Қолданыстағы ред. 09.10.2006

Лубен селолық округі бойынша ірі қара малы арасында бруцеллез ауырының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы от 09.10.2006 г. № 201 (Лубен селолық округі бойынша ірі қара малы арасында бруцеллез ауырының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы)

0

Лубен селолық округі бойынша ірі қара малы арасында бруцеллез ауырының тіркелуіне байланысты шектеу салу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339-ІІ «Ветеринария туралы» Заңдарын басшылыққа алып, бруцеллез ауруының әлеуметтік қауіптілігін ескере отырып, осы ауруға қарсы эпизоотиялық шаралардың орындалуын қамтамасыз ету және округ тұрғындарын бруцеллез ауруынан сақтандыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ірі қара малы арасында бруцеллез ауруының тіркелуіне байланысты Лубен селолық округі аймағына мал басы сауықтырылғанша шектеу салынсын.

2

2. Қоса беріліп 2006 жылға Лубен селолық округі бойынша ірі қара малдарын бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары бекітілсін.

3

3. Лубен селолық округ әкіміне (Қосмағамбетов), Шыңғырлау аудандық аумақтық басқармасымен (Досқазиев), Шыңғырлау аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасымен (Сабиров), Шыңғырлау аудандық аумақтық медициналық бірлестігімен (Қалмен) бірлесе отырып, жоспарда көрсетілген шараларды ұйымдастыру, санитарлық және арнайы мал-дәрігерлік шараларын уақытылы және толық орындалуын қамтамасыз етуі тапсырылсын.

4

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.А.Манкеевке жүктелсін.

5. 2006 жылға Лубен селолық округі бойынша ірі қара малдарын бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары

Аудан әкімдігінің 2006 жылғы
9 қазандағы №201 қаулысымен
бекітілді
2006 жылға Лубен селолық округі бойынша ірі қара малдарын бруцеллез ауруынан сауықтыру жөніндегі кешенді жоспары
Бруцеллез туралы жалпы анықтама

1

1. Бруцеллез –Brucella атты жалпы атаумен біріктірілген бактериялар қоздыратын созылмалы өтетін адам және жануарлардың ауруы.
Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бруцеллез жөнінде біріктірілеген сараптаушы комитеті келесі топтасыруды ұсынады, осыған қарағанда Вruсеllа туыстастығы 6 түрге бөлінеді: Вruсеllа melitensis, Вruсеllа abortus, Вruсеllа suis, Вruсеllа neotome, Вruсеllаovis, Вruсеllа canis.
Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин., 80-85 градуста - 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырықта тіршілігін 100 күн, суда - 114 күн сақтайды. Қоздырушы азық-түлікте ұзақ уақыт сақталады. Төменгі температураға өте төзімді болады (қатырылған етте 5 ай, сүт өнімдерінде - 1,5 айға дейін сақталады). Бруцеллездің қоздырушысы әр түрлі дезинфекциялық заттарға сезімтал: 2% карбол қышқылының ерітіндісі мен күйдіргіш натр, лизолдың 3% ерітіндісі хлорлы әктің және хлораминнің 0,2-1% ерітінділері қоздырушыны бірнеше минутта өлтіреді.

2

2. Адам бруцеллезінде індеттің негізгі көзі қой, ешкі, сиректеу ірі қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануарлар болып табылады. Бруцеллез індетінің таралуында адам ролінің эпидемиологиялық манызы жоқ.
Бруцеллез адамдарға әр түрлі жолдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдерін, шикізаттарын пайдаланғанда) немесе алиментарлық жолмен жұғады.
Мал өнімдері мен шикізаттарының эпидемиологиялық манызы көп мөлшерде ластанғанымен айқындалады, сонымен қатар ол бруцелланың түріне, және оның вируленттілігі мен ұзақ уақыт сақталуына байланысты. Мысалы, ластанған сүтте - бруцеллалар 10 күннен аса, ішкі ұлпаларда, сүйекте, бұлшық ет пен лимфа бездерінде бір айдан аса, жүнде - 3 ай сақталады.
Адамдар бруцеллезге жанасу арқылы, не аэрогендық жолмен бруцелланың вирулентті өсінімен жұмыс істегенде шалдығады.
Қой мен ешкінің Вruсеllа melitensis түрі қоздыратын адам бруцеллезіне көктем-жазғы маусымдылық тән, ол малдын төлдеуіне байланысты. Бруцеллез адамға ірі қарадан жұққанда маусымдылық соншалықты байқалмайды, ол ауру көбінесе сүт және сүт өнімдері арқылы жұғынуына, сонымен қатар сауын мерзімі көпке созылуына байланысты.

3

3. Адамның бруцеллезі - ауыр созылмалы індет. Жасырын кезеңі 1-2 аптаға, ал кейбірде 2 айға дейін созылады. Жасырын кезеңнің мерзімі организмге енген микробтардың санына, олардың вируленттігіне және организмнің төзімділігіне байланысты.
Жасырын кезеңнен кейін адамның бруцеллезі жіті түрінде байқалып, дененің қызуы 3-7 күн бойы 39-40° С көтеріліп тұрады. Дененің қызуы тоңазумен және қатты терлеумен қатар болады. Емді дер кезінде қолданғанда адам сауығып кетеді. Бірақ көбінесе аурудын белгілері ұлғайып рецедивті бруцеллез түрінде байқалып немесе қозғалу аппаратынын, жүйке, несеп-жыныс және жүрек-қан жүйесінің зақымдануымен сипатталатын созылмалы процесске ауысып кетеді.

4

4. Жануарларда бруцеллездің клиникасы әр түрлі болады. Аурудың негізгі белгісі іш тастау болады. Бруцеллез сыртқа ауырған малдың несепімен және сүтімен шығады. Сонымен қатар малдың терісі, қорадағы мал орны, төсеніш. Жем-шөптің қалдықтары, құрал саймандар, мал қора, жайылым және суаттар ластанады. Жануарлардан іш тастаудан басқа орхит, бурсит, эндометрит, мастит байқалады. Індет сонымен қатар жасырын түрде өтеді, тек арнайы зерттеу нәтижесінде ғана анықталуы мүмкін.

5

5. Жануарлардың бруцеллезімен қүресу келесі шараларға бағытталған:

1

1) жануарлардың бруцеллезінің алдын алуға;

2

2) бруцеллездің эпизоотиялық ошақтарын жоюға;

3

3) бруцеллезді адамдарға жұқтырмауға.

6

6. Бруцеллезге қарсы шаралар ұйымдастыру-шаруашылық, ветеринариялық-санитариялық және арнайы жұмыстарды қарастырады.

Шаралардын атауы
Орындау
мерзімі
Орындаушы
НҚА құзырлығының негізі
1. Ұйымдастыру шаруашылық шаралары.
1
Эпизоотикалық жағдайға байланысты селолық округте ірі қара жайылымының аумағын анықтау
ұдайы
Лубен селолық округінің әкімі және мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы
2
Лубен селосы аумағында бруцеллезбен ауырған ірі қара қорасы немесе ауласы санитарлық тазалау жұмысын ұйымдастыру
ұдайы
Лубен селолық округінің әкімі
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы
3
Санитарлық ағартушылық шараларын жүргізу мақсатында халыққа қажеті мал-дәрігерлік, санитарлық-гигиеналық білімді жеткізу
ұдайы
Селолық округтің малдәрігерлік инспекторы, аудан МСЭҚБ, ауылдық АДА
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және мемлекеттік малдәрігерлік инспекторы туралы ережелер
2. Індет ошағындағы және бруцеллезден таза емес пункттердегі жүргізілетін мал-дәрігерлік және санитарлық шаралар
Бруцеллезден таза емес пункттің және індет ошағының шекарасын анықтау
ұдайы
Лубен селолық округінің әкімі және мал- дәрігерлік инспекторы
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы” бұйрығы
5
Шектеу шарттары бойынша тиым салынады:
- шектеу қойылған аумақ арқылы жануарларды тасымалдауға (айдап өтуге)
-осы аумаққа аурудан таза жануарларды енгізуге
-аумақтан тек етке союға ғана шығаруға
- бруцеллезбен ауырған жануарларды және олардан алынған төлдерді 5 күннен артық ұстауға;
көрсетілген жануарларды тез арада басқа жануарлардан оқшаулайды және олардың асыл тұқымдығына, өндірістік мәніне, салмағына, жасына
буаздығына қарамастан бордақыламай 5 күн ішінде
етке союға өткізеді.
Шектеу кезіне
Лубен селолық округінің әкімі және мал- дәрігерлік инспекторы, полиция учаскелік инспекторы, жеке және заңды тұлғалар, мал
ие­ле­рі
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» бұйрығы
6
Бұрын ауру жануарлар (аурудан таза емес мал басы) ұсталған мал қораларына сау малдарды енгізуге тыңғылықты дезинфекцияланғаннан, мал қыдырту алаңдарын және басқа нысандарды тазалағаннан, сондай- ақ дезинсекция және дератизация жүргізілгеннен кейін рұқсат етіледі.
Шектеу кезіне
Лубен селолық округінің әкімі және мал- дәрігерлік инспекторы
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» бұйрығы
7
Аурудан таза емес пункттерде ұсталатын сиырлардан алынған залалсыздандырылмаған сүтті сүт өңдеу мекемелеріне апаруға, базарларда сатуға, асхана жүйесінде пайдалануға тиым салынады. Ондай сүт сүт пісіріліп жас малдарды азықтандыру үшін пайдаланылады.
Шектеу кезіне
Лубен селолық округінің әкімі және мал- дәрігерлік инспекторы
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» бұйрығы
8
Ауырған жануар тұрған қора жайларды дезинфекция үшін –хлоры әктің судағы ерітіндісмен; құрамынла 2 роцент бнлсенді хлоры бар препаратымен; формальдегидтің ерітіндімсімен (70 процент формалин және 3 процент күйдіргіш натрий); 2 процент күйдіргіш натрийдің ыстық ерітіндісі; 2 процент формальдегидтің ерітіндісі; 0,5 процент глутарь альдегидтің ерітіндісі; 5 процент техникалық фенолды натрий немесе карбол қышқылы; эстосерил-1 құрамында 0,5 процент мүсәтір қышқылы бар; немесе басқада дезинфекциялық заттар пайдалынады.
Шектеу кезіне
Лубен селолық округінің әкімі және мал- дәрігерлік инспекторы
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» бұйрығы
3. Арнайы мал-дәрігерлік шаралар
9
1). Диагностикалық зерттеу:
1) селолық округте ірі қара меншік түріне қарамастан сайын барлық субъектілеріне (РБС немесе АР, КБР,ҚҰБР реакцияларымен) қатарынан 2 рет теріс нәтиже алынғанша тексереді.
2) іштастау тіркелген жағдайда, іш тасталған төлді биологиялық сынама қою арқылы бактериологиялық және өлі зерттеулер жүргізуі немесе бруцеллез антигенін анықтау имунно-ферменттік анализ - ИФА әдісімен
тексереді
3) қатарынан екі теріс нәтиже алынғаннан кейін, аурудан таза емес пункттегі барлық мал басы 3 айлық бақылауға қойылып, арасында 1,5 ай салып диагностикалық зерттеулермен тексеру.
2. Вакциналау:
1) қатарынан 2 рет теріс нәтиже алғаннан кейін;
2) Штамм-82 вакцинасын қолдану, нұсқамасына сәйкес толық дозамен егеді;
15-30 күн сайын
Мал іш тастаған және өлі туған жағдайда
Лубен селолық округінің әкімі және мал- дәрігерлік инспекторы
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» бұйрығы
4. Адамдарды аурудың жұғуынан қорғаудың шаралары
10
Бруцеллезге қарсы қолданылатын режимнің сақталуы барысында тұрғындарды, ошақта тексеру жұмысын өткізу
әр тоқсан сайын
Шыңғырлау аудандық аумақтық медициналық берлістігі
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» бұйрығы
11
Бруцеллезден таза емес пункттерде жануарлармен жұмыс істеу (мал күту, тамақтандыру) және мал сою тәртіптерін сақтауға, соңынан жабдықтарды залалсыздандыруға, ауру малдар тасымалдаған көлікті дезинфекциялауға.
Шектеу кезінде
Жеке және заңды тұлғалар мал иесі, аудан МСЭҚБ, селолық округтің мал-дәрігерлік инспекторы
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» бұйрығы
12
Бруцеллезге оң нәтиже берген жануарларды қабылдауға, тасымалдауға, союға және олардан алынған шикізаттарды өңдеуге жасы 18-ге толмаған тұлғалар, аяғы ауыр әйелдер, емшектегі балалы әйелдер жіберілмейді.
Тұрақты
Жеке және заңды тұлғалар мал иесі, аудан МСЭҚБ, селолық округтің мал-дәрігерлік инспекторы
ҚР «Ветеринария туралы» Заңы, ҚР АШМ 2004 жылғы 5 қарашадағы № 632 «Адам және жануарлар үшін ортақ (бруцеллез) ауруларды алдын-алу және күресу жөніндегі ветеринариялық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережені бекіту туралы» бұйрығы
Қатарынан екі рет теріс нәтижелер алғаннан кейін, барлық ауруға шыққан малдар тегіс жойылып (сойылып) және қортынды іс-шаралар жүргізілгеннен кейін ауру емес пункттен шектеу алынады.
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР АІЛІМ - Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрінің
МСЭҚБ - Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасы
АДА - Ауылдық дәрігерлік амбулаториясы
КҮБР - Комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы
АР - агглютинация реакциясы
КБР - комплемент байланыстыру реакциясы
РБС - роз бенгал сынамасы
ИФА - имунно-ферменттік анализ