О снижении выбросов вредных веществ в атмосферный воздух г. Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласының атмосфералық ауасына зиянды заттардың бөлiнуiн төмендету туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 09.06.2004 қаулысымен.
Соңғы жылдары Алматы қаласында оның атмосфералық ауасының зиянды заттармен ластануына байланысты өте қолайсыз жағдай қалыптасты. Жүргiзiлген талдаулар атмосфераға түсетiн зиянды заттардың 80 процентке дейiнгi мөлшерi автокөлiк құралдарынан бөлiнiп шығатын газдардың есебiнен пайда болатынын көрсеттi. Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 55 бабының талаптарына сәйкес автокөлiк құралдарынан бөлiнiп шығатын газдардағы зиянды заттарды төмендетудiң және мазутты қазандық қондырғыларында жағудың есебiнен Алматы қаласындағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында Алматы қаласының Әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақша 1
1) Алматы қаласында бензиннiң барлық түрлерi, дизель отыны және мазут үшiн "CLEAN DASH CONS" отынына арналған қосалқы құралдар негiзiнде сұйық концентратты мiндеттi түрде қолдану тәртiбi енгiзiлсiн.
Тармақша 2
2) Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (А.С. Жақсыбеков) "CLEAN DASH CONS" сұйық концентратын қолдану негiзiнде зиянды заттардың қолайсыз әсерiнен қаланың ауа бассейнiн қорғау жөнiндегi шаралардың жоспарын әзiрлеп, оның жүзеге асырылуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақша 3
3) Алматы қаласына бензиннiң және дизель отынының құрамында "CLEAN DASH CONS" сұйық концентраты жоқ басқа қаладан және қала маңынан келген автокөлiктiң кiруiне тыйым салынсын.
Тармақша 4
4) "Алматы экология құрылысы" ҒӨБ (А.Р. Атымтаев) "ҚазЭкоПлюс" фирмасымен бiрлесе отырып Алматы қаласына кiретiн жолдардың бойында экологиялық постыларды салуды ұйымдастырып, олардың жұмыс iстеуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақша 5
5) Сәулет және қала құрылысы департаментi (С.Қ. Баймағамбетов) және Жер ресурстарын басқару комитетi (А.Е.Сапаров) экологиялық постылардың құрылысын жүргiзу үшiн "Алматы экология құрылысы" ҒӨБ-не жер учаскелерiн белгiленген тәртiпке сәйкес бөлiп берсiн.
Тармақша 6
6) Алматы қалалық IIББ (Қ.Н. Қасымов) Жол полициясы басқармасының және "Алматы экология құрылысы" ҒӨБ мамандандырылған экологиялық қызметiнiң экологиялық постылардың жұмысын жүргiзу жөнiндегi бiрлескен жұмысын қамтамамыз етсiн.
Тармақша 7
7) Алматы қалалық IIББ ЖПБ-ның бастығы (Н.А. Ыбырайымов) Алматы қаласының аумағына белгiленген бағыттар бойынша бензин тасушы машиналардың кiруiн шектесiн.
Тармақша 8
8) "Фирмалық көлiк қызметi орталығы" МКД-ның Алматы филиалына (О.Р. Кулаков) "Алматы экология құрылысы" ҒӨБ-нiң келiсiмiнсiз мұнай өнiмдерi тиелген вагондарды кiрме жолдарға қоймауы мiндеттелсiн.
Тармақша 9
9) Алматы қаласы Әкiмiнiң 1998 жылғы 07 қазандағы N 966 шешiмiмен бекiтiлген "Алматы қаласына мұнай өнiмдерiн әкелудiң, оларды сатудың және пайдаланудың тәртiбiне" толықтырулар енгiзiлсiн (N 1 қосымша).
Тармақша 10
10) Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 25 наурыздағы N 196 шешiмiмен бекiтiлген 1999 жылы Алматы қаласы бойынша қоршаған табиғи ортаны ластағаны үшiн төлемдердiң ставкаларына толықтырулар енгiзiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақша 11
11) Осы шешiм 1999 жылдың 1 маусымынан бастап күшiне енедi.
Тармақша 12
12) Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсiн.
Басқа 13
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 13 мамырдағы
N 438 шешiмiне
N 1 қосымша
Алматы қаласы Әкiмiнiң 1998 жылғы 07 қазандағы
N 966 шешiмiмен бекiтiлген Алматы қаласына мұнай
өнiмдерiн әкелудiң, оларды сатудың
және пайдаланудың
ТӘРТIБI
Тармақ 1
1. "Осы Тәртiптегi қолданылатын негiзгi түсiнiктер" бөлiмiне мынадай азат жол қосылсын:
"CLEAN DASH CONS" концентраты - отындарға арналған қосалқы құрал негiзiндегi сұйық концентрат".
Тармақ 2
2. 1.3. тармағындағы "Алматы қаласы үшiн..." сөздерiнен соң мына сөздер қосылсын:
"отындарға арналған "CLEAN DASH CONS" қосалқы құрал негiзiндегi сұйық концентратты қоспай-ақ ...", әрi қарай текст бойынша.
Тармақ 3
3. 2.4. тармағына мына сөздер қосылсын:
"отындарға арналған "CLEAN DASH CONS" қосалқы құрал негiзiндегi сұйық концентрат мұнай өнiмдерiнiң құрамында бар болса...".
Басқа 17
Алматы қаласы Әкiмiнiң
1999 жылғы 13 мамырдағы
N 438 шешiмiне
N 2 қосымша
Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 25 наурыздағы
N 196 шешiмiмен бекiтiлген 1999 жылы
Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаны
ластағаны үшiн төлемдердiң
СТАВКАЛАРЫ
Тармақ 1
1. 2 тармақтағы 2-шi азат жол мына сөздермен толықтырылсын:
"сондай-ақ, бензиннiң және дизель отынының құрамында отындарға арналған "CLEAN DASH CONS" қосалқы құрал негiзiндегi сұйық концентрат болмаса...".