Жылыой ауданындағы жер учаскелеріне құқық табыстау Ережелері туралы Қолданыста
Басқа 0
Жылыой ауданындағы жер
учаскелеріне құқық табыстау
Ережелері туралы
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы № 148-11 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық, әкімияттың 2006 жылғы 20 наурыздағы 4 желтоқсандағы № 421 қаулысын қарап, аудандық мәслиха № 82-і «Жылыой ауданындағы жер учаскелеріне құқық табыстау Ережелері» туралы қаулысын талқылап, аудандық Мәслихаттың ХХVІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық әкімият жасақтап, мақұлдап, ұсынып отырған «Жылыой ауданындағы жер учаскелеріне құқық табыстау Ережесі» бекітілсін.
/Ереже мен ұсыну құжаттары жалғанды./
Тармақ 2
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді.
Басқа 3
Аудандық Мәслихаттың
2006 жылғы 8 қарашадағы
№ 27-7 шешіміне қосымша
Жылыой ауданындағы жер учаскелеріне
құқық табыстау Ережелері
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жылыой ауданындағы жер учаскелеріне құқық табыстау Ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке тұрғын үй, іскерлік, өндірістік және басқа да құрылыс түрлеріне, жылжымайтын объектілерді пайдалануға, уақытша орын-жайларды және тағы басқаларды тұрғызуға мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін табыстаудың біріңғай тәртібін орнықтыруды белгілейді.
Тармақ 2
2. Ереженің талаптары жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алу және алынған жер учаскелерін пайдаланумен тікелей байланысты жерлерді сатып алуға байланысты қатынастарға таратылмайды. Аталған саладағы қатынастар мәслихат шешімімен бекітілетін Жылыой ауданы мемлекеттік органдарының жер учаскелерін (жер пайдалану құқығын) алып қою (сатып алу) жөніндегі жұмыстары мен қарым-қатынастарын ұйымдастыру Ережесімен реттеледі.
Тарау 2. 2. Түсініктер мен терминдер
2. Түсініктер мен терминдер
Тармақ 3
3. Ережеде мынадай түсініктер мен терминдер қолданылады:
бағдарлама әкімшісі - бюджеттік бағдарламалардың негіздемесіне және іске асыруына жауапты және тиісті бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік орган;
әкімдік - Жылыой ауданының жергілікті атқарушы органы;
жер учаскелерін таңдау - Жылыой ауданының жер учаскелерін олардың мақсатты тағайындалуын және қолданылу режимін белгілеп, анықтау;
мәслихат - Жылыой ауданының жергілікті органы;
сәулет органы – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, сәулет және қала құрылысы саласындағы реттеуді жүзеге асыратын атқарушы орган;
жер қатынастары бөлімі – жер қатынастары саласында реттеуді жүзеге асыратын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
қаржы жөніндегі орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті қаржыны басқару саласындағы реттеуді жүзеге асыратын атқарушы орган;
экономикалық жоспарлау жөніндегі орган - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, экономикалық жоспарлау саласындағы реттеуді жүзеге асыратын атқарушы орган;
әлеуеттік инвестор – құрылыс салушы – құрылыс салу үшін пайдалану мақсатында жер учаскесіне құқық алуға үміттенген жеке және заңды тұлга
Осы Ережеде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы №1140 «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» қаулысында қолданылатын түсініктер пайдаланылады.
Тарау 3. 3. Жер учаскелерін таңдау
3. Жер учаскелерін таңдау
Тармақ 4
4. Құрылыс салуға болжанған Жылыой ауданының жер учаскелерін таңдау жерді оңтайлы пайдалану, тұрғын үй, іскерлік, өндірістік, шұрайландыру және басқа да нысандағы объектілерді оңтайлы орналастыру мақсатында Құлсары қаласының Бас жоспарына, белгіленген тәртіппен бекітілген кенттердің бас жоспарларын, сондай-ақ халқының есептік саны бес мың тұрғынға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту және салу схемаларына (оңайлатылған бас жоспарларына), қала құрылыс жобаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Құрылыс салуға болжанған Жылыой ауданында құрылыс салу көзделетін жер учаскелерінің тізбесін әкімдік сауда-саттықта сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің немесе жер учаскелерін жалдау құқықтарының тізбесіне және конкурстық тәртіптемелерді қолданусыз азаматтарға және заңды тұлғаларға берілетін жер учаскелерінің тізбесіне бөліп, жер қатынастары бөлімінің және сәулет органының біріккен ұсынысы бойынша белгілейді.
Тармақ 6
6. Азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамасы бойынша (әлеуетті инвесторлар – құрылыс салушылар) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің немесе жер учаскелерін жалдау құқықтарының тізбесіне қосымша жер учаскелері енгізілетін болады.
Осындай жер учаскелерін таңдау, шекараларды анықтау, жобаларды әзірлеу және тағы басқаларды жөніндегі шағындарды әлеуетті инвесторлар -құрылыс салушылар артады. Осы жағдайда әлеуетті инвесторлар тиісті жер учаскелеріне құқықтарды сату жөніндегі сауда –саттық кезінде келтірілген шығындардың орнын толтыруға құқығы бар, сауда-саттық жүргізу жөніндегі ақпараттық хабарландыруларда сауда-саттық жеңімпазы орнын толтыратын әлеуетті инвестордың – құрылыс салушының шығындары көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Сауда - саттықта сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің немесе жер учаскелерін жалдау құқықтарының тізбесі мәслихат шешімімен бекітіледі.
Тарау 4. 4. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін
жер учаскелеріне өтеусіз құқықты немесе тұрақты
жер пайдалану құқығын беру
4. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін
жер учаскелеріне өтеусіз құқықты немесе тұрақты
жер пайдалану құқығын беру
Тармақ 8
8. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беруді қажет ететін азаматтардың, мемлекеттік жер пайдаланушылардың әкімдікке немесе тиісті әкімшілік аумақ бірлік әкіміне келіп түскен өтініштері комиссияға тіркеу және ұсыну үшін жер қатынастары бөліміне тапсырылады.
Тармақ 9
9. Комиссияның жұмыс органы ұсынылатын құжаттар негізінде комиссияның кезекті мәжілісінің күн тәртібін қалыптастырады және оның шақырылуын ұйымдастырады.
Тармақ 10
10. Комиссия дербес анықталған критерийлерді ескере отырып, жер учаскелеріне құқық беру үшін азаматтардың өтініштерін қарастырады. Жұмыс органы материалдарды ұсынған сәттен бастап бір ай ішінде өтінішті қанағаттандыратын немесе оны қанағаттандырған немесе оны қанағаттандырудан бас тартқандығы туралы қорытындыны шығаруы тиіс.
Тармақ 11
11. Комиссия қорытындысы жұмыс органының жер учаскелеріне құқық беруде қанағаттандырған немесе бас тартқандығы туралы әкімдіктің немесе тиісті әкімшілік аумақ бірлік әкімінің шешімін әзірлеу үшін негіздеме болып табылады.
Тармақ 12
12. Азаматтардың жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру туралы өтініштері бөліп беруге арналған алаңдардың дайындалуына қарай қанағаттандырылады.
Тарау 5. 5. Азаматтық, қоғамдық іскерлік,
өндірістік құрылыс салу түрлері үшін және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін немесе жер учаскесіне жалдау құқығын сату
5. Азаматтық, қоғамдық іскерлік,
өндірістік құрылыс салу түрлері үшін және жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін немесе жер учаскесіне жалдау құқығын сату
Тармақ 13
13. Азаматтық, қоғамдық іскерлік және өндірістік құрылыс салу түрлері үшін және жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі – Құрылыс) үшін жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату осы Ережелермен қарастырылған ерекшеліктерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 қарашадағы №1140 қаулысымен бекітілген жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Құрылысы үшін жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату елді мекен аумағындағы инженерлік және көліктік инфрақұрылымның қажетті объектілерін (су құбыры және электр желілері, автокөлік жолдары және тағы басқалары) салғанға дейін немесе инженерлік және көліктік инфрақұрылымның қажетті объектілері салынған жер учаскелеріне жүргізіледі. Қатысушы жер учаскелеріне құқықтарды сату жөніндегі сауда-саттыққа қатысуымен қажетті инфрақұрылым объектілерінсіз жер учаскелеріне құқықты сатуға келісім бергендігін дәлелдейді.
Тармақ 15
15. Елді мекен аумағындағы қажетті инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілерінсіз жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатқан жағдайда сауда-саттық өтетіндігі туралы ақпараттық хабарламада инфрақұрылым объектілерінің жоқтығы немесе барлыгы туралы ақпарат болуы тиіс.
Тармақ 16
16. Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатудың төменгі бағасына сауда-саттықты жүргізу әдісінен тәуелсіз жер қатынастары бөлімі анықтаған кадастрлық (бағалау) құны, жеке тұрғын үй құрылысы аумағындағы қажетті инженерлік және инфракқұрылымдар объектілерінің құрылысына мемлекеттік шығын құны енгізілуі қажет.
Елді мекен аумағындағы қажетті инженерлік және көліктік инфрақұрылымдар объектілері құрылысының құны жеке тұрғын үй құрылысы аумағындағы тиісті инфрақұрылым объектілерінің құрылысына жауапты мемлекеттік орган (органдар) сауда - саттықты сатуға ұсынған жер учаскелеріне құқық тізімін бір уақытта әзірлеп,есептейді.
Тармақ 17
17. Бюджетке жер учаскелерін сатудан түскен түсімдердің болжамдық көрсеткіштерін жер ресурстарын басқару жөніндегі орган құрастырады және алдағы үш жылдық кезеңге бюджет жобасын жасау үшін қаржы жөніндегі органға ұсынылады.
Тармақ 18
18. Жер ресурстарын іске асырудан түскен қаражаттар есебінен Жылыой ауданының бюджетінде міндетті тәртіппен тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті жеке меншік құрылысы аумағындағы инженерлік және көліктік инфрақұрылым объектілерінің құрылысына шығындар қарастырылады. Ол үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (әкімшілері) инвестициялық ұсыныстар әзірлеп, оларды белгіленген нысанда рәсімделген қажетті құжаттар қосымшаларымен экономикалық жоспарлау жөніндегі органға ұсынады. Экономикалық жоспарлау жөніндегі органға келіп түскен инвестициялық ұсыныстардың қаралуын және олардың одан әрі жылжуын бюджеттік заңнамамен қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Құрылыс үшін жер учаскелерін немесе жер учаскесіне жалдау құқығын сату жөніндегі сауда –саттық нәтижелері бойынша жер қатынастары бөлімі мен сатып алушының арасында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатып алу-сатудың шарты жасалады.
Тармақ 20
20. Инженерлік және көліктік инфрақұрылымның қажетті объектілері салынған жер учаскелеріне құқықты комиссия қорытындысы бойынша әкімдік конкурстық тәртіптемелер қолданусыз азаматтарға және заңды тұлғаларға бере алады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау осы Ережелердің 9-13 тармақтарымен қарастырылған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тарау 6. 6. Жер учаскелеріне құқықты сатып
алу-сату шарттарын рәсімдеу
6. Жер учаскелеріне құқықты сатып
алу-сату шарттарын рәсімдеу
Тармақ 21
21. Жер учаскелерін сатып алу-сату (жалдау) шарттары жеке именшікке (жалға) сатылып алынған жер учаскелерін белгіленген мерзім ішщінде мақсатты пайдалану жөніндегі сатып алушылар мен жалдаушылардың міндеттемелерін қарастырады.
Тарау 7. 7. Қорытынды ережелер
7. Қорытынды ережелер
Тармақ 22
22. Осы Ережелерді бұзған кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.