Об утверждении Правил рубок главного пользования в горных лесах Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта пайдалану ағаш кесу ережелерiн бекiту туралы
"Қазақстан Республикасының Орман кодексiн күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1993 жылғы 23 қаңтардағы N 1925-ХII қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудiң қоса берiлiп отырған Ережелерi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасының таулы ормандарында басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу Ережелерiн ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдарға, мүдделi министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдарға, орман иеленушiлер мен орман пайдаланушыларға жеткiзсiн және олардың сақталуына қатаң бақылау жасасын.