О ставках акцизов на игорный бизнес Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.07.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 258 бабының 4 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ :
Тармақ 1
1. Өскемен қаласының аумағында салық салу объектісінің өлшемінен ойын бизнесіне арналған акциздер ставкасының мөлшері белгіленсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Өскемен қалалық мәслихатының "Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы" 2005 жылғы 29 қарашадағы N 18/3 (тіркеу N 5-1-16, 2006 жылғы 1 қаңтардағы "Дидар" газетінде, 2006 жылғы 5 қаңтардағы "Рудный Алтай" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы
Қалалық мәслихаттың 2006 жылғы 23 қарашадағы № 27/4 шешіміне қосымша Ойын бизнесіне арналған акциз ставкалары туралы № Салық салу объектілері Акциз cтавкаларының мөлшерлері 1 Ойын үстелі 1000 АЕК 2 Ақшалы ұтыспен ойын автоматы 50 АЕК 3 Букмекер конторасының кассасы 150 АЕК 4 Тотализатор кассасы 160 АЕК