша 3
3) ақшалай сыйлық беру.
Тармақ 3
3. Ақшалай сыйақының мөлшері
Тармақша 1
1) Ақшалай сыйақының мөлшері 10 есе айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс.
Басқа 33. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің жойылған қаулыларының тізбесі
Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 09 қазандағы № 202 қаулысына № 3 қосымша Шыңғырлау ауданы әкімдігінің жойылған қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2004 жылғы 1 қарашадағы № 243 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия құру»;
Тармақ 2
2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2005 жылғы 30 маусымдағы № 129 «Аудан әкімдігінің 2004 жылғы 2004 жылғы 1 қарашадағы № 243 «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия құру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы;
Тармақ 3
3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 145 « Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысу туралы»;
Тармақ 4
4. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 24 шілдедегі № 168-1 «Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы».