О внесении изменений и дополнения в Закон Республики Казахстан "О комитетах и комиссиях Парламента Республики Казахстан" Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы "Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 9, 94-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Тармақ 1
1. 2,40-баптардағы "Қазақстан Республикасы Президентінің" деген сөздер алып тасталсын және "Конституциялық заң күші бар Жарлығымен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Мынадай мазмұндағы 29-1-баппен толықтырылсын: "29-1-бап. Республика Президентінің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының және (немесе) Мәжілісінің тұрақты комитеттері өзге де мәселелерді қарайды және мемлекет Басшысына тиісті қорытындыларды табыс етеді.". Қазақстан Республикасының Президенті