О создании Фонда всеобщего обязательного среднего образования при общеобразовательных школах области Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың жалпы білім беретін мектептері жанында жалпыға бірдей міндетті орта білім беру қорын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 тамыздағы «Қазақстан Республикасында орта білім беру жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» № 812 қаулысына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері міндеттелсін:
Тармақша 1
1) аудаңдық білім бөлімдерімен және Ақтөбе қалалық білім беру жөніндегі басқармамен бірлесе отырып балалардың мектептерге толық қатнасуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 2
2) әрбір мемлекеттік жалпы білім беретін мектепте мектептерді ұстауға бөлінген қаржылар мөлшерінде Қор құруға;
Тармақша 3
3) мемлекеттік кәсіптік-техникалық мектептерді бюджеттік емес табыстарды тарту үшін ақылы негізде оқытудың орталықтары ретінде мейілінше пайдалануға.
Тармақ 2
2. Облыстық білім басқармасына (А. А. Құдайбергенов) және облыстық қаржы басқармасына (Б. Е. Жантеміров) әрбір мемлекеттік мектепте жалпыға бірдей оқу қорын қалыптастыру жөнінде қажетті шаралар белгілеп, оның мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары Е. И. Иманқұловқа жүктелсін.