Об установлении ставок фиксированного суммарного налога на отдельные виды предпринимательской деятельности Күшін жойған
Басқа 0
Кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы
«Салық және бюджеттке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 394 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қарағанды қаласында кәсіпкерлік қызметінің жекелеген түрлеріне үшін бірлік салық салу лбъектісіне тіркелген жиынтық салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың өзін-өзі басқару, экономика, жоспар, бюджет, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша тұрақты комиссиясына (төрайымы Оспанова Қадиша Базарбайқызы) жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2017 жылдың 1 қантарынан бастап қолдаңысқа енеді.
Басқа 4
2006 жылғы 1 қарашадағы
№5 шешімге қосымша
Көрсетілетін қызмет
Салық салу объектісінің атауы
Айлық есептік көрсеткіштегі бір жылда бір объектіге тіркелген жиынтық салық ставкасы
Ойын бизнесі саласында
1) Ойын үстелі
3000
2) Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
70
3) Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізегу арналған, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы (электрондық рулетканы қоспағанда)
100
4) Электрондық рулетка
125
5) Тотализатор кассасы
700
6) Букмекерлік кеңсе кассасы
300
Ақшасыз ұтыс ойын автоматтары бойынша
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ақшасыз ұтыс ойын автоматы
30
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ақшасыз ұтыс автоматы
40
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютер
25
Боулинг (кегельбан) бойынша
Ойын жолы
300
Картинг
Карт
30
Бильярд бойынша
Бильярд үстелі
220
Лото ойынын ұйымдастыру бойынша
Лото ұйымдастырушы
300