Қолданыстағы ред. 06.10.2006

Ауданда біржолғы талондар бағасын белгілеу туралы от 06.10.2006 г. № 24-3 (Ауданда біржолғы талондар бағасын белгілеу туралы)

0

Ауданда біржолғы талондар бағасын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-11 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Кәсіпкерлік ісінде рыноктегі тізбе түрлеріне сәйкес біржолғы талондар бағасының мөлшері мынадай болып бекітілсін:

1

1) Тарату “стационарлық орында жүзеге асырылатын қызметен басқа”:
қолдан алынатын газет пен журналдар - 20 теңге;
тұқым, сондай-ақ егу материалдары “жас теректер, көшетер” - 20 теңге;
өздері өндірген бақшалық дақылдар - 100 теңге;
базар аумағында басқа жерлерден әкелінген бақшалық дақылдар -500 теңге;
әкелген бақшалық дақылдарын автокөліктен сауда жасау -1000 теңге;
қосалқы ауылшаруашылығының, бау- бақша, саябақ учаскілері өнімдері -50 теңге;
өнеркәсіптік тауарлар бір шаршы метрге -25 теңге;
азық-түлік тауарлары әр бір шаршы метрге -20 теңге.

2

2) Балық аулау және оны сату:
10 килограммға дейін 50 теңге;
10 килограммнан 50 килограммға дейін -100 теңге;
50 килограммнан 100 килограммға дейін -150 теңге;
100 килограммнан жоғары -200 теңге;

3

3) Жолаушылар тасымалдау жөніндегі жеке жеңіл автокөлік иелерінің кызметі:
5 километрге дейін -80 теңге;
5 километрден 30 километр дейін -100 теңге;
30 километрден 50 километр дейін -150 теңге;
50 километрден 100 километр дейін - 200 теңге;
100 километрден жоғары -250 теңге;

4

4) Жүк тасымалдау жөніндегі жүк автокөлігі иелерінің қызметі:
3,5 тоннаға дейін -150 теңге;
3,5 тоннадан 5 тоннаға дейін -200 теңге;
5 тоннадан 10 тоннаға дейін -300 теңге;
10 тоннадан жоғары-1000 теңге;

2

2. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2003 жылғы 17 қарашадағы «Ауданда біржолғы талондар бағасын белгілеу туралы» 2-6 шешімі күші жойылды деп танылсын.

3

3. Шыңғырлау ауданы бойынша салық комитеті (Исламбеков Ә.С.) осы шешімді басшылыққа алуы ұсыныс етілсін.

4

4. Осы шешім қабылданған мерзімнен бастап күшіне енеді.