Қолданыстағы ред. 08.11.2006

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде демалыс орындарына баруы туралы от 08.11.2006 г. № 138 (Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде демалыс орындарына баруы туралы)

0

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түн мезгілінде демалыс орындарына баруы туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес және жасөспірімдердің құқықтарына нұқсан келтіретін құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ он сегіз жасқа толмаған жасөспірімдер жасайтын заңға қайшы келетін іс-қимылдардың жолын кесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Түн мезгілінде: жазғы уақытта сағат 23.00-ден таңғы сағат 6.00-ге дейін, қысқы уақытта сағат 22.00-ден танғы сағат 6.00-ге дейін кәмелетке толмағандардың ата-анасының (қамқоршыларының) ілеспейінше көшеде және ауданның демалыс орындарында (компьютерлік, бильярд клубтарында, мәдениет үйінде, дәмханаларда) болуына шек қойылсын.

2

2. Аудандық білім бөлімі (Б.Ахатова), аудан мектептері оқу орындарының басшылары Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің «Кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» 9-тарауында және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі «Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің қылмыстық жауапкершілігі» VI бөлімінде көрсетілгендей, оқушы жастар мен ата-аналары (қамқоршылары) арасында түсіндір жұмыстарына іс-шаралар (әңгіме, дәріс) өткізсін.

3

3. Ауыл әкімдері, аудандық Ішкі істер бөліміне (А.Ғали (келісімі бойынша)) осы қаулыда көрсетілгендей, демалыс орындарының қызметіне шектеу қойылуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

4

4. Аталған қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ақкожинаға жүктелсін.

5

5. Осы қаулы Қорғалжын ауданы әділет басқармасында тіркеуден өткен кейін күшіне енеді.