Об утверждении размеров базовых ставок фиксированного суммарного налога Күшін жойған
Басқа 0
Тіркелген жиынтық салығының базалық мөлшерінің ставкасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 394-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 23 қазандағы № 1016 «Ең төменгі ең жоғарғы деңгейдегі базалық ставкаларының тіркелген жиынтық салығының мөлшерін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес және Денисов ауданы әкімдігінің 2006 жылдың 3 қарашадағы № 352 «Ең төменгі және ең жоғарғы деңгейдегі базалық ставкаларының тіркелген жиынтық салығының мөлшерін бекіту жобасы туралы» қаулысын қарап мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Тіркелген жиынтық салығының ең төменгі базалық мөлшері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мәслихаттың бұрын қабылданған: 2004 жылдың 30 қыркүйектегі «Бильярдтан қызмет көрсетуден жиынтық салығының белгіленген ставкасын бекіту туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 3191, «Наше время» газетінің 2004 жылдың 13 қарашадағы № 46) 2005 жылдың желтоқсандағы № 85 «Бір объектіге ақшалай ұтысы бар ойын автоматтарының қызмет көрсетуіне белгіленген жинақтық салық ставкасына салық салуын белгілеу туралы» (мемлекеттік тіркеу нөмері 9-8-27, «Новое время» газетінің 2006 жылдың 11 наурыздағы № 11) шешімдерінің күші 2006 жылдың 31 желтоқсанынан бастап жойылады.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі.
Басқа 4. Бір жылға тіркелген жиынтық салығының базалық мөлшерінің ставкалары*
Мәслихаттың
2006 жылғы 6 қарашадағы
№ 49 шешімімен
бекітілген
Бір жылға тіркелген жиынтық салығының базалық мөлшерінің ставкалары*
№
Салық салу объектісінің атауы
Тіркелген жиынтық
салығының базалық
мөлшерлерінің ставкалары (айлық есептік көрсеткіш түрінде)
1
Ойын үстелі
2200
2
Ақшалай ұтысы бар, ойынды бір
ойыншымен өткізуге арналған ойын
автоматы
50
3
Ақшалай ұтысы, ойынды бірден көп ойыншымен өткізуге арналған ойын автоматы (электрондық рулеткадан тыс)
80
4
Электрондық рулетка
100
5
Тотализатор кассасы
200
6
Букмекер кеңсе кассасы
100
7
Ақшалай ұтыссыз бар, ойынды бір ойыншымен өткізуге арналған ойын автоматы
10
8
Ақшалай ұтыссыз, ойынды бірден көп ойыншымен өткізуге арналған ойын автоматы
15
9
Ойынды өткізуге арналған дербес компьютер
10
10
Ойын жолы
55
11
Карт
25
12
Бильярдтық үстел
30
13
Лото ұйымдастырушысы
80
* салық салу объект бірлігіне бір жылға белгіленген тіркелген жиынтық салығының ең төмен базалық мөлшерінің ставкалары