Шыңғырлау ауданындағы елді мекендерінде жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережесін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Шыңғырлау ауданындағы елді мекендерінде жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес және Шыңғырлау ауданындағы жасыл желектердің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шыңғырлау ауданындағы елді мекендерінде жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережесі бекітілсін (жалғанды).
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 9 маусымдағы «Шыңғырлау ауданындағы елді мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау ережесі туралы» №21-9 шешімі жойылды деп танылсын.
Басқа 3. Шыңғырлау ауданындағы елді мекендерінде жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережесі
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы
«6» қазандағы № 24-5 шешімімен бекітілген
Шыңғырлау ауданындағы елді мекендерінде жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережесі
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Орман кодексіне, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес жасалды.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже
1. Жалпы ереже
Тармақ 1
1. Осы ереже аудан аумағында тұратын немесе өз қызметін жүзеге асыратын меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 2
2. Осы Ереже пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) бақ - функционалдық аймаққа бөлінген және ұзақ мерзімді демалысқа алған жалпы пайдаланыстағы көгалдандырылған аумақ;
Тармақша 2
2) газон - көгалдандырылған аймақтың ашық учаскелерінде арнайы таңдап алынған шөптердің тұқымын себу арқылы жасалған шөптесін жабынды;
Тармақша 3
3) жасыл желектер - шығу тегі табиғи және жасанды, азаматтық заңға сәйкес мүлікке жататын және аудан меншігі болып табылатын сүректі-бұта және шөптесін өсімдіктер;
Тармақша 4
4) жасыл алап - бақ ландшафтының ең ірі бірлігі. Шудан, шаңнан қорғайтын, сонай-ақ визуальды изоляция құрайтын ені 100-150 метр;
Тармақша 5
5) жасыл желектерді қорғау - жасыл желектерді, көгалдандырылған аймақтарды жасыл алаптарды жасауға, сақтауға және қайта өндіруге бағытталған, құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық шаралар жүйесі;
Тармақша 6
6) жасыл желектерді жою - жасыл желектердің өсу процесінің тоқтауына әкеліп соғатын зақымдану;
Тармақша 7
7) жасыл желектердің зақымдануы - ағаштың ұшар басына, діңіне, сұректі- бұта өсімдіктерінің бұтақтарына, олардың тамыр жүйесіне, өсу процесінің тоқтауына, шөптесін өсімдіктердің тамыр жүйесіне және жер бетіндегі бөлігінің зақымдануына зиянды әсерін тигізеді. Бұтақтардың, тамыр жүйесінің, қабық тұтастығының бұзылуы, топырақтың тіршілік қабаты тұтастығының бұзылуы, жасыл желектердің ластануы, не тамыр аумағындағы топырақты зиянды заттармен ластануы, өртеу және басқа да зиянды әсерлерден зақымдануы - механикалық зақымдану болып табылады;
Тармақша 8
8) көгалдандырылған аймақтар - табиғи және жасанды жолмен өніп шыққан өсімдіктер орын тепкен, жасанды жолмен жасалған бау-саябақ кешендері және объектілер, бақтар, гүл бақтары, гүлбақшалар орналасқан жерлер мекен- жайлар, қоғамдық, іскерлік, коммуналдық, өндірістік жерлерге арналған құылысы шағын аймақтар;
Тармақша 9
9) көгалдандырылған жалпы пайдалану аймағы - тұрғындар үшін пайдаланылатын аймақ: бақшалар, бақтар, мәдени және демалыс бақтары, мемориалдық кешендер, скверлер, бульварлар, көшелер мен көлік магистралдары, жағалаулық орман-бақтар, лугобақтар, гидробақтар;
Тармақша 10
10) көгалдандырылған шектеулі пайдалану аймағы - тұрғын-жай құрылысы, азаматтық, өндірістік құрылыстар, халыққа қызмет көрсету мекемелері, емдік, және ғылыми мекемелер, халықтың жекелеген топтарының пайдалануына арналған санитарлық-қорғау аймақтары;
Тармақша 11
11) көгалдандырылған арнайы аймақ - тәлімбақтар, гүлдік-оранжереялық шаруашылық аймақтары, көрмелер, ботаникалық, дендрологиялық және зоологиялық бақтар, зираттар;
Тармақша 12
12) өтемдік көгалдандыру - жойылған немесе зақымданған жасыл желектердің қайта өндірісі;
Тармақша 13
13) өтемдік құн - жасыл желектердің зақымдануы немесе жойылуы кезіндегі олардың құндылығын есепке алу үшін тағайындалған, жасыл желектерді күтіп- баптауға және тұрғызуға жұмсалған шығындарды қосқандағы құндық бағалануы. Өтемдік құнға, екпелерді қайта өндіру (отырғызу), оларды ұзақ уақыт күту шығындары, сонымен қатар жасыл желектердің тұрған орны және сапалылығы, құндылығына байланысты анықталған экологиялық шығынның орын толтыру енеді;
Тармақша 14
14) санитарлық-қорғаныс белдеуі — көгалдандырылған арнайы, ауданды өндірістік кәсіпорындардан бөліп тұрған аудан тектес мекендер бөлігі, көлемі және ұйымдастырылуы, қоршаған ортаға өндірістік зиянды әсерінің сипатына байланысты болатын аймағы;
Тармақша 15
15) селитеб аумақ - аудандағы жалпы пайдаланыстағы тұрғын үй, қоғамдық құрылыстар, көшелер, алаңдар мен жасыл көшеттер орналасқан жер учаскелері;
Тармақша 16
16) сквер - алаңды, қоғамдық орталықты, магистралды безендіру элементі болып табылатын, қысқа мерзімді демалуға және жүргіншілердің жүруіне арналған шағын көлемді жалпы пайдаланыстағы көгалдандырылған аумақ;
Тармақша 17
17) жергілікті ат қарушы орган - жасыл желектерді қорғау және күтіп ұстау індегі жұмыстарды ұйымдастыру бойынша атқару органы.
Тармақ 3
3. Көгалдандырылған аумақтар мынадай негізгі үш санатқа бөлінеді:
Тармақша 1
1) жалпы пайдаланыстағы көгалдандырылған аумақтар;
Тармақша 2
2) шектеулі пайдаланыстағы көгалдандырылған аумақтар;
Тармақша 3
3) арнайы мақсаттағы көгалдандырылған аумақтар.
Тармақ 4
4. Көркейту объектілері мен элементтерінің, инженерлік инфрақұрылымның, жасыл қордың сақталуын қадағалауды, қоршаған ортаны қорғауды санитарлық жағдайды қамтамасыз етуді мемлекеттік жергілікті атқарушы орган мен Шыңғырлау ауданындағы ішкі істер органы жүзеге асырады.
Тарау 2. 2. Жасыл желектерді күтіп ұстаудың және қорғаудың негізі принциптері
2. Жасыл желектерді күтіп ұстаудың және қорғаудың негізі принциптері
Тармақ 6
6. Шыңғырлау ауданы аймағында орналасқан барлық жасыл желектер, кімнің иелігінде жатпасын, біртұтас аудандық жасыл қорды құрайды және қорғауға жатады. Жер учаскелерінің иелері мен жалгерлер жасыл желектерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырауға, жасыл желектердің зақымдалуына немесе жойылуына әкеліп соғатын заңсыз әрекеттерге немесе әрекетсіздікке жібермеуге міндетті.
Тармақ 7
7. Барлық санаттағы көгалдандырылған аумақтағы жасыл желектерді қамтамасыз ету аудандық бюджеттің есебінен, жер учаскелерін иелікке, жалға алған ұйымдар мен азаматтардың қаржысы есебінен асырылады.
Тармақ 8
8. Аудан аумағында орналасқан барлық санаттағы көгаландырылған аумақтағы жасыл желектерді осы ереженің 9 және 10 тармақтарында қарастырылған жағдайлардан басқа уақытта жоюға болмайды.
Тарау 3. 3. Жасыл желектерді жою және көшіріп отырғызу
3. Жасыл желектерді жою және көшіріп отырғызу
Тармақ 9
9. Жасыл желектерді жоюға мына жағдайда ғана рұқсат берілуі мүмкін:
Тармақша 1
1) қала құрылысы құжаттамаларымен келісілген және бекітілген құрылыс объектілерін немесе басқа да орналастыру жағдайымен қамтамасыз етерде;
Тармақша 2
2) инженерлік көріктендіру объектілерін жер үсті қатынастарына қызмет көрсетерде;
Тармақша 3
3) апат және төтенше жағдайларды жоюда;
Тармақша 4
4) санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органының тұжырымдамасы бойынша жарықтандыру деңгейін орнына қайта келтіргенде;
Тармақша 5
5) жасыл желектердің сапалылығын және түрлік құрамын жақсарту қажет болғанда.
Тармақ 10
10. Жасыл желектерді жою мен көшіріп отырғызу жергілікті атқарушы органның берген рұқсаты бойынша жүргізіледі.
Жасыл желектерді жою, көшіріп отырғызу, көшіріп отырғызу рұқсатын беру тәртібін жергілікті атқарушы орган анықтайды.
Тармақ 11
11. Сүректі-бұта өсімдіктерін жою, көшіріп отырғызу, жаңарту, жер учаскелерінде оларды азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке меншігіне өткізгеннен кейінгі, шаруашылық қызметі немесе табиғи түрде пайда болған, олардың өзінің қалауы бойынша, ресімдеу рұқсатынсыз жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Жасыл желектерді қорғау және күту аумағындағы әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі
4. Жасыл желектерді қорғау және күту аумағындағы әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілігі
Тармақ 12
12. Жасыл желектерді зақымдау немесе жою заңсыздығының әкімшілік жауапкершілігі, қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңдары негізінде анықталады.
Тармақ 13
13. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке мына жағдайда тартылады:
Тармақша 1
1) ағаштар мен бұталарды тиісті рұқсатсыз жою, көшіріп отырғызу;
Тармақша 2
2) жасыл желектерді зақымдау немесе жою;
Тармақша 3
3) көгалдандырылған аймақтарда алау жағу, түскен жапырақтарды және құрғақ шөптерді жағу;
Тармақша 4
4) гүлзарларды, гүл бақтарын, жолдарды, сүтоғандарды қопсыту және жасыл желектер орналасқан аймақтарды тұрмыстық және өндірістік қалдықтармен, сарқынды сулармен ластау;
Тармақша 5
5) ағаштардан шырын алу, тілу, жазу, ағаштарға жарнама, хабарландыру, нөмірлік белгілер, әр түрлі көрсеткіштер жапсыру, ілгектер мен шегелер қағу;
Тармақша 6
6) жасыл желектерді күту және көрсетілген аймақтарды пайдалануға байланысты техникалардан басқа, автокөлік жабдықтарының, құрылыс және жол техникаларының жүруіне және тұруына;
Тармақша 7
7) көгалдандырылған аймақтарда - арнайы бөлінген орындардан басқа, автокөлік құралдарын жуу;
Тармақша 8
8) гүлзарларда көліктерді аялдату;
Тармақша 9
9) жасыл желектер орналасқан аймақтарда мал жаю;
Тармақша 10
10) көгалдандырылған аймақтарда түрлі жүктерді жинау, соның ішінде құрылыс материалдарын;
Тармақша 11
11) ағаштар және бұталардың қорғанысын қамтамасыз ету шараларын қолданбай, екпелер өсіп тұрған жерлерге төбеден қар тастау;
Тармақша 12
12) тиісті рұқсатсыз жасыл алаптар, бақтар, саябақтар, гүл бақтарын, бульварлар, санитарлық-қорғаныс танаптарының құрылысын жүргізу;
Тармақша 13
13) тағайындалған өтемдік көгалдандыру жүргізу және жасыл желектердің есебі тәртібінің бұзылуы.