Зеленов ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау және Ережелерін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Зеленов ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау және Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодексінің 310 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» заңының 10 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес аудандық ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Зеленов ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау Ережелері 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зеленов аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 18 қыркүйектегі «Зеленов ауданында малдарды ұстау Ережелерін бекіту туралы» №28-3 шешімнің күші жойылсын келесі себептер бойынша:
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213-1 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 36 бабы бұзылған;
Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген 2006 жылғы 16 тамыздағы №773 қаулысы «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу Ережелерінің» 27 тармағы сақталмаған.
Бұл нормативтік құқықтық акт қайта бекітуге заң сараптамасын өтусіз қайтарылған.
Тармақ 3
3. Жаңа шешім қабылдауына байланысты 2 қосымшаға сәйкес аудандық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енгізілсін.
Басқа 5. Зеленов ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау Ережелері
Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 7 қарашадағы
№30-3 шешімімен №1 қосымшасы
бекітілген
Зеленов ауданының елді мекендерінде малдарды ұстау Ережелері
Ережелер жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті және Зеленов ауданы аумағында күші бар болып табылады.
Тармақ 1
1. Зеленов ауданының барлық елді мекендерінде тыйым салынбаған немесе қосымша заңдармен немесе заңға тәуелді актілерімен қосымша регламенттелетін малдарды ұстауға рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Малдар ұғымында түсіндіріледі: құрғақта, суда, атмосферада және топырақта болатын сүтқоректілер, құстар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, балықтар, моллюскалар, жәндіктер.
Тармақ 3
3. Барлық малдар тұрғын жай және қоғамдық ғимараттардан 15 метрден кем емес қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған тұрғын жай және вольерларда ұсталуы қажет. Жаңа құрылыс жүргізілу немесе болған мал қора және вольерлерді реконструкция жасаған жағдайларда мал иелері ветеринарлық қызметпен келісуге міндетті.
Тармақ 4
4. Малдарды: ірі қара мал, түйе, жылқы, қой және ешкілерді селолық округ әкімі белгілеген жерлерде тек қана бақташының қарауымен серуенге шығаруға рұқсат етіледі.
Тармақ 5
5. Ауланың аумағынан немесе қоршалған вольерден тыс жерлерде үй құстарын шығаруға, әсіресе суда жүзетін жабайы құстармен байланыс мүмкіндігі бар ашық су қоймаларында суда жүзетін үй құстарын серуенге шығаруға тыйым салынады.
Тармақ 6
6. Малдардың ауруын алдын алу қамтамасыз ету мақсатында олардың иелері міндетті
Тармақша 1
1) ветеринарлық мамандарының талабы бойынша малдарды диагностикалық зерттеу және вакцинация жұмыстарын жүргізу үшін беруге;
Тармақша 2
2) шаруашылық малдарын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық паспорт ресімдеуге қамтамасыз етуге;
Тармақша 3
3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынып малдар және сатылғаны туралы хабарлауға;
Тармақша 4
4) кенеттен мал өлген жағдайда, бір мезгілде бірнеше малдар ауырған немесе олардың әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарына хабарлауға және ветеринариялық қызметкерлері келгенге дейін күдікті малдарды оқшаулап ұстауына шаралар қолдануға;
Тармақ 7
7. Өткізуге арналған малды сою тек қана мал сою цехтарында және ветеринариялық мамандарының бақылауымен жасау.
Тармақ 8
8. Өлген малдар тек қана мал молаларында жойылуы қажет.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалауының бақылауына жататын жүктерді ветеринариялық қарау үшін ветеринариялық инспекторларға кедергісіз көрсету.
Басқа 19. Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Аудандық мәслихаттың
2006 жылғы 7 қарашадағы
№30-3 шешіміне №2 қосымшасы
Аудандық мәслихаттың күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 22 ақпандағы «Зеленов ауданының тұрғын мекендерде ауыл шаруашылық жануарлары, иттер мен мысықтар ұстаудың және серуенге Ережелерін бекіту туралы» №13-3 шешімі (2005жылғы 31 наурыздағы Нормативтік-құқықтар актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде №2913 нөмірімен тіркелген «Ауыл тынысы» газетінің 2005 жылғы 9 сәуірдегі №№15-16 жарияланған).
Тармақ 2
2. Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 14 желтоқсандағы «Зеленов ауданының тұрғын мекендерінде ауыл шаруашылық жануарлары, иттер мен мысықтар ұстаудың және серуенге шығару Ережелерін бекіту туралы» №22-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (2005 жылғы 28 желтоқсандағы Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-7-19 нөмірімен тіркелген „Ауыл тынысы” газетінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 3 жарияланған).
Тармақ 3
3. Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 11 тамыздағы „Аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 22 ақпандағы және 2005 жылғы 14 желтоқсандағы "Зеленов ауданында ауыл шаруашылық жануарларын, иттерді мен мысықтарды ұстау және серуенге шығару Ережелерін бекіту туралы» №13-3 және №22-7 шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы” №27-4 шешімі (2006 жылғы 15 қыркүйектегі Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7-7-36 нөмірімен тіркелген).