Қолданыстағы ред. 07.11.2006

Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы от 07.11.2006 г. № 30-5 (Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы)

0

Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті туралы» Кодексінің 373 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Келесі қызмет түрлері бойынша біржолғы талондар құны бекітілсін.

1

1) Іске асыру (стационарлық жайларда жүзеге асырылатын қызметін санамағанда):
Газет және жорналдарды – 50 теңге;
тұқымдарды және де отырғызу материалдарды (көшеттер) – 50 теңге;
бақша дақылдары -150 теңге;
саяжай және үй жанындағы учаскелерде өсірілген гүлдерді қосалқы ауыл шаруашылық, бақ шаруашылығы және саяжай учаскелерінің өнімдерін мал және құстар үшін азықтарын сыпырғыштар, орман жеміс-жидектері, бал, саңырауқұлақтар және балықтарды – 50 теңге;

2

2) Механикалық көлік құралдарын және тіркемелерді айдау:
таяу шетелден -200 теңге;
алыс шетелден – 300 теңге.

3

3) Жер учаскесін өндеу бойынша жеке тракторлар иелерінің қызмет көрсетулері – 200 теңге.

4

4) Жеке жеңіл және жолаушылар мен жүк тасымалдау бойынша жүк автомобильдерінің қызмет көрсетулері (лицензия берілген тасымалдаударды санамағанда) -200 теңге.

5

5) Үй малдары мен құстар жайылысы - 50 теңге.

2

2. Зеленов аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 26 қыркүйектегі «Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы” №29-2 шешімнің күші жойылсын келесі себеп бойынша:
Республикасының Үкіметімен бекітілген 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 „Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Ережелерінің” 8 тармағы бұзылған.
Бұл нормативтік құқықтық акт қайта бекітуге заң сараптамасын өтусіз қайтарылған.

3

3. Жаңа нормативтік құқықтық акт қабылданғаннан кейін аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 4 ақпандағы „Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы” №20-3 (2002 жылғы 19 ақпандағы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1305 нөмірімен тіркелген, „Сельские вести” аудандық газетінің 2002 жылғы 2 наурыздағы №9 жарияланған) шешімнің және аудандық мәслихаттың 2003 жылғы 29 сәуірдегі „Зеленов аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 4 ақпандағы „Біржолғы талон негізінде бюджетпен есеп айырысу тәртібі туралы” №20-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы” №38-3 (2003 жылғы 19 мамырдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2136 нөмірімен тіркелген, «Ауыл тынысы» аудандық газетінің 2003 жылғы 31 мамырдағы №23 жарияланған) шешімнің күші жойылсын.

4

4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енгізілсін.