О ставках платы за размещение объектов наружной (визуальной) рекламы Күшін жойған
Басқа 0
Сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 491 бабының 2 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және Өскемен қаласының аумағында орналастыратын қоса берілген төлем ставкалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Өскемен қалалық мәслихатының "Сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы" 2004 жылғы 11 қарашадағы N 9/8 (тіркеу нөмірі 2037, 2004 жылғы 4 желтоқсандағы "Дидар" газетінде, 2004 жылғы 4 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газетінде жарияланған); 2005 жылғы 6 маусымдағы N 14/3 "Сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы" 2004 жылғы 11 қарашадағы N 9/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (тіркеу нөмірі 2382, 2005 жылғы 25 маусымдағы "Дидар" газетінің N№62, 2005 жылғы 28 маусымдағы "Рудный Алтай" газетінің N 97 сандарында жарияланған); 2005 жылғы 29 қарашадағы N 18/8 "Сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы" 2004 жылғы 11 қарашадағы N 9/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (тіркеу нөмірі 5-1-19, 2006 жылғы 1 қаңтардағы "Дидар" газетінің N 1, 2006 жылғы 5 қаңтардағы "Рудный Алтай" газетінің N 1 сандарында жарияланған); 2006 жылғы 14 ақпандағы N 20/17 «Сыртқы жарнама (көрнекі) объектілерін орналастыру үшін төлем ставкалары туралы 2004 жылғы 11 қарашадағы N 9/8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (тіркеу нөмірі 5-1-30, 2006 жылғы 18 наурыздағы "Дидар" газетінің N 27 және 2006 жылғы 28 наурыздағы "Рудный Алтай" газетінің N 45-46 сандарында жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Жарнама объектілері бойынша төлем ставкалары
Қалалық мәслихаттың
2006 жылғы 23 қарашадағы
№ 27/6 шешіміне қосымша
Жарнама объектілері бойынша төлем ставкалары
№
Жарнама объектілері (жердегі, қабырғадағы, шатырларға қойылған т.б.)
АЕК төлем ставкалары (1 айда)
1
Лайтпостер 1 ш.м. дейін, егер осы объект 1 ш.м. артса ай сайынғы ставка 1 ш.м. қатынас бойынша жарнама объектісі алаңының пропорциялы өсуіне жоғарылайды
1
2
1 ш.м. дейін
2
3
1-ден 3 ш.м. дейін
3
4
3-тен 5 ш.м. дейін
6
5
5-тен 10 ш.м. дейін
10
6
10-нан 20 ш.м. дейін
18
7
20-дан 30 ш.м. дейін
20
8
30-дан 60 ш.м. дейін
24
9
60-тан жоғары
28
10
10-нан 20-ға ш.м. дейінгі призматрон, онымен бірге бейнелеу
12
11
1 ден 30 ш.м. дейінгі тұрақты объектілерге арналған автомобильдер жарнамасы (орнату)
28