О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Грузии о взаимных поездках граждан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiмдi ратификациялау туралы
Тбилисиде 2005 жылғы 3 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiм ратификациялансын.
📌 Ескерту. Нормативтік құқықтық актіге қоса тіркелген халықаралық келісімнің мәтіні ресми болып табылмайды. ҚР халықаралық келісімінің жасасқан тілдердегі ресми куәландырылған көшірмесін ҚР халықаралық келісімдерін тіркеуге, есептеуге және сақтауға жауапты ҚР Сыртқы істер министрлігінен алуға болады
Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Грузия Yкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы КЕЛIСIМ
Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi,
екi мемлекет арасындағы достық қарым-қатынасты одан әрi дамыту мақсатында,
екi мемлекет азаматтарының өзара сапарлары режимiн тәртiпке келтiру ниетiн басшылыққа ала отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тармақ 1
1. Тараптар мемлекеттерiнiң бiрiнiң азаматтары, оның iшiнде үшiншi мемлекетте тұрақты тұратын немесе уақытша жүрген азаматтарды, шетелге жол жүру үшiн жарамды құжаттар негiзiнде баратын мемлекеттiң мемлекеттiк шекарасын кесiп өткен күннен бастап тоқсан күнге дейiнгi мерзiмде екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына визасыз келе алады, кете алады, транзитпен өте алады және онда бола алады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген болу мерзiмi әрбiр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес ұзартылуы мүмкiн.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм ұғымында шетелге жол жүру үшiн мынадай құжаттар жарамды болып табылады:
Тармақша а
а) Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн:
- Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
- дипломаттық паспорт;
- қызметтiк паспорт;
- теңiзшiнiң паспорты (кеме журналында жазба немесе одан көшiрме болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасына қайта оралуына арналған куәлiк (Қазақстан Республикасына қайта оралу үшiн ғана).
Тармақша б
б) Грузия азаматтары үшiн:
- Грузия азаматының паспорты;
- дипломаттық паспорт;
- қызметтiк паспорт;
- теңiзшiнiң кiтапшасы (кеме журналында жазба немесе одан көшiрме болған жағдайда);
- Грузияға қайта оралуына арналған куәлiк (Грузияға қайта оралу үшiн ғана).
Тармақ 2
2. Тараптар шетелге жол жүру үшiн жарамды жаңа құжаттардың енгiзiлуi туралы, сондай-ақ бұрыннан бар құжаттарға өзгерiстер енгiзу туралы бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша кем дегенде отыз күн бұрын хабарлайтын болады және олардың үлгiлерiмен алмасады.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тармақ 1
1. Дипломаттық немесе қызметтiк паспорттары бар және дипломатиялық миссияның немесе олардың өкiлдiктерiнiң мәртебесi бар және екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан дипломатиялық өкiлдiктiң қызметкерлерi, консулдық мекеменiң қызметкерлерi немесе халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi болып табылатын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары, өздерiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiн орындаудың бүкiл мерзiмi iшiнде осы мемлекеттiң аумағына визасыз келе алады, кете алады және онда бола алады.
Тармақ 2
2. Осы Баптың 1-тармағының ережелерi аталған адамдармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне де, олар пайдаланып жүрген паспорттардың нысанына қарамастан, қолданылады.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тармақ 1
1. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына тоқсан күннен артық мерзiмге келетiн бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары қабылдайтын мемлекеттiң визасын алуға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары олардың осы мемлекетте тұрақты тұратынын растайтын құжаттары болған жағдайда осы мемлекет аумағынан визасыз шыға алады және қайтып орала алады.
Тармақ 3
3. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында тұрақты тұратын бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары тұрып жатқан елiнiң заңнамасына сәйкес тұрақты тұру үшiн шетелге шыға алады.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары халықаралық қатынастар үшiн ашық, шекаралық өткiзу пункттерi арқылы екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына келе алады, кете алады, транзитпен өте алады.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясының ережелерiне нұқсан келтiрместен бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары, екiншi Тарап мемлекетiнiң шекарасын кесіп өткен кезде және оның аумағында болған уақытында осы Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасын сақтауға мiндеттi.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Осы Келiсiм басқа Тарап мемлекетi азаматтарының өз аумағында болуы қажетсiз деп есептелетiн адамдардың келуiнен бас тарту немесе олардың болу мерзiмiн қысқарту сияқты Тараптар мемлекеттерiнiң құқықтарын шектемейдi.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Тармақ 1
1. Екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында осы Келiсiмнiң 2-бабында көрсетiлген құжаттарды жоғалтқан бiр Тарап мемлекетiнiң азаматтары бұл туралы өзi болатын мемлекеттiң құзыреттi органдарына кiдiрiссiз хабарлауға тиiс, олар құжаттардың жоғалғаны туралы өтiнiштi растайтын анықтама бередi.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғаларға, олар азаматтығын алған мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiктерi немесе, консулдық мекемелерi шетелге жол жүру үшiн жарамды жаңа құжат бередi.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Тараптар кем дегенде отыз күн бұрын азаматтардың келуi, болуы және кетуi шарттарының өзгерiстерi туралы дипломатиялық арналар бойынша бiр-бiрiн құлақтандыратын болады.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзе алады, олар осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып
табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделедi.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және орындауға қатысты даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар және келiссөздер арқылы реттеледi.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Тармақ 1
1. Тараптардың әрқайсысының, егер мемлекеттiң қауiпсiздiгiн, қоғамдық тәртiптi немесе өз мемлекетi халқының денсаулығын сақтауды қамтамасыз етуге қажет болса, осы Келiсiмнiң жекелеген ережелерiнiң қолданысын толық немесе iшiнара тоқтатуға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қабылдау туралы және олардың күшiн жою туралы Тараптар бiр-бiрiне дипломатиялық арналар бойынша 72 сағат iшiнде хабарлайтын болады.
Тармақ 3
3. Осы Келiсiмнiң толық немесе iшiнара тоқтатылуы осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес бiр Тарап мемлекетiнiң аумағында жүрген Тараптар мемлекеттерi азаматтардың онда болу тәртiбiне қолданылмайды.
Бап 13. 13-бап
13-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар бойынша алынған күннен бастап күшiне енедi.
Тармақ 2
2. Тараптардың әрқайсысы бұл туралы екiншi Тарапқа жазбаша нысанда хабарлап, осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтата алады. Мұндай жағдайда осындай хабарлама алынған күннен бастап тоқсан күн өтiсiмен Келiсiм өзiнiң күшiн жояды.
Бап 14. 14-бап
14-бап
Тармақ 1
1. Осы Келiсiмнiң ережелерi бiр Тарап мемлекетiнiң осы Келiсiм күшiне енуi күнi екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында болған, аталған кезең iшiнде шығып кеткен азаматтарынан басқа, азаматтарына бiр жыл бойы қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Қажет болған жағдайда, Тараптар осы Келiсiмде көрсетiлген ережелердi iске асыру үшiн осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын тиiстi хаттамаға қол қояды.
Тбилиси қаласында 2005 жылғы 3 қазанда әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiм ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда, Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ГРУЗИЯ
YКІМЕТI YШIН ҮKIMETІ ҮШIН
2005 жылғы 3 қазанда Тбилиси қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы Келiсiмнiң бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық департаментiнiң
Бөлiм бастығы
Осымен 2005 жылғы 3 қазанда Тбилиси қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы азаматтардың өзара сапарлары туралы келiсiмнiң бұл көшiрмесiнiң дәлдiгiн куәландырамын.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Халықаралық-құқық департаментi
Халықаралық шарттар басқармасының
Бастығы