О Комиссии по вопросам гражданства при Президенте Республики Казахстан Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы "Президент пен Үкіметтің актілер жинағында" жариялануға тиіс Қазақстан Республикасының Конституциясы 46-бабының 15) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже;
Тармақша 2
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жергілікті атқару органдары Қазақстан Республикасында саяси баспана алған адамдарды жайластыру жөніндегі шығыстарды қаржыландыруды жергілікті бюджеттердің көші-қон іс-шараларына көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығы;
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасында шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға саяси баспана беру тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N 3057 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 35, 326-құжат);
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 38, 355-құжат);
Тармақша 4
4) "Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 7 ақпандағы N 3349 Жарлығы;
Тармақша 5
5) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N 3057 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 20 маусымдағы N 3568 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 256-құжат);
Тармақша 6
6) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 11 ақпандағы N 335 Жарлығы;
Тармақша 7
7) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 11 ақпандағы N 336 Жарлығы;
Тармақша 8
8) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 15 шілдедегі N 3057 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 19 сәуірдегі N 374 Жарлығы;
Тармақша 9
9) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 13 қыркүйектегі N 3108 және 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 қарашадағы N 719 Жарлығы;
Тармақша 10
10) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 808 Жарлығы;
Тармақша 11
11) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі N 1064 Жарлығы;
Тармақша 12
12) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 1410 Жарлығы;
Тармақша 13
13) "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1504 Жарлығының 1-тармағының 1-тармақшасы;
Тармақша 14
14) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қыркүйектегі N 3120 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 7 қарашадағы N 1667 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 39, 553-құжат);
Тармақша 15
15) "Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 маусымдағы N 3039 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 наурыздағы N 76 Жарлығы.
Тармақ 4
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
1-ҚО­СЫМ­ША Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2006 жы­л­ғы 10 қа­зан­да­ғы N 198 Жар­лы­ғы­мен БЕ­КІ­ТІ­Л­ГЕН Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Конституциясының 46-бабының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 22-бабының 3), 4) тармақшаларына және 38-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қызметінің тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Азаматтықты өзгерту және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Президенті өзінің атына берілген өтінішхат негізінде қабылдайды.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Президенті өз қалауы бойынша азаматтықты өзгерту немесе саяси баспана беру жөнінде шешім қабылдай алады. Бұл жағдайда қажетті құжаттарды алдын ала рәсімдеу және оларды одан әрі қарау осы Ереженің 17, 18, 19 және 24-тармақтарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Азаматтықты өзгерту:
Тармақша а
а) азаматтыққа қабылдау;
Тармақша б
б) азаматтықты қалпына келтіру;
Тармақша в
в) азаматтықтан шығару;
Тармақша г
г) азаматтықтан айыру түрінде жүзеге асырылады;
Тармақша 5
5) азаматтықтан айыру.
Тармақ 4-1
4-1. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Саяси баспана өзі азаматы болып табылатын және/немесе тұрып жатқан елінде қоғамдық-саяси қызметі, қай нәсілге немесе қай ұлтқа жататындығы, діни сенімі үшін қудалаудан немесе қудалау құрбаны болудың айқын қатерінен баспана және қорғаныш іздеген, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларымен көзделген адам құқықтары бұзылған жағдайларда шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға, олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
Тарау 2. 2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия
2-тарау. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия
Тармақ 6
6. Азаматтыққа және саяси баспана беруге байланысты мәселелер жөніндегі материалдарды қарауды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Тармақ 8
8. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, Комиссияның хатшысы мен өзге мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы басқарады. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Комиссия төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімінің меңгерушісі хатшысы болып табылады. Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді. Комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және өзге де адамдар кіруі мүмкін.
Тармақ 9
9. Комиссия отырысында төраға болмаған жағдайда оның міндеті Комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледі.
Тармақ 10
10. Комиссия отырысы оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан ретте құқылы болып саналады.
Тармақ 11
11. Комиссия отырыстарында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы қатысып, талқыланатын мәселелер бойынша сөз сөйлей алады.
Тармақ 12
12. Комиссия өз отырысына азаматтықты өзгерту немесе саяси баспана беру туралы өтінішхаттар бойынша қажетті қосымша ақпарат алу үшін кез келген мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерін, басқа да адамдарды шақыруға құқылы.
Тармақ 13
13. Комиссия қаралып жатқан іс бойынша тиісті мемлекеттік органдардан қосымша құжаттар мен материалдарды талап етіп алдыруға құқығы бар, ал олар керекті ақпаратты белгіленген уақытта ұсынады. Комиссия өз жұмысында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, сондай-ақ халықаралық ұйымдармен, өзара іс-қимыл жүргізе алады.
Тармақ 14
14. Азаматтықты өзгерту немесе саяси баспана беру туралы мәселені қараған кезде Комиссия арыз иесінің дәлелдерін, ұсынымның мазмұнын, мемлекеттік органдардың қорытындысын, басқа да құжаттар мен тиісінше ресімделген куәгерлік түсініктемелерді жан-жақты бағалайды.
Тармақ 15
15. Комиссияның шешімі оның отырысқа қатысып отырған мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 16
16. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі болып табылады, ол:
Тармақша 1
1) азаматтық немесе саяси баспана беру мәселелері жөніндегі ұсынылған материалдарды алдын ала қарауды, Комиссия мен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауы үшін қажетті материалдарды өз қорытындысымен қоса дайындауды;
Тармақша 2
2) Мемлекет басшысының азаматтықты өзгерту немесе саяси баспана беру мәселелері жөніндегі жарлықтарының уақтылы орындалуына бақылауды;
Тармақша 3
3) азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі заңнаманы қолданудың тәжірибесін қорытуды;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде және осы Ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі
3-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді қарау тәртібі
Тармақ 17
17. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдар азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі өтінішті өзі тіркелген жеріндегі ішкі істер органдарына береді. Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы өтінішке: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекіткен нысандағы сауалнама-өтініш; өмірбаян; форматы 3,5x4,5 төрт фотосурет; "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабында көзделген шарттарды сақтайтындығы туралы міндеттеме; мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат; басқа мемлекеттің құзыретті органы берген бұрынғы азаматтығының жоқтығы немесе оның тоқтатылғаны туралы анықтама; ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын көлемде мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін, сондай-ақ Қазақстан тарихын білуін растайтын сертификат қоса беріледі. Азаматтықты қалпына келтіру туралы өтінішхатқа, аталған құжаттардан басқа, өтінішхат берушінің бұрын Қазақстан азаматтығында болғанын куәландыратын құжаттар (тууы туралы куәлік және т.б.) қоса беріледі. Аталған құжаттардан басқа:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 маусымдағы N 1587 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаудың оңайлатылған тәртібі белгіленетін адамдар үшін кәсіптердің тізбесіне және оларға қойылатын талаптарына сәйкес келетін адамдар, бейіндік мемлекеттік органның өтінішхатын;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) Заңның 16-бабы 2-тармақшасында көрсетілген адамдар, - Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық дәрежесін куәландыратын құжаттарды (тууы туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) тапсырады. Қазақстан азаматтығынан шығу туралы өтінішке: сауалнама-өтініш; өмірбаян; форматы 3,5x4,5 үш фотосурет; балаларының тууы туралы және неке туралы куәліктері; әскерге шақыру жасындағы адамды міндетті әскери қызметті өткеруден босату не босатудың мүмкін еместігі туралы қорғаныс істері жөніндегі аумақтық департаменттен анықтама; жұмыс, оқу орнынан, сондай-ақ атқарушы өндірісі аумақтық органынан мемлекет алдында атқарылмаған міндеттердің не азаматтардың, мемлекеттік органдардың және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың мүдделеріне байланысты мүліктік міндеттемелерінің болуы немесе жоқтығы туралы анықтама; мемлекеттік бажды төлегені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат қоса беріледі. Азаматтықтан шығу туралы өтініш берген адамға қатысты ішкі істер органдары оның айыпкер ретінде қылмыстық жауапқа тартылғаны немесе заңды күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүргені туралы мәлімет сұрайды. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында жұбайы (зайыбы) немесе асырауында адамдар бар болса, ол осы адамдардың материалдық және басқа талап-арыздары жоқ екені туралы нотариат растаған өтінішті тапсырады.
Тармақ 18
18. Елден тыс жерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматы азаматтықтан шығу туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы мыналарды қоса отырып өтініш береді: Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен сауалнама-өтініш; өмірбаян; форматы 3,5x4,5 үш фотосурет; балалардың тууы туралы және неке туралы куәліктердің көшірмесі; консулдық алым төлегені туралы құжат. Қараңыз.V106372 Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында зайыбы (жұбайы) немесе оның асырауындағы адамдары болған жағдайда ол сол адамдардың өзіне материалдық немесе басқа да талаптарының жоқтығы туралы нотариат куәландырған өтінішін тапсырады.
Тармақ 19
19. 18 жасқа толмаған, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға қатысты азаматтықты өзгерту мәселелері жөніндегі өтінішхатты олардың заңды өкілдері нотариат куәландырған, ал басқа мемлекеттерде – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері куәландырған баланың тууы туралы куәлігінің көшірмесімен (асырап алушылар, қорғаншылар және қамқоршылар жергілікті атқару органы шешімінің көшірмесін тапсырады) не іс-әрекетке қабілетсіз адамның жеке басын куәландыратын құжатпен бірге қоса береді. 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалар ата-аналарының өтінішіне нотариат куәландырған, ал басқа мемлекеттерде - шет елдердегі мекемелер куәландырған өздерінің жазбаша келісімін қоса береді.
Тармақ 20
20. Азаматтықты өзгерту жөніндегі өтініштер міндетті түрде тіркелуге және қарауға жатады. Өтініш беруші адамдар құжаттарды ұсыну тәртібін сақтамаған жағдайда, ішкі істер немесе сыртқы істер органдары өтініш берушіге хабарлай отырып, кемшіліктерді жойғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 21
21. Өтініш берушінің тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары ресімделген материалдарды астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттеріне жібереді, олар материалдарды тиісті ұлттық қауіпсіздік органдарымен келіседі. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың полиция департаменттері материалдарды ұлттық қауіпсіздік органдарының пікірімен қоса Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жібереді, ол өз қорытындысын жасайды және оны материалдармен бірге Комиссияның жұмыс органына ұсынады.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері ресімделген материалдарды өз қорытындысымен бірге Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жібереді, ол да Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келіскеннен және өз қорытындысын жасағаннан кейін оларды Комиссияның жұмыс органына ұсынады.
Тармақ 23
23. Азаматтықты өзгерту туралы өтініштер жөніндегі материалдарды қарау мерзімі жергілікті ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде осы органдардың әрқайсысында бір айдан аспауға тиіс.
Тармақ 24
24. Қазақстан Республикасының Президенті азаматтық мәселелерді шешудің конституциялық құқығын өз қалауымен іске асырған жағдайда Комиссияның жұмыс органы ішкі істер органдарынан не Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінен тиісті құжаттарды, соның ішінде азаматтықты өзгерту туралы өтінішхатты талап етіп алдырады.
Тармақ 25
25. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдарға қатысты азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерді орындау – халықты құжаттандыру және тіркеу жөніндегі уәкілетті органға, ал Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде тұратын адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жүктеледі.
Тармақ 26
26. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдердің орындалуы туралы Комиссияның жұмыс органына жылына екі рет ақпарат береді.
Тарау 4. 4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу
4. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу
Тармақ 27
27. Қазақстан Республикасының азаматтығы "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21, 30 және 31-баптарының талаптарына сәйкес жойылады және тіркеледі.
Тармақ 28
28. Ішкі істер органдары: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке кіруі салдарынан; егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса; Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша; егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса; егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса; шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала кәмелетке толған кезде оның өз еркімен ырық білдіруі бойынша; адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркейді.
Тармақ 29
29. Шет елдердегі мекемелер: Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке кіруі салдарынан; егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса; Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша; егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса; егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса; шетелдіктерге асырап алуға берілген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала кәмелетке толған кезде оның өз еркімен ырық білдіруі бойынша; адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекетке қатысуы салдарынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуды тіркейді.
Тармақ 30
30. Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркеу өзін азаматтықтан айыру туралы шешім қабылдаудың себептері мен негіздері туралы осы адам хабардар етілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5-тарау. Саяси баспана беру туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі
5-тарау. Саяси баспана беру туралы өтінішхаттарды қарау тәртібі
Тармақ 31
31. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адам Мемлекет басшысының атына тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарына саяси баспана беру туралы өтінішхатпен жүгінеді. Қазақстаннан тыс жерде жүрген адам мұндай өтінішхатты Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы береді.
Тармақ 32
32. Саяси баспана беру туралы өтінішхатқа өмірбаян, фотосуреттер, денсаулық жағдайы туралы, соның ішінде АҚТҚ-мен залалдану тұрғысында тексеруден өткендігі туралы анықтама, 14 жастан 18 жасқа дейінгі балалардың жазбаша келісімі, сондай-ақ осы мәселеге қатысты басқа да құжаттар қоса беріледі.
Тармақ 33
33. Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері материалдарды Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жібереді, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жүгінген адамға саяси баспана берудің орындылығы туралы пікірлерін сұратады. Саяси баспана беру туралы өтінішхат бойынша материалдарды қарау мерзімі өтініш тіркелген күннен бастап үш айдан аспауға тиіс. Егер материалдарды қарау қосымша зерделеуді талап еткен жағдайда, шешім қабылдау мерзімі ұзартылуы мүмкін.
Тармақ 34
34. Өтініш беруші мәселе нақты шешілгенге дейін айына кемінде екі рет өтініш берген жері бойынша белгіленіп отырады. Өтініш беруші тұрғылықты жерін өзгерткені туралы ішкі істер органдарын хабардар етеді. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық бөлімшелері немесе Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері осы тәртіп сақталмаған жағдайда мән-жай анықталғанға дейін материалдарды ресімдеуді тоқтата тұруға құқылы.
Тармақ 35
35. Тиісінше ресімделген материалдарды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өтінішхатты қанағаттандырудың мүмкіндігі не бас тарту қажеттілігі туралы дәлелді қорытындымен бірге Комиссияның жұмыс органына ұсынады.
Тармақ 36
36. Саяси баспана беру туралы өтінішхат, егер адам:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен қылмыс деп танылған әрекеттері (немесе әрекетсіздігі) үшін қудалануда жүрсе немесе Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттер жасап кінәлі болса;
Тармақша 2
2) қылмыстық іс бойынша айыпталушы ретінде жауапқа тартылса немесе оған қатысты Қазақстан Республикасының аумағында заңды күшіне енген соттың айыптау үкімі бар болса;
Тармақша 3
3) оған қудалану қаупі төнбеген үшінші елде тұрған болса;
Тармақша 4
4) көрнеу өтірік мәліметтер немесе жалған құжаттар табыс етсе;
Тармақша 5
5) өзінде үшінші елдің азаматтығы бар болып әрі онда ол қудаланбайтын болса, қабылданбайды.
Тарау 6. 6-тарау. Саяси баспана беру мәселесі жөніндегі шешімдердің орындалуы
6-тарау. Саяси баспана беру мәселесі жөніндегі шешімдердің орындалуы
Тармақ 37
37. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі немесе Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесі саяси баспана беру туралы өтініш берген адамды Мемлекет басшысы қабылдаған шешім туралы хабардар етеді.
Тармақ 38
38. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі саяси баспана берілген адамға және оның 16 жасқа толған отбасы мүшелеріне белгіленген үлгідегі куәліктер береді.
Тармақ 39
39. Қазақстан Республикасының аумағында болатын адамдарға ішкі істер органдары саяси баспана беру туралы куәліктің негізінде тұруға ықтиярхат ресімдейді.
Тармақ 40
40. Саяси баспана құқығы:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасында саяси баспанадан ерікті түрде бас тартқан;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын немесе басқа мемлекеттің азаматтығын алған;
Тармақша 3
3) өзі азаматы болып табылатын елге ерікті түрде қайтып оралған немесе үшінші елге тұрақты тұруға кеткен;
Тармақша 4
4) осы Ереженің 5-тармағында белгіленген негіздерді жоғалтқан жағдайда жойылады.
Тармақ 41
41. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының мақсаттары мен принциптеріне қайшы келетін әрекеттермен шұғылданған жағдайларда не, егер ол қасақана қылмыс жасаса және оған қатысты заңды күшіне енген сот үкімі бар болса, осы адамды Қазақстан Республикасының Президенті саяси баспанадан айыруы мүмкін.
Тарау 7. 7-тарау. Азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану
7-тарау. Азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану
Тармақ 42
42. Азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қайта қарауы мүмкін.
Тармақ 43
43. Азаматтық және саяси баспана беру мәселелері жөніндегі арызды қабылдаудан негізсіз бас тарту, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу, сондай-ақ лауазымды адамдардың материалдарды қарау тәртібін және осы мәселелер бойынша шешімдердің орындалу тәртібін бұзатын басқа да заңсыз іс-әрекеттеріне бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған органға немесе сотқа шағымдана алады.
Басқа 2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
2-ҚО­СЫМ­ША Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2006 жы­л­ғы 10 қа­зан­да­ғы N 198 Жар­лы­ғы­мен БЕ­КІ­ТІ­Л­ГЕН Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы - тө­ра­ға Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі - тө­ра­ға­ның орын­ба­са­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті Әкім­ші­лі­гі Мем­ле­кет­тік құқық бө­лі­мі­нің мең­ге­ру­ші­сі - хат­шы Комиссия мүшелері: Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы кіреді.