Білім беру саласында білім алушыларды қоғамдық көліктерде жеңілдікпен тасымалдау туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Білім беру саласында білім алушыларды қоғамдық көліктерде жеңілдікпен тасымалдау туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабына, «Білім туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 3) тармақшасына, 36-бабының 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ :
Тармақ 1
1. Білім беру саласында білім алушылар қоғамдық көлікте (такси көлігінен басқа) жеңілдікпен тасымалдансын.
Тармақ 2
2. Тиісті жылдың жол ақысына байланысты маршрут және автобус көлігінде тасымалдауға 50 пайыз жеңілдігі орнатылсын.
Тармақ 3
3. Білім алушылардың тұратын мекен-жайы жеңілдікпен тасымалдау үшін оқу орнынан 3 км қашықтықта орналасуы қажет.
Тармақ 4
4. Шешім әділет басқармасында тіркеліп, ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізілсін.