О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам амнистии в связи с легализацией имущества Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы N 2727 заң күші бар  Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 168-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 277-құжат; 2001 ж., N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 17, 155-құжат; N 18, 157-құжат; 2004 ж., N 17, 99-құжат):
Бап 13. 13-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
13-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
Тармақ 2-1
"2-1. "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеген жағдайда өтініш беруші, осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, осы баптың 2-тармағында көзделген құжаттарға қоса мүлікті жария еткені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты да табыс етеді. Егер тұлға:
Тармақша 1
1) мүлікті жария еткені үшін алым төлеуші болып табылмайтын болса;
Тармақша 2
2) мүлікті жария еткені үшін алым төленгені туралы құжатты жергілікті атқарушы органға тапсырған жағдайда өтініш беруші мүлікті жария еткені үшін алымның төленгенін растайтын құжатты тапсырудан босатылады. Осы тармақтың екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар туралы ақпаратты тіркеуші органға мүлікті жария етуді жүргізу жөніндегі комиссия тапсырады.".
Тармақ 2
2. "Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 12, 78-құжат):
Тармақша 1
1) 4-бапта: 1-тармақтағы "2006 жылғы 30 желтоқсанда" деген сөздер "2007 жылғы 1 сәуірде" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "2007 жылғы 1 сәуірге" деген сөздер "2007 жылғы 1 шілдеге" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 6-бапта:
Тармақ 3
3-тармақ "ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ олар ақшаны жария еткен жағдайларды қоспағанда, тұрғылықты жері немесе тиісінше орналасқан жері ауылдық елді мекендер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе заңды тұлғалары" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақ 4
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 4
"4. Алым жария етілетін мүлік құнының он проценті мөлшерінде төленеді. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлікті қоспағанда, мүлікті жария ететін жария ету субъектілері алымды мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырғанға дейін төлейді. Құқықтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресімделмеген жылжымайтын мүлкін жария ететін жария ету субъектілері алымды жылжымайтын мүлікті жария етуге құжаттарды тапсырған сәттен бастап жария етілген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегенге дейін кез келген уақытта төлейді. Алымды өндіріп алу және бюджетке аудару тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
Тармақша 3
3) 7-бапта: 1-тармақтың бірінші абзацы "жария етуді" деген сөздерден кейін "және осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтың бірінші бөлігі "жария етілетін жылжымайтын мүлікті" деген сөздерден кейін ", осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларды" деген сөздермен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
Бап 8. "8-бап. Ақшаны жария ету
"8-бап. Ақшаны жария ету
Тармақ 1
1. Заңды тұлғалар ақшаны жария етуді мемлекеттік тіркеу орны бойынша салық органына мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) осы Заңға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада мүлікті жария етуді жүргізуге арналған өтінішті;
Тармақша 2
2) алым төленгенін растайтын құжатты;
Тармақша 3
3) жарғының (ереженің), заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, салық төлеуші куәлігінің және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін;
Тармақша 4
4) екінші деңгейдегі банк не шетелдік банк берген, жария етуге ұсынылған ақша сомасының бар екендігін растайтын құжатты тапсыру арқылы жүргізеді. Ақша өтініш қабылданған сәттен бастап жария етілген деп танылады.
Тармақ 2
2. Жеке тұлғалар ақшаны жария етуді алым төлеу арқылы жүзеге асырады. Ақша алым төленген сәттен бастап жария етілген деп танылады.";
Тармақша 5
5) 11-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі "Жылжымайтын мүліктің жария етілгені" деген сөздер "Жария етілген жылжымайтын мүлік, жария ету субъектісінің алым төлегені және алым төлеуші болып табылмайтын тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 6
6) 16-баптағы "2007 жылғы 1 сәуірде" деген сөздер "2007 жылғы 1 шілдеде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., N 12, 79-құжат): 2-баптағы "2007 жылғы 1 сәуірде" деген сөздер "2007 жылғы 1 шілдеде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Бап 2. 2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті