Халықтың аз қамтамасыз етілген топтарына коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату жөнінде іс-шараларды ұйымдастыру туралы Күшін жойған
Басқа 0
Халықтың аз қамтамасыз етілген
топгарына коммуналдық қызметтерді
есептеудің жеке құралдарын орнату жөнінде
іс-шараларды ұйымдастыру туралы
Коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнату жөніндегі ұсыпыстарды әзірлеу, сондай-ақ халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, Аягөз аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламалар басқармасы (Б.Ү. Мұстафаев):
Тармақша 1
1) 2006 жылғы 1 қарашага дейінгі мерзімде аз қамтамасыз етілген азаматтар санынан коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуға мұқтаж адамдардың тізімін белгілеп, қаражаттар қажеттілігін анықтасын;
Тармақша 2
2) Аз қамтамасыз етілген отбасылар санынан азаматтарга коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке құралдарын орнатуга және сатып алуға өтеуді «сүргізетін уәкілетті орган болып - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы белгіленсін;
Тармақша 3
3) Уәкілетті орган және коммуналдық қызметтерді есептеудің жеке кұралдарын орнату бойынша жұмыс жүргізуді бақылау тетігі белгіленсін;
Тармақ 2
2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (К.У. Уалиев) бюджеттің орындалу қорытындысы бойынша есептеу құралдарын орнатуға жергілікті бюджеттен қажетті қаражаттар қарастырылсын;
Тармақ 3
3. Ауданның аз қамтамасыз етілгеп азаматтарына коммуналдық кызметтерді есептеудің жеке кұралдарын орнату жөніндегі әлеуметтік көмек көрсету Ережесі бекітілсін; (қосымша № 1)
Тармақ 4
4. Осы қаулы бекітілуге маслихаттың кезекті сессиясына ұсынылсын;
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуына бакылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. К. Байахметовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Қаулы Әділет органдарында тіркелген күннен бастап күшіне снеді.