Об утверждении Положения о районной земельной комиссии Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудандық жер комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 43 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосыла берілген аудандық жер комиссиясының Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Аудандық жер комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» аудан әкімдігінің 2005 жылғы 28 наурыздағы №89 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.М. Смужинскийге жүктелсін. Келісілді: Аудандық жер қатынастар бөлімінің бастығы Е.Г.Сопаяков
Басқа 4. Аудандық жер комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Аққайың аудан әкімдігінің 2006 жылғы 1 қарашадағы № 232 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН Аудандық жер комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Аудандық жер комиссиясы (әpi қарай Комиссия) Қазақстан Республикасы Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында жер мәселелерін реттеу мақсатында құрылған, тұрақты қызмет ететін орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия жергілікті басқару органның тұсында-әкімдікте құрылады. Мәслихаттың кезекті сессиясының отырысында бекітіуне комиссияның дербес құрамын аудан әкімі ұсынады.
Тармақ 3
3. Комиссия құрамын жергілікті аудан мәслихатының депутаттары, жер қатынастар, сәулет және қала құрылысы жөніндегі аумақтық органдар және жергілікті өзін өзі басқару органдарының (олар құрылған болса) өкілдері арасынан құрылады. Жергілікті атқарушы органның қарауы бойынша комиссияның құрамына басқа да адамдар енгізілуі мумкін.
Тармақ 4
4. Комиссия өз қызметтің Қазақстан Республикасының Конституциясының, жер қатнастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілерінің, осы ереженің және сондай-ак Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар негізінде жузеге асырады.
Тармақ 5
5. Комиссия өз қызметінде жергіліктә атқарушы орган-әкімдік алдында жауапты.
Тарау 2. 2. Комиссияның негізгі функциялары
2. Комиссияның негізгі функциялары
Тармақ 6
6. Комиссияның негізгі функциялары мыналар жер учаскелерге меншік және жер пайдалану құқығын беру мәселесі жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзыреті шегінде қарау болып табылады.
Тарау 3. 3. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
3. Комиссияның материалдарды қарау тәртібі
Тармақ 7
7. Комиссия жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жер учаскелерін меншікке және (немесе) жер пайдалану құқығын беру мәселесі жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың арыздарын қарайды. Өтініште жер учаскесін пайдаланудың мақсаты, оның болжамды мөлшері, орналасқан жеpi, сұралатын пайдалану құқығы, басқа жер учаскесінің болуы (болмауы) көрсетілуге тиіс. Пайдалы қазбалар өндірілетін жағдайда өтінішке жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың көшірмесі қоса беріледі. Жер учакесін пайдалану құқығын беру туралы өтініш тускен кезден бастап екі айга дейінгі мерзімде, ал кіші кәсіпкерлік субъектілеріне жер учаскесін пайдалану құқығын беру үш күн мерзімінде қаралады. Аудандық жер қатынастар бөлімі (елді мекендерде сәулет және қала құрылысы органдарымен бірлесе отырып) сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсатты бойынша пайдалану мумкіндігін айқындайды.
Тармақ 8
8. Комиссия отырыстарын дайындау. Комиссия қарауына тускен өтініштердің уақытылы және дұрыс қаралуын қамтамасыз ету мақсатында оларды комиссияның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасыныңорынбасары алдын-ала қарастырады. Комиссияның қарауына келіп тускен материалдарды алдын ала қарастыру нәтижесі бойынша комиссия төрағасы немесе оның тапсырмасы бойынша комиссия төрағасының орынбасары алдын ала қарастырады. Өтінішті және оған тиісті құжаттар қосымшасын ресімдеу мақсатында өтініш берушіге өтінішті қайтара алады. Материалдарды қарауға тағайындау және өтініш беруші немесе өзге де заңды өкілдерін, отырысқа қатысуы міндетті деп танылған басқа да адамдарды Комиссия отырысының күні мен орны туралы хабардар ету; Өтініш комиссия төрағасының, ол болмаған жағдайда оның орынбасарының қол қойылған хаты турінде негіз болған себептер көрсетіліп қайтарылады. Қазақстан Республикасы заңдылығымен қарастырылмаған құжаттарды сұратып алуға тыйым салу.
Тармақ 9
9. Комиссия отырыстарын өткізу тәpтiбi. Комиссия отырыстары қажетіне қарай жылдың ішінде өткізіледі. Комиссия отырысы егер оған, комиссия мүшелерінің кемінде жалпы санының жартысы қатысса заңды болып табылады. Комиссия отырысында оның төрағасы не оның тапсырмасы бойынша комиссияның орынбасары төрағалық жасайды.
Тармақ 10
10. Комиссия хаттамасы Өтініштерді қарау қортындысы бойынша Комиссия хаттамасы ресімделеді. Комиссия хаттамасы материалдарды қарау қортындысы бойынша ресімделеді және отырысқа қатысушы Комиссия мүшелерінің жай көпшілік даусымен қортынды жасалады. Егер дауыстар тең бөлінген жағдайда комиссия отырысында төрағалык етушінің даусы шешуші болып табылады. Комиссия хаттамасында: Комиссияның атауы және жеке құрамы Комиссия отырысының күні мен жері Материалдар қаралуға қатысты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, немесе заңды тұлғаның атауы Сұратылатын меншік немесе жерді пайдалану құқығы Комиссия қортындысын қабылдауға негіз болған жағдайлар Комиссиямен қабылданған қортынды. Хаттамада төрағалык етуші және оның жауапты хатшысы қол қояды, хаттама комиссия отырысында жарияланады және шағымдауға белгіленген мерзім өткеннен кейін, заңды күшіне енеді. Комиссия қортындысы жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес жасалады. Комиссия отырысының хаттамасының көшірмесі өтініш бepушіге тапсырылады.
Тармақ 11
11. Комиссия шешіміне шағым беру. Қаралған материалдарға қатысты тұлға немесе оның өкілдері мен адвокаттары комиссия қорытандысына шағым жасай алады. Комиссия отырысы хаттамасынан комиссия қортындысының көшірмесін алған күннен бастап он кун ішінде осы комиссияны құрған атқарушы органға шағымдануға болады. Көрсетілген мерзімде шағым беру тиісті комиссия қортындысының орындалуын тоқтатады. Комиссияның қортындысы бойынша сотқа шағым беру мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді. Комиссия қортындысы негізінде жер учаскесін пайдалану құқығын беруден бас тарту аудан әкімдігінің қаулысымен немесе селолык округ әкімінің шешімімен ресімделіп, көшірмесі өтініш берушіге шешім қабылданған кезден бастап жеті күн мерзімінде тапсырылады. Жер учаскелеріне тиісті құқықтар беру туралы аудан әкімдігінің қаулысы немесе селолык округ әкімінің шешімі комиссия қортындысының және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданып, өтініш бepушігe шешім қабылданған кезден бастап жеті күн мерзімінде жер учаскесіне меншік құқығын және (немесе) жер пайдалану құқығын беру туралы шешімнің көшірмесі тапсырылады.
Тарау 4. 4. Комиссия қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
4. Комиссия қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі
Тармақ 12
12. Комиссия қызметінің материалдық-техникалық қамтамасыз етуілуі аудан әкімі аппаратына жүктеледі.