Об утверждении Правил оказания единовременной социальной помощи пенсионерам по возрасту Күшін жойған
Басқа 0
Жасы бойынша зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы" N 148-ІІ Заңының
31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген Жасы бойынша зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (В.И.Мишнев) әлеуметтік көмекті тағайындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. "Петропавл қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Г.И.Дорофеева) әлеуметтік көмектің қала бюджетімен бекітілген қаражат шегінде қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Жасы бойынша зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек 2006 жылғы 25 қарашадан 25 желтоқсанға дейін төленеді деп белгіленсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Т.Н.Құлжановаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы әділет органдарында тіркелген сәттен бастап күшіне енеді.
Басқа 7
Қала әкімдігінің
2006 жылғы 23 қарашадағы
N 1722 қаулысымен
бекітілген
Жасы бойынша зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелері
Осы Жасы бойынша зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережелері (бұдан әрі - Ережелер) біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (әрі қарай - уәкілетті орган) - "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) өтініш беруші - Петропавл қаласында тұратын, жасы бойынша зейнеткер статусы бар азаматтар
Тармақша 3
3) біржолғы әлеуметтік көмек - жасы бойынша зейнеткерлерді әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шараларға бағытталған ақшалай төлемдердің бір түрі.
Тарау 2. 2. Өтініш жасау тәртібі
2. Өтініш жасау тәртібі
Тармақ 2
2. Өтінуші тұрғылықты мекенжайы бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттар тапсырады:
Тармақша 1
1) қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
Тармақша 2
2) осы санатқа жататындығын растайтын құжат (түпнұсқасы және көшірмесі).
Тарау 3. 3. Біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі
3. Біржолғы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу тәртібі
Тармақ 3
3. Біржолғы әлеуметтік көмек жасы бойынша зейнеткерлерге уәкілетті органға берілген өтініші бойынша тағайындалады және төленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек біржолғы, көмектің басқа да түрлеріне байланыссыз тағайындалады.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмектің мөлшері материалдық қолдау көрсету бойынша қосымша шара ретінде 26000 (жиырма алты мың) теңге сомасында белгіленеді.
Тармақ 6
6. Біржолғы әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органның ұсынған ведомостері негізінде, алушылардың ашқан жеке шоттарына сомаларды аудару үшін, заңнамамен белгіленген тәртіппен келісім шарт жасалған екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізіледі.
Басқа 22
Азаматтардың жеке санаттарына
біржолғы әлеуметтік көмек көрсету
Ережелеріне қосымша
Петропавл қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
В.И. Мишневке
Біржолғы әлеуметтік көмек тағайындау туралы ӨТІНІШ
ФАМИЛИЯСЫ__________________________________________________________
АТЫ________________________________________________________________
ӘКЕСІНІҢ АТЫ_______________________________________________________
МЕКЕН-ЖАЙЫ_________________________________________________________
___________________________________________________________________
ТЕЛЕФОНЫ___________________________________________________________
ТӨЛҚҰЖАТТЫҢ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ БАСЫ КУӘЛІГІНIҢ НӨМІРІ ____________________
БЕРІЛГЕН КҮНІ_____________________КІМ БЕРГЕН_______________________
___________________________________________________________________
СТН (РНН)__________________________________________________________
ЖЕКЕ ШОТЫНЫҢ НӨМІРІ________________________________________________
__________________________________________________БАНК ФИЛИАЛЫНДА.
Маған (__________________________________________) теңге мөлшерде
біржолғы әлеуметтік көмек тағайындауыңызды сұраймын.
ӨТІНІШ БЕРГЕН КҮНІ ӨТІНІШ БЕРУШІНІҢ ҚОЛЫ
__________________ _____________________
Өтініш берушi берген құжаттардың шүбәсiздiгiн растаймын:
___________________________________________________________________
(аты-жөні фамилиясы қолы)