Об установлении ставок акциза на объекты игорного бизнеса в городе Караганды Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қарағанды қаласында ойын бизнесі объектілеріне акциз ставкаларын белгілеу туралы «Салық және бюджеттке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 258 бабының 4 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласында ойын бизнесі объектілері үшін бірлік салық салу объектісіне акциз ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өзін-өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына (төрайымы Оспанова Қадиша Базарбайқызы) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2017 жылдың 1 қантарынан бастап қолдаңысқа енеді.
Басқа 4
2006 жылғы 1 қарашадағы №6 шешіміне қосымша Көрсетілетін қызмет Салық салу объектісінің атауы Айлық есептік көрсеткіштегі бір жылда бір объектіге салынатын салық ставкасы Ойын бизнесі саласында 1) Ойын столы 1100 2) Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы 50 3) Тотализатор кассасы 250 4) Букмекер кеңсесінің кассасы 150