Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін басшылыққа ала отырып аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жаңақала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу Ережесі бекітілсін. (Жалғанды)
Тармақ 2
2. Осы шешім аудандық Әділет басқармасынан мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Басқа 3. Жаңқала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы Ереже
Жаңақала аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 27 қазандағы № 27-8 шешімімен бекітілген Жаңқала ауданы аумағындағы елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және оларды бағып күтудің санитарлық аумақтық шекараларын белгілеу туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Осы Ережені қабылдау үшін құқықтық негіз Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Ветеринария туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі болып лады.
Тармақ 1.2
1.2. Жаңақала ауданы аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар үшін осы ветеринариялық санитариялық Ереженің талаптарын орындау міндетті.
Тарау 2. 2. Жануарларды бағып, күту
2. Жануарларды бағып, күту
Тармақ 2.1
2.1. Ауыл шаруашылығы жануарларын арнайы жасақталған қора-жайда, тұрғын үй мен қоғамдық орындардан қашықта ұстауы қажет.
Тармақ 2.2
2.2. Мал қораларын жылына кемі екі рет «жаңа сөндірілген» ізбес тас ерітіндісімен әктеу, тұрақты түрде жануарлар қалдықтарынан тазалап дезинфекция, дезинсекция және қажет болса дезакаризация өткізуі керек.
Тармақ 2.3
2.3. Мал ұстайтын аулада малдың жүретін жерін және санитариялық- гигиеналық талаптарға сай малдың қиын сақтайтын орын бөлу қажет.
Тармақ 2.4
2.4. Жеке және заңды тұлғалардың барлық малдарын көктем және күз айларында, ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, міндетті түрде орындалатын алдын-алу шараларынан өткізу керек.
Тармақ 2.5
2.5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бақылаусыз (бақташысыз) көшеге, паркке және басқа да қоғамдық орындар пайдаланатын алаңдарға жіберуге рұқсат етілмейді.
Тарау 3. 3. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің міндеттері
3. Ауыл шаруашылығы жануарлары иелерінің міндеттері
Тармақ 3.1
3.1. Жануарларды вакцинация жасау және жұқпалы басқа да ауруларға тексеру үшін ветеринария мамандарының талаптарына сәйкес, жануарларын көрсетуге;
Тармақ 3.2
3.2. Ауыл шаруашылығы малдарына бірдейлендіру белгісін қою және оларға ветеринариялық паспорт алуға;
Тармақ 3.3
3.3. Мемлекеттік ветеринариялық бақылау органдарына жаңадан сатып алынған малы туралы құжатын көрсетуге және алынған төлі, сатылған немесе сойылған малы туралы хабарлауға;
Тармақ 3.4
3.4. Мал кенеттен өлсе, бір мезгілде бірнеше малдың ауруы білінсе немесе олардың тәртібінен оқыс өзгеріс байқалса ветеринария мамандарына хабарлауға, ауруға күдікті малды ветеринария маманы келгенше оқшаулап ұстауға міндетті.
Тарау 4. 4. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
4. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік
Тармақ 4.1
4.1. Осы Ережені бұзған жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.