О проведении иммунизации против полиомиелита Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыста полиомиелитке қарсы иммунизация жүргiзу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 637 өкімімен. Денсаулық сақтау комитетiнiң 1999 жылғы 17 ақпанның N 69 бұйрығы полиомиелитке қарсы иммунизация жүргiзуге байланысты мiндеттелсiн:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.Д. Дүйсекеев, Мемлекеттiк санэпидемиялық қадағалау басқармасының бастығы А.Қ. Талқымбаев полиомиелитке қарсы иммунизация 1 ай мен 4 жас аралығындағы балаларға 2 кезеңде, 1-кезең 1999 жылғы 15-20 наурыз, 2-шi кезең 19-24 сәуiр аралығында жүргiзуге: - иммунизациялау бойынша шаралар жоспарын бекiтуге.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Талдықорған, Текелi, Қапшағай қалаларының әкiмдерi: - иммунизация жүргiзудi ұйымдастыруда денсаулық сақтау органдарына жан-жақты көмек жасасын: - қосымша егу пункттерiн ашу үшiн бөлмелердi уақытша бөлу туралы мәселе қарасын, оларды вакциналарды сақтау үшiн тоңазытқышпен, көлiкпен, жағар-жанармаймен қамтамасыз етсiн; - шараларды жүргiзуге мекемелердiң, кәсiпорындардың және ұйымдардың басшыларын тартсын.
Тармақ 3
3. Облыстық бiлiм басқармасы иммунизациялауға дайындыққа және оны жүргiзуге қатысып, жергiлiктi жерлерде мұғалiмдер ұжымын, оқушыларды үй-үйлердi аралауға және халық арасында түсiндiру жұмыстарын жүргiзу үшiн медицина қызметкерлерiне көмекке тартсын.
Тармақ 4
4. Облыс әкiмiнiң баспасөз қызметi осы шараларды газет, журнал, теледидар және радио бойынша кең және тұрақты насихаттауды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Облыстық, аудандық және қалалық мекемелердiң, кәсiпорындардың және шаруашылықтардың басшылары вакциналарды сақтау мен жеткiзу тәртiбiн қатаң сақтай отырып, оларды үздiксiз және шұғыл тасымалдауға көмек жасасын.
Тармақ 6
6. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ж.Ә. Әмiрхановаға жүктелсiн.