Об определении тарифа за проезд на регулярных соединяющих населенные пункты автомобильных перевозках пассажиров и багажа в городе Аксу Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласында жолаушылар мен теңдеме жүктерді жиі қатынайтын елді мекендерді қосатын автомобильмен тасымалдауларында жол жүру тарифін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабына Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2004 жылы 10 наурыздағы № 113-1 бұйрығымен бекітілген Жолаушылар мен жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2006 жылы 26 сәуірдегі № 101 бүйрығымен бекітілген Жиі қатынайтын қалааралық облыс ішіндегі, қалалық, қала маңындағы мен елді мекендерді қосатын: аудандық немесе облыс орталығымен кенттер, ауылдар (селолар), республикалық маңыздағы қалалармен (астанамен) - жолаушылар мен теңдеме жүктерді автомобильмен тасымалдау тарифіне есеп әдістемесін басшылыққа ала отырып, Ақсу қаласында жолаушылар мен теңдеме жүктерді жиі қатынайтын тасымалдауларды үйымдастыру мақсатында, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап үсынылып отырған: Ақсу қаласында жолаушылар мен теңдеме жүктерді автомобильмен тасымалдаудың елді мекендерді қосатын бағыттар бойынша жол жүру тарифі Ақсу-Айнакөл бағытында бір рет жүру бір адамға 120 теңге мөлшерінде, Ақсу-Үштерек бағытында бір рет жүру бір адамға 50 теңге молшерінде; жолаушылардың жүру қүнына жиі қатынайтын бағыттарда теңдеме жүктерді тасымалдау қүнының қысқалылық коэффициенті 0,2 %.
Тармақ 2
2."Ақсу қаласының түргын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі: Ақсу қаласында жолаушылар теңдеме жүктерді қалалық автомобиль тасымалдаулары үйымдарының келісімшарттарына тиісті өзгерістер енгізуді қамтамасыз етсін; жиі қатынайтын бағыттарда жолаушылардың жол жүру құнының өзгергендігі туралы, олар күшіне енгенге дейін он күннен кешіктірмей бүқаралық ақпарат қүралдары арқылы халықты хабардар етсін; Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне ақпарат үсынсын.
Тармақ 3
3. Қала әкімдігінің осы қаулысы ресми жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Тармақ 4
4. Қала әкімдігінің осы каулысының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Г.М. Стрельбаға жүктелсін.