Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдар қалалық қоғамдық көліктерде жүруі жөніндегі қосымша шаралар туралы Қолданыста
Басқа 0
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне және соларға теңестірілген
адамдар қалалық коғамдық көліктерде
жүруі жөніндегі қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының «Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілегін жеңілдікгер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Заңынын 20-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасының негізінде,
Талдықорған қалалық мәслихатының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 243
«Талдықорған қаласының 2006 жылғы бюджеті туралы» шешімін (Алматы
облысы Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2005 жылдың 23
желтоқсанында 2-1-17 нөмірімен тіркелген), 2006 жылғы 9 қазандагы № 326
«Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 243 «Талдықорған
қаласының 2006 жылғы бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы»
шешімін (Алматы облысы Талдықорған қаласының әділет басқармасында 2006
жылдың 27 қазанында 2-1-30 нөмірімен тіркелген) орындау мақсатында қала
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Талдықорған қаласының жүмыснен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Ш.Б..Мұхаметжан)
«Талдықорған қаласы әкімінің жолаушыларды тасымалдау басқармасы
жөніндегі орталығы» қалалык мемлекеттік коммуналдык кәсіпорынынан
(А.Х.Сұлтанов) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және
соларға теңестірілген адамдардын қалалық қоғамдык көліктерде жүруі үшін
қосымшаға сәйкес 15,0 (он бес) миллион теңгеге жүру билеттерін алып,
таратып беруді ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. «Талдықорған қаласы әкімінің жолаушыларды тасымалдау
басқармасы жөніндегі орталығы» қалалық мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны (А.Х.Сұлтанов) «Талдықорған қаласы жұмыснен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
(Ш.Б.Мұхаметжан) тапсырысына орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдардың қалалық қоғамдық көліктерде жүруі үшін жүру билеттерін дайындап берсін.
Тармақ 3
3. Жүру билеттерінің құны
«Талдықорған қаласы әкімінің жолаушыларды тасымалдау басқармасы жөніндегі орталығы»
қалалық мемлектетік коммуналдық кәсіпорны (А.Х. Сұлтанов) және
«Талдықорған қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесі (Ш.Б. Мұхаметжан) өзара жасаған салыстыру актісі негізінде төленсін.
Тармақ 4
4. Талдықорған қалалық қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі Қ.Р. Мәженов Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және соларға теңестірілген адамдардың қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүру билеттері үшін өтемақыны уақытында қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Т. Базарқұловаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.