О ставках фиксированного суммарного налога Күшін жойған
Басқа 0
Тіркелген жиынтық салығының ставкалары туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 394 бабына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласының аумағында салық салу объектісінің өлшемінен тіркелген жиынтық салығының мөлшері белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Өскемен қалалық мәслихатының "Тіркелген жиынтық салығының ставкалары туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы № 18/4 (тіркеу № 5-1-15, 2006 жылғы 1 қаңтардағы "Дидар" газетінде, 2006 жылғы 5 қаңтардағы "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Тіркелген жиынтық салығының ставкалары туралы
Қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 23 қарашадағы
№ 27/4 шешіміне қосымша
Тіркелген жиынтық салығының ставкалары туралы
№№
Салық салу объектілері
Ставкалардың мөлшерлері
1
<*> Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдегі № 35/7 шешімімен
2
<*> Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдегі № 35/7 шешімімен
3
<*> Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдегі № 35/7 шешімімен
4
<*> Алынып тасталды - Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдегі № 35/7 шешімімен
5
Тотализатор кассасы
200 АЕК
6
Букмекер конторасының кассасы
180 АЕК
7
Ақшалай ұтыссыз ойын автоматы, бір адам ойнауына арналған
80 АЕК
8
Ақшалай ұтыссыз ойын автоматы, бірнеше адамдар ойнауына арналған
100 АЕК
9
Ойындарды өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер
15 АЕК
10
Ойын жолы /боулинг, кегельбан/
250 АЕК
11
Карт
25 АЕК
12
Бильярд үстелі
180 АЕК
13
Лотоны ұйымдастырушы
80 АЕК
*АЕК-айлық есептеме көрсеткіші.