Әлеуметтік төлем туралы Қолданыста
Басқа 0
Әлеуметтік төлем туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңының 31 бабының 1 тармағы 14 тармақшасына, 2003 жылғы 15 шілдедегі 9/32 санды «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік қаржы бөлудің бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру» Ережесін бекіту туралы аудандық мәслихат шешімімен бекітілген және 2003 жылы 16 шілдеде № 1922 Облыстық Әділет Департаментінде тіркелген «Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру» Ережесіне сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЫЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік төлемді жүзеге асыру комиссияның 2006 жылдың 30 қазанның шешімі бойынша төмендегі категориядағы азаматтарға каржылай материалдық көмек керсетілсін:
Тармақша 1
1) Қорғалжын ауылының тұрғыны, тылдың ерен еңбеккері С.Бүкішівке - 15450 теңге;
Тармақша 2
2) Абай ауылының тұрғыны, осал топтағы зейнеткер Ш.Өтегеноваға -15450 теңге;
Тармақша 3
3) Қорғалжын ауылының тұрғыны, жалғызілікті Т.И.Усьтянцеваға -10000 теңге;
Тармақша 4
4) Қорғалжын ауылының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері Б.Исламовқа 80-жасқа толуына байланысты, марапаттау рәсіміне -19200 теңге;
Тармақша 5
5) Жеке меншік кәсіпкер Ж.Т.Бексеитовқа жалғызілекті, тылдың еңбеккерін Қ.Бейсенованы отынмен қамсыздандыруына -10000 теңге;
Тармақша 6
6) Мүгедек - балалар арасында Жаңа Жыл мерекесін өткізуге - 65000 теңге;
Тармақ 2
2. Қаржы бөлімі (Б.Рысбаева) әлеуметтік төлемдерді 451007 бюджеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған 135100 теңге қаржымен қамсыздандырылсын.
Тармақ 3
3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Қ.Тюлеубаев) материалдық көмекті жоғарыдағы аталған адамдардың жеке есеп шоттарына аударылсын және мүгедек балалар арасында Жаңа Жыл мерекесі өткізілсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы Әділет басқармасында тіркелген күннен бастап күшіне енеді.