Об утверждении Правил уведомления антимонопольного органа субъектами рынка, включенными в Государственный реестр субъектов рынка, занимающих доминирующее (монопольное) положение на соответствующем товарном рынке, о предстоящем повышении цен на товары (работы, услуги) Күшін жойған
Басқа 0
Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тиісті тауар нарығындағы басым (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы органды хабарландыру ережесін бекіту туралы
"Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тиісті тауар нарығындағы басым (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы органды хабарландыру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Ішкі әкімшілік ету басқармасы (Е.А.Бекбосынов):
Тармақша 1
1) бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жариялауды қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының орынбасары Р.А.Ақбердинге жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық оның бірінші ресми жариялану күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тиісті тауар нарығындағы басым (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы органды хабарландыру ережесі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестікті қорғау комитеті
Төрағасының
2006 жылғы 7 қарашадағы
N 251-НҚ бұйрығымен бекітілген
Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тиісті тауар нарығындағы басым (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы органды хабарландыру ережесі
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тиісті тауар нарығындағы басым (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізілген нарық субъектілерінің монополияға қарсы органды хабарландыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бәсекелестік және монополистік қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Ереженің мақсаты тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы тізілімге енгізілген нарық субъектілерін монополияға қарсы органның хабарландыру тәртібін айқындау болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Ереже тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгілі түріне нарықты басымды (монополиялық) жағдайға ие және Тізілімге енгізілген нарық субъектілеріне қолданылады.
Тармақ 2. 2. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы Тізілімге енгізілген нарық субъектілерін хабарландыруларды беру тәртібі
2. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы Тізілімге енгізілген нарық субъектілерін хабарландыруларды беру тәртібі
Тармақ 4
4. Нарық субъектілері Тізілімге енгізілген нарық субъектілері бойынша тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы отыз күнтізбелік күнде жазбаша түрде монополияға қарсы органды хабардар етеді.
Тармақ 5
5. Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаны алдағы көтеру туралы хабарламаға мыналар қоса беріледі:
Тармақша 1
1) көтеру себебін растайтын құжаттар (шикізаттың, материалдардың, қызметтердің құнын көтеруді растайтын тиісті шарттардың көшірмелері);
Тармақша 2
2) әрбір түрі бойынша бағаның жобасы;
Тармақша 3
3) бухгалтерлік баланс;
Тармақша 4
4) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;
Тармақша 5
5) еңбек және жалақы жөніндегі есеп;
Тармақша 6
6) өндірістік-қаржы қызметі туралы есеп;
Тармақша 7
7) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы;
Тармақша 8
8) кәсіпорын бойынша тұтастай алғанда және әрбір түрі бойынша жеке шығыстардың баптары бойынша ашып көрсете отырып, баға жобасының есебі үшін қолданылатын кірістер мен шығыстар туралы жиынтық деректер;
Тармақша 9
9) еңбекақы төлеудің қолданылатын жүйесі туралы мәлімет;
Тармақша 10
10) шикізат пен материалдардың қолданылатын шығыс нормалары, қызметкерлер санының нормативтері туралы мәлімет;
Тармақша 11
11) негізгі құралдардың пайдалану мерзімдерін көрсете отырып, амортизациялық аударымдардың жиынтық есебі;
Тармақша 12
12) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізудің жоспарланатын көлемдерін растайтын құжаттар - ниеттемелер хаттамалары, шарттар, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндірудің (жеткізудің) көлемдерінің есебі, жобалық қуаттылығы және оны нақты пайдалану туралы деректер;
Тармақша 13
13) дебиторлық және кредиторлық берешекті ашып көрсету.
Тармақ 6
6. Монополияға қарсы орган тиісті сұрау салуды Тізілімге енгізген нарық субъектісінен алу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде берілуі тиіс бағаны арттыру себебі туралы қосымша ақпаратты сұратады.
Тармақ 7
7. Монополияға қарсы орган хабарламаны алу күнінен бастап үш ай ішінде монополиялық жоғары (төмен) бағаны белгілеу мәніне тізілімге енгізілген нарық субъектісінің берілген бағаға талдау жүргізеді.
Тармақ 8
8. Монополияға қарсы органның монополиялық жоғары бағаны анықтауы кезінде заңнамалық актілерде көзделген монополияға қарсы ден қою шаралары қолданылады.