Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы” Кодексінің 311 бабына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Зеленов аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 18 қыркүйектегі «Зеленов ауданында иттер мен мысықтарды ұстау Ережелерін бекіту туралы» №28-4 шешімнің күші жойылсын келесі себептер бойынша: Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы №213-1 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 36 бабы бұзылған; Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген 2006 жылғы 16 тамыздағы №773 қаулысы «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеу және келісу Ережелерінің» 27 тармағы сақталмаған; Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысы «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Ережелерін» 9 тармағы бұзылған. Бұл нормативтік құқықтық акт қайта бекітуге заң сараптамасын өтусіз қайтарылған.
Тармақ 3
3. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күшіне енгізілсін.
Басқа 4. Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері
Аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 7 қарашадағы №30-4 шешімімен №1 қосымшасы бекітілген Зеленов ауданының елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Ережелері Осы Ережелер жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті және Зеленов ауданы аумағында күші бар болып табылады.
Тармақ 1
1. Зеленов ауданының барлық елді мекендерінде ветеринариялық паспортын ресімдеуімен міндетті түрде тіркелген иттер мен мысықтарды ұстауға рұқсат етіледі.
Тармақ 2
2. Санитарлық-гигиеналық Ережелерді сақтаған жағдайда бір отбасы тұратын бөлек пәтерлерде иттер мен мысықтарды ұстауға рұқсат етіледі. Көп пәтерлі үйлерде бір алаңда тұратын жеке пәтерлер тұрғындарының және де коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің келісімі қажет.
Тармақ 3
3. Үйдегі және ауладағы жалпы адамдар пайдаланатын жерлерді, пәтерлерді, үй баспалдақтарын иттер мен мысықтармен ластатуға рұқсат етілмейді. Болған жағдайда иелері тез арада иттер мен мысықтардың экскременттерін жинап алулары керек.
Тармақ 4
4. Иттердің мұрындығы және қысқа байлауда болған жағдайда серуенге шығаруға болады.
Тармақ 5
5. Кәмелетке толмаған балаларға иттерді серуенге шығаруға рұқсат етілмейді.
Тармақ 6
6. Ветеринариялық қызметкерлерінің талаптары бойынша қарау, диагностикалық зерттеу және алдын ала егу үшін иттер мен мысықтарды жеткізу қажет.
Тармақ 7
7. Адамдарды тістеген иттер мен мысықтарды ветеринариялық қарау үшін және 10 күн бойы бақылау үшін ветеринариялық мекемеге тез арада жеткізу қажет.