Об объязательных правилах безопасности граждан на водоемах Алматинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысының су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың міндетті ережелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 12.08.2004 № 8-62 шешімімен. Ұсынылған материалды талқылай отырып және Қазақстан Республикасының "Жергілікті өкілетті және атқарушы органдары туралы"  Заңның 40 және 41 баптарына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. "Алматы облысының су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың міндетті ережелері" бекітілсін (1 қосымша) және олар заң органдарында тіркелген сәттен бастап іске енгізілсін.
Тармақ 2
2. "Алматы облысының су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың міндетті ережелерін" бұзғаны туралы хаттама-қаулы бекітілсін (№ 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Облыс әкімі бір ай мерзім ішінде қолданыстағы ережелерді, шешімдер мен басқа да нормативтік актілерді, су қоймалары мен су объектілерін пайдалануды реттейтін ережелерді бекітілген "Алматы облысының су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың міндетті ережелерімен" сәйкес келтірсін.
Тармақ 4
4. Аудандар мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары әкімдерінің әкімшілік комиссиялары төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық басқармасы мен судан құтқару қызметінің өкілетті бөлімдерінің ұсынысы бойынша "Алматы облысының су қоймаларында азаматтарды сақтандыру ережелерінің" баптарын бұзуға кінәлілерді жауапкершілікке тартсын.
Тармақ 5
5. Облыс әкімі, аудандар мен Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларының әкімдері "Алматы облысының су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың міндетті ережелерін" бұзғаны үшін түскен айыппұл сомасының ақшалай қаржысының отыз процентін облыстық судан құтқару қызметінің материалдық-техникалық базасын дамытуға жіберсін.
Басқа 6
№ 1 қосымша Алматы облыстық Мәслихатының шешімімен бекітілген 1998 жылғы 24 шілдедегі № 21-170 Алматы облысының су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың міндетті ережелері
Тарау 1. 1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Тармақ 1.1
1.1. Осы міндетті Ережелер (одан әрі Ережелер) Алматы облысының су қоймаларын бұқаралық демалыс, туризм және спорт мақсаттарына пайдалану тәртібін белгiлейдi.
Тармақ 1.2
1.2. Ережелер меншiк түрлеріне қарамастан су қоймаларын пайдаланушылар мен иеленушілердің азаматтардың судан сақтануын қамтамасыз ету жөніндегі мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн белгілейді.
Тармақ 1.3
1.3. Жергiлiктi атқарушы органдар азаматтардың өмiрi мен денсаулығын қорғау, экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында суға шомылуға, қайықпен серуендеуге және бұқаралық демалыстың басқа түрлерiн ұйымдастыруға тыйым салынатын орындарды айқындайды, сондай-ақ өздерiнiң әкімшілік шекарасы шеңберiнде орналасқан су қоймаларын жалпы пайдаланудың басқа де шарттарын белгiлейдi.
Тармақ 1.4
1.4. Су қоймаларының жағасында орналасқан құтқару күзеттерi, дайындықтан өткен құтқарушы кадрлары, арнаулы жабдықтары және төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарманың, облыстық судан құтқару қызметінің (одан әрі - облсуқұтқару) және мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаудың облыстық басқармасы бөлімшесінің тиісті рұқсаты болмайынша жағажай, еңбек және демалыс лагерьлерiн, базаларын, су стансаларын және басқа бұқаралық демалыс объектілерін ашуға тыйым салынады. Қойылған талаптарды сақтамай жағажайлар, еңбек және демалыс лагерьлерін, базаларын, су стансалары мен басқа да бұқаралық демалыс объектілерін ашқаны үшін азаматтарға 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштер көлемінде, лауазымды адамдарға 5 (бес)-тен 10 (он)-ға дейінгі және заңды тұлғаларға 50 (елу)-ден 100(жүз)-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 1.5
1.5. Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдар өздерiне бекiтiлген су қоймаларында адам өмiрiн қорғауды қамтамасыз ету, құтқару күзеттерiн жабдықтандыру мен ұстау iсiне жауап бередi. Құтқарушыларды үйретуді су қоймаларын иеленушілер мен пайдаланушылардың қаражаттары есебінен төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқарма немесе облсуқұтқару қызметi жүзеге асырады.
Тармақ 1.6
1.6. Суда экскурсия, спорт жарыстарын және мейрамдар өткiзген кезде аталған шараларды өткізетін ұйымдардың басшылары суда азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн жауапты адамдар бөлуге және құтқару күзетерiн қоюға мiндеттi.
Тармақ 1.7
1.7. Құтқару күзеттерiнiң жұмысына бақылау жасау осы күзеттер қарайтын су қоймаларын иеленушілер мен пайдаланушыларға жүктеледi.
Тармақ 1.8
1.8. Су маңындағы жағажайларда, көпшiлiк демалатын орындарда, жалға қайық беретiн стансаларда және шағын кемелердiң тұрақ базаларында, өткелдер мен айлақтарда аталған ғимараттар мен жүзу жабдықтарын пайдаланған кезде қауiпсiздiк сақтау ережелерi iлiнуi тиiс.
Тармақ 1.9
1.9. Меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдардың басшылары халық демалатын орындарда топырақ алу, мұз ою, су қоймаларының түбiн тереңдету жұмыстарын жүргiзген кезде, жұмыстар жүргізілетін учаскелердi қоршауға алуға, ал жұмыс аяқталғаннан кейiн су табанын тегiстеуге мiндеттi.
Тармақ 1.10
1.10. Суға түсу маусымының ұзақтығы, су спорты және құтқару стансаларының, жағажайлардың жұмыс сағаты жергілікті атқару органдары осы нысандар бағынатын ұйымдар басшыларымен келiсе отырып белгiленедi.
Тармақ 1.11
1.11. Су қоймаларының бетінде жеке дара құтқару жабдығынсыз балық және аңдар аулауға тыйым салынады. Су қоймаларының бетінде жеке дара құтқару құралдарынсыз балық және аң аулағаны үшін азаматтарға 5 (бес)-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тарау 2. 2. Жағажайларды және су жағасындағы бұқаралық демалыс орындарын пайдалану кезіндегi сақтандыру шаралары
2. Жағажайларды және су жағасындағы бұқаралық демалыс орындарын пайдалану кезіндегi сақтандыру шаралары
Тармақ 2.1
2.1. Жағажайларға бөлiнген және су жағасында көпшiлiк демалуына арналған орындарға қойылатын талаптар: - суға шомылатын орынның және оған тақау төңiректiң жағалау аумағы "Елдi мекендер аумағын күтiп ұстаудың санитарлық ережесiне" және "Дене тәрбиесi мен спорт сабақтарын өткiзетiн орындарды құру мен күтiп ұстаудың санитарлық ережесiне" сәйкес келуi тиіс; - су қоймасының түбi тығыз, жағадан еңiстене түсіп және жағадан бастап алғандағы алқабының кеңдігі 15 м. болып, 1,75 м тереңдiкке дейiн жарқабақсыз болып келуі, шырмауықты су өсiмдiктерiнен, ағаш түбiртегiнен, таскесектерден, шыныдан, шыны құтылардан және өзге заттардан тазартылуға тиiс (көлдің, өзеннің суға шомылатын айдын бетi бiр ересек адамға 5 шаршы м, балаға 4 м, ал тұйық су қоймасында 10-нан 15 шаршы метрге дейiн келуi керек); - жағажайлар мен бұқаралық демалатын орындар жергiлiктi атқару органдары белгiлеген қашықтықта, бiрақ ақпа сулар шығатын тұстан кемi 500 м жоғары және порт ғимараттарынан, пирстерден, кеме тоқтайтын жерлерден, паром өткелдерiнен және мұнай өнiмдерi сақталатын орындардан кемi 1000 м төмен орналасуы керек. Жағажайға түсетін жер жайпақ болуға тиiс; - су нысанының шомылуға бөлiнген аумағында төмен температуралы жер асты су көздерi, су иiрiмдерi мен шұңқырлар болмауы керек, ағынның жылдамдығы секундына 0,5 м/сек-тан аспауға тиiс; - су қоймасындағы судың сапасы су пайдаланудың мәдени-тұрмыстық пунктерiне қойылатын құрамы мен қасиеттерінің санитарлық талаптарына сәйкес болуға тиіс.
Тармақ 2.2
2.2. Суға шомылатын орындарда 1,2 - 1,3 м тереңдiкте су өлшейтiн шыбық шаншылады. Суға шомылатын орынның жүзу шекаралары бiр-бiрiнен 25-30 м қашықтықта орналасқан және тереңдiгi 1,3 м болатын 25 метр қашықтыққа дейiн сарғылтым түстi белгiлермен белгiленедi.
Тармақ 2.3
2.3. Әр жағажайдағы шомылу орындарында жүзе білмейтіндер шомылуға және балаларды жүзе білуге үйретуге арналған су бетінде тереңдiгi 1,2 м-ден аспайтын учаскелер жабдықталуға тиіс.
Тармақ 2.4
2.4. Суға түсуге тыйым салынған, соның iшiнде бактериялық немесе химиялық залалға ұшыраған жерлерге "Суға түсуге тыйым салынады" деп жазылған белгiлер орнатылады. "Суға түсуге тыйым салынады" деген тыйым белгілерін шомылуға тыйым салынған жерлерге, соның ішінде бактериялды немесе химиялық ластанған жерлерге қоймағаны үшін, - азаматтарға 5 (бес)-ке дейінгі, лауазымды және заңды тұлғаларға 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 2.5
2.5. Жағажайлар мен су маңындағы демалыс орындарында радио торабы жүргiзiлуi және, мүмкiндiгіне қарай, телефон, радио байланысы болуға тиіс.
Тармақ 2.6
2.6. Су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда спирттi iшiмдiктер сатуға қатан тыйым салынады. Су маңындағы көпшілік демалатын орындарда спиртті ішімдіктер сатқаны үшін азаматтарға 5 (бес)-ке дейінгі, лауазымды және заңды тұлғаларға - 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі айлық есептік көрсетшіктер көлемінде спиртті ішімдіктерін тәркілей отырып айыппұл салынады.
Тармақ 2.7
2.7. Жағада, ұйымдасқан шомылу орындарында, әр 50 м сайын судан 5 м аспайтын жерлерде құтқарғыш шеңберлер мен өзге құтқару құралдары iлiнген қақпандар қойылады. Шеңберлерде "Суға батып бара жатқандарға лақтыр" деген сөз (шеңбердiң бiр бетiнде) және жағажайдың аты (шеңбердiң екiншi бетiнде) жазылуы керек.
Тармақ 2.8
2.8. Жағажайларда және су маңындағы көпшiлiк демалатын орындарда мiндеттi түрде алғашқы жедел дәрiгерлiк жәрдем көрсету үшiн тұрақты кезекшi қызметкерлерi бар бөлмелер жабдықталады. Алғашқы дәрiгерлiк жәрдем пунктi суда апатқа ұшырағандарға және жарақат алғандарға жәрдем көрсетуге қажетті құралдармен және дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етiлуi тиiс.
Тармақ 2.9
2.9. Қалқымалар стенділерін және белгілерді уақытылы орнату жауапкершілігі су қоймаларын иеленушілер мен пайдаланушыларға жүктеледі және солардың қаржылары есебінен орнатылады.
Тармақ 2.10
2.10. Әр жағажайда ол жұмыс iстеп тұрған уақытта тәртiпті қадағалайтын жағажай әкiмшiлiгiнiң өкiлi болу керек. 12 жасқа дейінгi балалар жағажайға тек ересектермен бiрге және олардың бақылауда ұстауы бойынша жіберіледі.
Тармақ 2.11
2.11. Суға түсетiн орындарда және ағыстан 500 м жоғары тұстарда кiр жууға, жануарларды шомылдыруға тыйым салынады.
Тармақ 2.12
2.12. Суға түсушiлерге: - қалқымалармен қоршаудан әрі жүзуге; - моторлы, желкендi және өздiгiнен жүрмейтiн кемелерге, ескектi қайықтарға, баржаларға, сутаспелерге және басқа жүзу құралдарына жақындап жүзуге; - қайықтан, катерден, су белесебетiнен, тұрақ және сол мақсаттар үшін арнайы жабдықталмаған құрылыстардан суға секiруге; - мас күйде суға түсiп, шомылуға; - тақтаймен, бөренемен, жатпамен, автомашина доңғалағының резеңкесiмен, доппен және т.б. жүзуге; - суда сүңгiп, шомылушыларды тартып әкететiн ойын ойнауға; - жағажайға иттерді және басқа да жануарларды әкелуге; - су қоймаларын ластауға, қоқыстауға; - жағада қағаз, қалбыр, шыны және өзге қоқыстарды қалдыруға қатаң тыйым салынады. - аталған талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға 5 (бес)-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 2.13
2.13. Жүзу сабақтары арнайы бөлiнген орындарда ғана өткiзiлуi тиiс. Суда адам қауiпсiздiгiн ұйымдастыруға сабақ не жаттығу өткiзушi оқытушы (нұсқаушы, бапкер, тәрбиешi) жауап бередi.
Тармақ 2.14
2.14. Топ болып жүзуге үйрену кезінде бiр уақытта үйренушiлердiң саны 10 адамнан аспауы керек. Үйренушiлер тобына, оқытушыдан басқа, құтқарушы мен медицина қызметкерi үнемi бақылау жасауы тиiс.
Тармақ 2.15
2.15. Судағы спорт түрлерiмен шұғылданушылардың барлығы құтқару әдiстерiне және зардап шегушiлерге дәрiгер келгенше жәрдем көрсетуге дағдылануы керек.
Тармақ 2.16
2.16. Биiктiгi 3 м және одан да жоғарыдан суға секiретiн мұнаралар алаңшасына шығу нұсқаушының (бапкер) рұқсатымен және олардың көзiнше жүргiзiледi.
Тармақ 2.17
2.17. Жыл сайын суға түсу маусымы басталар алдында, сонан соң айына кемi бiр рет адамдар шомылуға арналған су айдынының табанын сүңгуiршiлер тексерiп шығып, көлденең заттардан тазартылуы керек. Су табанын тексеру және тазарту жұмыстарын ұйымдастыру жағажай иегерiне немесе су қоймасы бекiтiлген су қоймаларын иеленушілер мен пайдаланушыларға жүктеледі. Су айдынын тексеру және тазарту жұмысын сүңгуiршiлер суда құтқару қызметiнiң облыстық бөлiмшелермен жасасқан келiсiмшарттарға сәйкес жүргiзедi. Жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырыс берушiге жағажай құжаты табыс етiледi. Тиiстi дәрежеде ресiмделген құжаттары жоқ жағажай тексерiлмеген, адам өмiрi мен денсаулығы үшiн қауiптi деп есептеледi, ал оларды пайдалануға жол берiлмейдi. Қойылған талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға 5 (бес)-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде, лауазымды адамдардан 5 (бес)-тен 10 (он)-ға дейінгі және заңды тұлғалардан 50 (елу)-ден 100 (жүз)-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тарау 3. 3. Балаларды судан сақтандыруды қамтамасыз ету шаралары
3. Балаларды судан сақтандыруды қамтамасыз ету шаралары
Тармақ 3.1
3.1. Балаларды судан сақтаудыруды жергiлiктi атқарушы органдар қамтамасыз етедi және оған мынадай алдын алу-түсiнiк шаралар кешенiн өткiзу арқылы қол жеткiзедi, соның ішінде: - суға түсетiн жерлердi дұрыс таңдау; - балаларды жүзуге үйрететiн су айдыны учаскелерi мен жағажайларды жабдықтау; - ведомстволық құтқарушы күзет орындары мен медициналық пунктер ашу; - балаларды жүзуге үйрететiн сабақтар ұйымдастыру; - суда өзiн-өзi ұстау және су нысандарын пайдалану кезінде сақтық шараларын сақтау тәртiбi туралы түсiнiк жұмысын жүйелі жүргiзу.
Тармақ 3.2
3.2. Мектеп лагерi, балалар мекемесi жағажайларындағы суға түсетiн жерлерде 9-жасқа дейiнгi балаларды суға түсiрiп, жүзуге үйрету үшiн тереңдiгi 0,7 м аспайтын, сондай-ақ 9-11 жастағы және жүзе бiлмейтiн ересек балаларға арнап тереңдегі 1,2 м-ден аспайтын су учаскелерi жасалуы керек. 9 жасқа дейiнгi балалардың шомылуына арналған учаскелер су бетiне шығып тұратын биiктiгi кемi 80 см келетiн қоршаумен қоршалады, ал ересек балалар үшiн темiр арқанға бекiтiлген қалтқы желiмен тартылып тасталады. Тереңдiгi 2 м дейiн баратын жерлерде жасы 12-ден асқан, жақсы жүзе бiлетiн балаларға шомылуға рұқсат етiледi. Бұл тереңдiктер бiр-бiрiнен 25-30 м қашықтықта орналасқан белгiлермен қоршалады.
Тармақ 3.3
3.3. Мектеп лагерiнiң, балалар мекемесiнiң жағажайы белгiленген санитарлық талаптарға жауап берiп, жабдықтандырылып, жаға жағынан шарбақ қашамен қоршалып, көлеңкелi қалқалармен жабдықталуы керек.
Тармақ 3.4
3.4. Балалар жағажайын ашуға оны жергiлiктi әкiмшiлiк құрған арнайы комиссияның облсуқұтқарудың суда құтқару өкілінің қатысуымен тексеру жүргізілгеннен кейін ғана рұқсат етiледi. Тексерілгені жөнiнде арнайы акт жасалады. Арнаулы актсыз балалар жағажайын ашқаны үшін - азаматтарға 5 (бес)-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіш, лауазымды адамдарға 5 (бес)-тен 10 (он)-ға дейінгі және заңды тұлғаларға 50(елу)-ден 100 (жүз)-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айппұл салынады.
Тармақ 3.5
3.5. Суға шомылу кезiндегi балаларды судан сақтандыру жауапкершілігі жүзу жөнiндегi нұсқаушыға жүктеледi.
Тармақ 3.6
3.6. Балалардың 10 адамнан аспайтын топ болып, ұзақтығы 10 минуттай суға шомылуына жүзе білетін ересектердің бақылаумен рұқсат етiледi.
Тармақ 3.7
3.7. Жүзе бiлмейтiн балалар суға жүзе бiлетiн балалардан бөлек түсуi керек. Мұндай балалардың шомылуын балалар лагерiнiң не мекемесiнiң жетекшiсi ұйымдастырып, бақылау жасайды.
Тармақ 3.8
3.8. Шомылу медицина қызметкерiнiң және жүзе бiлетiн, суда апатқа ұшырағандарға жәрдем көрсете алатын адамдардың бақылауымен ұйымдастырылады. Шомылуға әдiстемелiк басшылықты жүзу нұсқаушысы жасайды.
Тармақ 3.9
3.9. Сабақ жүргiзуге ыңғайлы болуы үшiн жағалаудың суға енiп жатқан тұсынан қоршалып, алаң жасалады.
Тармақ 3.10
3.10. Балалар суға түсiп жатқанда бүкiл жағажай аумағында бөгде адамдардың жүруiне, шомылуына және қайықпен, катермен серуендеуге, спорт ойындары мен шараларын өткiзуге тыйым салынады.
Тармақ 3.11
3.11. Жорық, серуен және экскурсия кездерiнде балалардың шомылуы үшiн таяз, түбі жайпақ, дiңгек, түбiртек, қырлы тас, балдыр мен тұнбадан таза тұстар таңдап алынады. Шомылатын жерлердi жүзе, сүңги бiлетiн, құтқару және алғашқы жәрдем көрсету әдiстерiн меңгерген ересектер іздестіредi. Шомылатын жердің шекарасы қайқылармен, айғақтармен, сырықпен және өзге де арнайы нәрселермен белгiленiп қойылады. Шомылу ересектердiң бақылауымен барша сақтық шараларын мейлінше сақтай отырып жүргiзiледi.
Тармақ 3.12
3.12. Қайықпен, катермен серуендеу ерсектердiң басшылығымен өтедi. Катер және моторлы қайықтарды жүргiзуге жүзу құралдардын жеке дара басқаруға берiлген арнайы құқы бар адамдар ғана жiберiледi.
Тармақ 3.13
3.13. - катерге, қайыққа белгiленген нормадан артық отыруға; - ересектердiң қамқорлығынсыз 16-жасқа дейiнгi балаларды серуендетуге; - 7 жасқа толмаған балаларды серуендетуге; - қайықтан суға секiруге және шомылуға; - катер, қайық жүрiп келе жатқанда оның жиегiне отыруға, орын ауыстыруға, басқа жүзу құралдарына ауысып отыруға болмайды. Катерлер мен қайықтар ақаусыз болуы керек, құтқару құралдарының толық жабдығы, өзге жабдықтар мен мүкаммалдар болуға тиiс. Жоғарыда айтылған талаптарды орындамағаны үшін азаматтардан 5 (бес)-ке дейінгі, лауазымды адамдардан (бес)-тен 10 (он)-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл алынады.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Су өткелдерін пайдалану кезіндегі сақтандыру шаралары
4. Су өткелдерін пайдалану кезіндегі сақтандыру шаралары
Тармақ 4.1
4.1. Су өткелдерінен өтуді ұйымдастыруға жергілікті атқарушы ұйым рұқсат береді, ол өткелден өту тәртібін, сондай-ақ жұмыс уақыты мен сағатын белгілейді.
Тармақ 4.2
4.2. Тасымал аймағы, паром және тасымалдау катері құтқару құралдарымен жабдықталуы керек. Күннің қараңғы мезгілдерінде оларда белгі оттар жағылуы тиіс. - тасымал айлағын, паромды, тасымалдау катерін жарақтандыру және оларға жарық түсіру ережесін бұзғаны үшін азаматтарға 5 (бес)-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіштер, лауазымды адамдарға 5 (бес)-тен 10 (он)-ға, заңды тұлғаларға 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 4.3
4.3. Өткелдің әр аймағында суға батқандарға алғашқы жәрдем көрсете алатын кезекші және құтқарушы шеңбер, құтқарушы жіп, сырық бар құтқарушы шлюпка (қайық) тұруы тиіс. Жоғарыда айтылған талаптарды сақтамағаны үшін лауазымды адамдарға 5 (бес)-тен 10 (он)-ға дейінгі заңды тұлғаларға 10 (он)-нан 20 (жиырма) -ға дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 4.4
4.4. Өткел аймағы берік таяныштармен жабдықталады. Оған түсетін жер жайпақ болуы керек.
Тармақ 4.5
4.5. Жолаушылар мен машиналарды аймаққа жіберуді, сондай-ақ түсіруді өткел әкімшілігі жүргізеді.
Тармақ 4.6
4.6. Өткел аймақтарында (өзеннің екі жағында) көрнекі жерге өткелдің кімге қарайтыны және оған жауаптылар, өткелдің жұмыс істеу уақыты мен тәртібі туралы ақпараттары бар сілтемелер ілінуге тиіс. Жоғарыда айтылған талаптарды орындамағаны үшін лауазымды адамдарға 5 (бес)-тен 10 (он)-ға, және жеке тұлғаларға 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 4.7
4.7. -Паромдарға, моторлы және ескекті қайықтарға жақындап жүзіп келуге; - айлақтардан, паромдардан, катерлерден, қайықтардан, шлюпкалардан суға секіруге; - катерлер мен қайықтарда тәртіп ережелерін бұзуға; - мас күйінде жүзу құралдарын басқаруға; - паромдарға, катерлерге, шлюпкаларға, қайықтарға артық жүк алуға; - пароммен тасымалдауға, катер жүріп келе жатқанда жолаушыларды алмастыруға; - жолаушыларды құтқару құралдарынсыз тасымалдауға тыйым салынады. Жоғарыда айтылған талаптарды орындамағаны үшін азаматтардан 5 (бес)-ке дейін, лауазымды адамдардан 5 (бес)-тен 10 (он)-ға дейінгі және заңды тұлғалардан 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл алынады.
Тармақ 5
Тарау 5. 5. Мұз үстімен өтуді пайдалану кезіндегі сақтандыру шаралары
5. Мұз үстімен өтуді пайдалану кезіндегі сақтандыру шаралары
Тармақ 5.1
5.1. Қыс басында, қыс аяғанда мұз өткелдерін ашу және жабу уақытын, сондай-ақ оның тәуліктік жұмыс кестесін, өткелге жауапты ұйымның, ауа райы қызметінің, ішкі істер органдары, суда құтқару қызметтерінің және өзге де ынталы ұйымдардың өкілдері; бар жергілікті әкішілік тағайындайтын арнаулы комиссия белгілейді.
Тармақ 5.2
5.2. Өзен және су қоймалары үстімен адам және жүк тасымалдаумен айналысатын ұйымдар мұз ұстасқаннан кейін мұз үстінде жаяу, авто және көлiк өтетін жол салады, қажетті құтқару жабдығы мен мүкаммалы бар ведомстволық құтқару күзеттерін құрады. Жоғарыда айтылған талаптарды орындамағаны үшін лауазымды адамдар 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі және заңды тұлғалар 50 (елу)-ден 100 (жүз)-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл төлейді.
Тармақ 5.3
5.3. Өткел үшін бөлінген орындар мына шарттарға сай болуы керек: - өткелге апаратын жолдар мен еңістер абаттандырылуы тиіс; - өткелдің екі бетінде, оның ұзын бойынан есептегенде 20 м жерде мұздың қатқақтануына және су деңгейінің аса көтерілуіне жол берілмейді; - өткел бойының мұзы басынан аяғына дейін шыңылтыр қатты, әрі қалыңдығы біркелкі болуы тиіс; - өткел ауданында (одан оң және сол жаққа 100 м дейінгі жерде) жер асты жылы суы және қайнар су көзі (бастау, бұлақ), сондай-ақ мұз аланында ойық жылым болмауы керек; - автокөлік өтетін даңғылмен біржақты қозғалысқа арналған, қарсы жүру үшін алдыңғы жолмен қатарластыра одан 40-50 м аралықта дербес жол салынады.
Тармақ 5.4
5.4. Өткелдерде кәсіптік балық аулау үшін ау салуға, балық аулайтын және басқа мақсаттарға арналған ойық жасауға, сондай-ақ тексерілмеген және күзет қойылмаған түстардан өтуге және көлікпен өтуге қатаң тыйым салынады. Жоғарыда айтылған талаптарды сақтамаған азаматтарға және лауазымды адамдарға 5 (бес)-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 5.5
5.5. Көлік қозғалысының тәртібін, жүк және жолаушы тасымалы нормасын, ауа райы қызметінің мұз құрсау болжамдарын, мұз көтеретін салмақтың жоғары шегінің кестелерін ескере отырып өткел әкімшілігі белгілейді.
Тармақ 5.6
5.6. Өткелдердің жабдықталуы және күтімі: - өткелге бөлінген тұстың шекарасы бір-бірінен 25-30 м қашықтықта орналасқан сайғақтармен белгіленеді. Сайғақтарға қызыл жалау, сыпырғыш, сіпсебес немесе шөп шудасы ілінеді; - өткелде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мұз үстіндегі апат жағдайында көмек көрсетуге қабілетті теңізші-құтқарушылармен жасақталған ведомстволық құтқару күзеті қойылады; - өткелде тәулік бойы кезекшілер болуы керек; - өткел аузына осы өткел бойынша өтуге құқылы, жүк көтеру қабілеті және жүру жылдамдығы, мұз үстінде ұстау ережелері мейлінше ескерілген, көлік түрлері туралы ақпарат жазылған арнаулы қалқан, сондай-ақ көлікті басып озуға және тоқтауға тыйым салынатын белгілер қойылады; - жағадан өткелге баратын жолдарға және өткелге жарық түсіп тұруы керек; - қозғалыс үшін қауіпті орындарда, әсіресе елді мекендер маңында, ойық, жылым, т.б. тұсында ең көрнекі жерлерге "Мұз үстімен өтуге, көлікпен жүруге рұқсат етіледі" және "Мұз үстімен өтуге, көлікпен жүруге тыйым салынады" деп жазылған ескертпе белгілер қойылады; - су қоймасының өткелге түсер ауызының екі бетіне құтқару шеңберлері, арқан, құтқару сатылары мен тақтайлары ілінген қалқандар қойылады. Оның әрқайсысына "Суға батып бара жатқандарға лақтыр" деп жазылады. Қалқанның жанында мұз ойылып кеткен жағдайда көмек көрсету үшін ұзындығы 5-6 м, диаметрі 10-12 см бөрене жатуы керек; - күн сайын таңертең және кешкілік, ал жылымық күндері күндізгі уақытта да мұздың қалындағы өлшеніп, оның бүкіл жол бойындағы, әсіресе ағыны қатты ойығы терең тұстардағы құрылымы анықталады; - мұздың еруі жүк көтеру қабілетінің азаюын болдырмау үшін мұз жолының көлік өтетін тұсы үнемі қардан тазартылып, ал кірме жолға дүркін-дүркін күл мен қиыршық тастар төселінеді. Өткелдері жабдықтау мен ұстау ережелерін сақтамағаны үшін лауазымды адамдарға 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі және заңды тұлғаларға 50 (елу)-ден 100 (жүз)-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 6
Тарау 6. 6. Мұз айдынын және ойын алаңдарын жабдықтау
6. Мұз айдынын және ойын алаңдарын жабдықтау
Тармақ 6.1
6.1. Мұз қатқан су қоймаларында және ойын алаңдарын мұз айдынын жабдықтау кезінде тереңдігі 100-120 см-ден аспайтын тұстар таңдап алынады. Сырғанақ (ойын алаңы) алаңындағы мұздың қалындығы 25 см-ден кем болмауы керек.
Тармақ 6.2
6.2. Мұз айдыны аумағы сайғақтармен қоршалады. Мұз айдыны маңына құтқару құралдары (арқан, тақтай, саты, т.б.) ілінген қалқан орнатылады.
Тармақ 6.3
6.3. Мұз айданында тұрақты кезекшілік ұйымдастырылады.
Тармақ 6.4
6.4. Мұз айдыны мен ойын алаңдарын: - өндіріс орындарының ағын суы құйылатын мұз айдыны маңында; - ағысы қатты жерлерде; - суға малына қатқан заттар, қамыс, құрақ, т.б. бар учаскелерін; - жылым, бұлақ, бастау және ойық маңында; - мұз астынан балық аулайтын, мұз ойылатын су қоймалары учаскелерде; - көпір астында, бұрылыстарды және қылта жерлерде жабдықтауға тыйым салынады.
Тармақ 7
Тарау 7. 7. Мұз үстінде сақтандырудың жалпы шаралары
7. Мұз үстінде сақтандырудың жалпы шаралары
Тармақ 7.1
7.1. Мұз басқан су қоймаларын арнаулы мұз өткелдері (жаяулар мен автокөлікке арналған) жасалған тұстардан ғана өтуге рұқсат етіледі. Мұндай өткелдер жоқ жерлерден өтерде алдымен ол жердегi мұздың берiктiгiне көз жеткiзiп алу керек. Мұздың берiктiгiн ағаш келтекті сүйменмен шұқып байқаған жөн, қатты ұстасқан мұз 2-3 соққыдан соң ғана ойыла бастайды. Мұздың берiктiгiн өкшемен соққылап байқауға қатаң тыйым салынады.
Тармақ 7.2
7.2. Жұқа мұз үстiмен жүруге, мұзы шытынаған тұстарға жақындауға, жұқа мұз үстiне жағадан шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанап түсуге болмайды. Мұз жүрiп жатқан кезде мұз сынықтарында сырғанауға немесе олар арқылы арғы бетке өтуге, сондай-ақ мұз бетiне ой-шұқыры беймәлiм тұстардан, әсiресе жарғабақтан түсуге болмайды.
Тармақ 7.3
7.3. Өзенде (су қоймасында) тыйым салынған мұз үстiмен және қауiптi тұстардан өтуге рұқсат етiлмейдi. Ескертпе қалқандарға мұққият қарап отыру керек. Қызыл су жүргенде мұз үстiне шығуға қатаң тыйым салынады.
Тармақ 8
Тарау 8. 8. Жүзу құралдарын жалға беретiн стансаларын (пункттерiн) құру, ұстау және пайдалану ережелері
8. Жүзу құралдарын жалға беретiн стансаларын (пункттерiн) құру, ұстау және пайдалану ережелері
Тармақ 8.1
8.1. Жүзу құралдарын жалға беретiн стансаларды (пункттердi) құруға және пайдалануға беруге облсуқұтқару мен мемлекеттік санитарлық қадағалау органдарының арнайы келісімі бойынша жергілікті атқару ұйымының рұқсатымен беріледі. Арнаулы жүзу құралдарын жалға беретін стансалардың рұқсатынсыз (пункттер) құрғаны және пайдалануға бергені үшін азаматтарға 5 (бес)-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіші, лауазымды адамдарға 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі және заңды тұлғаларға 50 (елу)-ден 100 (жүз)-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 8.2
8.2. Қайық тұратын аймақ құтқару шеңберлерiмен (аймақ желiсiнiң бір шеңбері 10 м), басқа да құтқару құралдарымен және өрт сөндiру жарақтарымен жабдықталуға тиіс. Қайық айлағына қойылатын талаптарды бұзған лауазымды адамдар 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі және заңды тұлғалар 50 (елу)-ден 100 (жүз)-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл төлейді.
Тармақ 8.3
8.3. Жалға беру пунктінің су айдыны қалқыма белгілермен белгiленуге тиіс, жалға беру орнының жүзу құралдарымен оның арғы жағына шығуға тыйым салынды. Жалға беру пунктінің су айдының қалқыма белгілермен белгілемегені үшін азаматтарға 5 (бес)-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіші, лауазымды адамдарға 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі және заңды тұлғаларға 50 (елу)-ден 100 (жүз)-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 8.4
8.4. Әрбiр жалға беру стансасы жанынан құтқарушы керек-жарақтар мен жасақшы-құтқарушылары, сондай-ақ радиохабарын тарататын қондырғысы бар кезекшi қайығы бар құтқарушы күзет құрылады. Жоғарыда айтылған талаптарды орындамаған азаматтардан 5 (бес)-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіші, лауазымды адамдардан 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі және жеке тұлғалардан 50 (елу)-ден 100 (жүз)-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл алынады.
Тармақ 8.5
8.5. Жалға берiлетiн қайықтардың мiндеттi түрде ақаусыз, iлмектер жиынтығы мен ескектері, айлақта тоқтайтын орны, су алатын ожауы мен құтқарушы керек-жарақтары болуға тиіс. Жалға берілетін қайықтарға қойылатын талаптарды орындамағаны үшін азаматтарға 5 (бес)-ке дейінгі айлық есептік көрсеткіші, лауазымды адамдарға 10 (он)-нан 20 (жиырма)-ға дейінгі және жеке тұлғаларға 50 (елу)-ден 100 (жүз)-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіштер көлемінде айыппұл салынады.
Тармақ 8.6
8.6. Стансалардың қассалары мен демалушыларға арналған орындықтар жағада болуға тиіс. Отырғызу және қайықтардан түсіру орындары олар күтіп тұратын жерден оқшауланады, отырғызу және түсіру жалға беруші стансаның құтқарушысының бақылауымен жүргiзiледi.
Тармақ 9
Тарау 9. 9. Топырақты шығару жұмыстарын жүргізу кезiнде халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін шаралары
9. Топырақты шығару жұмыстарын жүргізу кезiнде халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін шаралары
Тармақ 9.1
9.1. Өзенге, көлге және басқа су объектілеріне жақын жерде, әсiресе адамдар жаппай суға шомылатын орындарда топырақ шығару жөніндегі жұмыстарды жүргізу жергiлiктi атқару органымен, төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқармамен, өзен флотының тиiстi бөлiмшелерiмен, облсуқұтқару қызметімен және басқада мүдделі ұйымдармен келісілуге тиiс.
Тармақ 9.2
9.2. Су толған қазаншұңқырлар маңындағы адамдарды сақтандыруды қамтамасыз ету жұмыс аяқталғанша топырақ шығаруды жүргiзушi ұйымның басшысына жүктеледi.
Тармақ 9.3
9.3. Су толған қазаншұңқырлардан топырақ шығару жұмысы аяқталғаннан кейiн жағалаудан 1,7 м тереңдiкке дейiнгi су табанын тегiстеу жүргiзiледi. Көпшiлiк демалатын орындардағы шағын қазаншұңқырлар топырақ шығарулар жүргiзген кәсiпорын, ұйым тарапынан бiтелуi (тегiстелуi) керек.
Тармақ 10
Тарау 10. 10. Судан сақтандыру белгiлерiнiң сипаттамасы
10. Судан сақтандыру белгiлерiнiң сипаттамасы
Тармақ 10.1
10.1. Судағы сақтандыру белгiлерi су нысандары жағалауына су жиегiнде және суда жүрген азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында орнатылады.
Тармақ 10.2
10.2. Белгiлердің әр тұсы кем дегенде 50х60 см тiкбұрыш пiшiндi болып келедi және ағаш тақтайдан, қалың фанерден, металл тiлсемнен немесе басқа да берiк нәрседен жасалады. Белгiлер көрнекi жерлерге қойылады және жерге орнатылған бағаналарға (ағаш, металл, темiрбетон т.б.) бекiтiледi. Бағаналардың жер бетiнен биiктiгi 2,5 кем болуы керек.
Тармақ 10.3
10.3. Белгiлерге жазу қара немесе ақ бояумен түсiрiледi.
Тармақ 10.4
10.4. Судан сақтандыру белгiлерiнiң сипаттамасы: №№ Белгiдегi жазу Белгiнiң жалпы түрi 1 2 3 1 Суға түсетiн орын (метрмен өлшенгендегi шекарасы көрсетiледi) Жасыл қоршауға алынады. Жазу бетіне жазылады. Төменде жүзiп келе жатқан адам бейнеледi, белгi ақ бағанға бекiтiледi. 2 Балалар суға түсетiн орын (метрмен өлшенгендегi шекарасы көрсетiледi) Жасыл қоршауға алынады. Жазу бетіне жазылады. Төменде жүзiп келе жатқан адам бейнеледi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi. 3 Жануарлар суға түсетін орын (метрмен өлшегендегі шекарасы көрсетіледі) Жасыл қоршауға алынады. Жазу бетіне жазылады. Төменде жүзiп келе жатқан адам бейнеледi. Белгi ақ бағанға бекiтiледi. 4 Суға түсуге тыйым салынады (метрмен өлшенгендегi шекарасы көрсетiледi) Қызыл қоршауға алынады. Жазу бетіне жазылады, төменде жүзіп келе жатқан адам бейнесі. Бейне жоғарыдағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады, белгi қызыл бағанға бекiтiледi. 5 Сүңгуге тыйым салынады Қызыл қоршауға алынады. Жазу бетіне жазылады, төменде жүзіп келе жатқан адам бейнесі. Бейне жоғарыдағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Белгi қызыл бағанға бекiтiледi. 6 Жүзу құралдарының жүруiне тыйым салынады. Қызыл қоршауға алынады. Жазу бетіне жазылады, төменде жүзіп келе жатқан адам бейнесі. Бейне жоғарыдағы сол бұрыштан бастап қызыл белдеумен айқара сызылады. Жүзу бейнесi. Жағажайдың бетін қоршайтын белгiлермен қатар қойылады. 7 Мұз үстiмен жүруге болады Тұтастай жасылмен боялады. Жазу ортасында, ақ түстi. Белгi ақ бағанға орнатылады. 8 Мұз үстiмен жүруге тыйым салынады. Тұтастай қызыл түске боялады. Жазу ортасында, ақ түстi. Белгi ақ бағанға орнатылады.
Тармақ 11
11. Алматы облысының су қоймаларында адамдар өмiрiн қорғау ережелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Тармақ 11.1
11.1. Осы ережелерді бұзғаны үшiн әкімшілік және материалдық жауапкершілік белгiленедi.
Тармақ 11.2
11.2. Осы ережелердің талаптарын орындауға бақылау жасау жергiлiктi атқару ұйымдарына төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық басқармаға және облсуқұтқару қызметіне жүктеледi.
Тармақ 11.3
11.3. Алматы облыстының су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың Міндетті ережелерінің орындалуын бақылау жөніндегі өкілдіктерді жүзеге асыру үшін облсуқұтқару қызметіне төмендегідей құқықтар беріледі: - меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдарға судағы қауiпсiздiк талаптарын және нормативтіқ-құқықтық, нормативтіқ-техникалық актiлердi сақтау шараларын бұзу фактiлерi бойынша орындалуға мiндеттi нұсқамалар жiберу; - көпшiлiк пайдаланатын су нысандарына, судағы көлiк құралдары мен өткелдерге шарт негiзiнде техникалық куәландырулар жүргiзу, оларды пайдалануға тыйым салу, қауіпсіздік ережесін бұзған жағдайда азаматтарға меншiктiң барлық түрiндегi ұйымдар мен кәсiпорындарға белгіленген тәртіппен әкімшілiк шара қолдану; - судағы төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған шараларға талдау жасау және орындау жөніндегі меншiктiң барлық түрiне жататын ұйым, кәсiпорындардың ведомстволық құтқару стансалары мен қызметiне бақылау жасау; - күшті дауыл қарсаңында және суға түсуге арналған аудан шекарасынан шығып кеткенде немесе спортшылар жаттығуға катер не моторлы қайықсыз шығып кеткенде барлық шағын кемелердi айлаққа қайтару құқы берiледi.
Тармақ 11.4
11.4. Облсудан құтқару қызметi өкiлдерiнiң судан сақтандыру шаралары туралы нұсқаулары: жағажай, демалыс базалары, және басқа да су нысандары әкiмшiлiктерi үшiн; соларды пайдаланушы барлық азаматтар үшiн; шағын кемелердi жүргiзушiлер үшiн, сондай-ақ меншiктiң барлық түрiне қарамастан заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге және жеке тұлға құрмастан басқа қызметпен айналысатын адамдарға мiндеттi.
Басқа 103. Облыстық су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың Міндетті ережелерін бұзғаны үшін айыппұл алу жөніндегі
№ 2 қосымша Алматы облыстық Мәслихатының шешімімен бекітілген 1998 жылғы 24 шілдедегі № 21-170 Азаматтарды су қоймаларында сақтандырудың "Міндетті ережелерінің" бұзылуы туралы Хаттама-қаулы "___"________199___ж. __________________________________________________________________ (хаттаманы жасаушы органның атауы) __________________________________________________________________ (аты-жөні, қызметі) __________________________________________________________________ (құқық бұзылған жер) __________________________________________________________________ (ереже пункттеріне сілтеме жасай келе құқық бұзулар мазмұны) __________________________________________________________________ Құқық бұзушының түсініктемесі ________________________________________ Құқық бұзушы туралы мәлімет 1._________________________________________________________________ (аты-жөні, қызметі) 2._________________________________________________________________ (мекен-жайы, телефоны) 3._________________________________________________________________ (ұйымның атауы, телефоны) 4. Есепшот № _____ банк ______________________________________________ Акт жасаушылардың қолы ________________________________ 5. "___"_____199_ж. ____сағатта әкімшілік комиссиясына келуі міндетті 6. Хаттамамен таныстым _______________________________________________ __________________________________________________________________ (қағазды қиятын жер) Әкімшілік комиссияның шешімі Облыстың су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың міндетті ережелерінің ___ баптарын бұзғаны үшін________________________________ _______теңге көлемінде айыппұл. Айыппұл ______________________________ есепшотына__________ қалдырмай төленсін. Қаулы хаттамасын алдым____________________________ (қолы) Облыстық су қоймаларында азаматтарды сақтандырудың Міндетті ережелерін бұзғаны үшін айыппұл алу жөніндегі Хабарлама Облыстық судан құтқару қызметіне ______________________________________ __________________________________________________________________ (аты-жөні) 199___ ж. "____"__________ ________________________________________ (аты-жөні, жұмыс орны) ____________________________________________________ айыппұл салынды. _______________________________________________________________________ ________________ теңге көлемінде № ____ есепшотына енгізілді. Әкімшілік комиссияның хатшысы___________________