Жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлемдерін төлеу Ережелерін бекіту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлемдерін төлеу Ережелерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы»,.«Ұлы Отан Соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексін басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлемдерін тағайындау және төлеу ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмек төлемдерін тағайындау және төлеу бойынша аудандық комиссия құрамы бекітілсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2002 жылғы 16 тамыздағы №525 «Зеленов ауданында туғанға, жерлеуге және аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік төлемдер төлеу тәртібін бекіту туралы», 2002 жылғы 29 тамыздағы тіркеу нөмірі 1740, 2002 жылғы 25 қазандағы №44 аудандық «Сельские вести» газетінде жарияланды, 2003 жылғы 23 сәуірдегі №154 «2002 жылғы 16 тамыздағы №525 аудан әкімдігі қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», 2003 жылғы 21 мамырдағы тіркеу нөмірі 2145, 2003 жылғы 7 маусымдағы №24-25 аудандық «Сельские вести» газетінде жарияланды, 2006 жылғы 27 қыркүйектегі №408 «Жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлемдерін төлеу Ережелерін бекіту туралы», 2006 жылғы 30 қазандағы №421 «Жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек төлемдерін төлеу Ережелерін бекіту туралы» қаулыларының күші деп танылсын
Басқа 4. Жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Тәртібі
Аудан әкімінің 2006 жылғы
28 қарашадағы №485
№1 қосымша
Жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу Тәртібі
Осы Тәртіп, жеке топтағы азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындауда және төлеу “Жергілікті орган өкілдерінің шешімі бойынша жеке топтағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету» бюджеттік бағдарламасы бойынша әлеуметтік төлемдерді іске асыру тізімін реттейді.
Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы”, Ұлы Отан Соғысы қатысушыларына, мүгедектеріне және оларға теңестірілген тұлғаларға жеңілдіктер және оларды әлеуметтік қорғау туралы”, Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау «Заңдары және Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі Тәртіп қабылдау үшін негізгі құқық болып табылады.
Тарау 1. 1. Жалпы ереже.
1. Жалпы ереже.
Тармақ 1
1. Жеке топтағы азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек - бұл аудандық бюджеттен бөлінетін ақшалай төлемдердің мынадай түрлері:
- Материалдық көмекке мұқтаж жеке топтағы азаматтарға ем алуға берілетін дәрі- дәрмек сатып алуға, отынға, азық түлікке, киім-кешекке, коммуналдық қызметтерге қарыздарын өтеуге, газдестеріуге және тұрғын үйін жөндеуге, өрт, су алу және басқада табиғи апаттардың себептерінің шығындарын өтеуге, отбасы мүшелерінің біреуінің өліміне байланысты салттық қызметтерге, егер басқа көздерден жерлеуге арналған жәрдем ақы алуға құқығы болмаса:
- 9 мамырдағы - Жеңіс күніне бір реттік төлемдер.
Тармақ 2
2. аз қамтылған топтағы отбасылары бар материалдық көмекке мұқтаж жеке азаматтарға көрсетіледі:
Күн көріс табысынан төмен, жалғыз басты және жалғыз тұрушы зейнеткерлерге және мүгедектерге:
2 немесе одан да көп мүгедектерді асырап отырған отбасыларына, олардың табыстарын есептемегенде жылына бір рет беріледі.
Тармақ 3
3. Бір рет берілетін төлемдер 9 мамырда - Жеңіс күні қарсаңында ҰОС қатынасушылары мен мүгедектеріне, ҰОС- нда қаза болған әскерилердің жесірлеріне, Ленинград қоршауында болғандарға, соңғы шақырыққа алынғандарға, тыл еңбеккерлеріне, қайтыс болған ҰОС қатынасушылары мен мүгедектерінің жесірлеріне, егер олар жалпы ауруға шалдыққан мүгедектері деп танылса.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек аудан комиссиясының шешімі бойынша аудан әкімдігі қаулысымен бекітілетін жергілікті атқарушы және органдар, қоғамдық ұйымдар өкілдеріне саны ішінен беріледі.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтіну тәртібі.
2. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін өтіну тәртібі.
Тармақ 5
5. Арызданушы әлеуметтік көмекке тағайындалуы үшін аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне немесе тұрғылықты жері бойынша ауыл округ әкіміне төмендегі құжаттармен хабарласады:
Тармақша 1
1) Арыз.
Тармақша 2
2) Арызданушының жеке куәлігінің көшірмесі.
Тармақша 3
3) Үй кітабының көшірмесі (отбасының тізімі туралы тұрғылықты жерінен анықтама).
Тармақша 4
4) СТТН- нің куәландырылған көшірмесі.
Тармақша 5
5) Өткен тоқсандағы табыстар туралы мәлімет.
Тармақша 6
6) Жұмыссыздар, еңбекпен қамту орган өкілдігінде тіркелу туралы анықтама тапсырады.
Тармақша 7
7) Жер телімі және аула шаруашылығы туралы мәлімет.
Тармақша 8
8) ДКК (ВКК) қорытындысы немесе ем беруші кеңесінің операцияға, ем алуға мұқтажы туралы анықтама.
Тармақша 9
9) Материалдық және тұрмыстық жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 10
10) Үй және заттарының төтенше жағдайлардан, өрттен залал келгендігі туралы хаттама.
Тармақша 11
11) Үйдің апаттылығы туралы хаттама (үй жөндеуге).
Тармақша 12
12) Есеп -фактура (баспанаға газ өткізу).
Тармақша 13
13) Жәрдемақы алу үшін ЗАГС-тен анықтама және өлгендігі туралы куәліктің көшірмесі (салттық қызметтерді төлеу үшін).
Тармақша 14
14) Әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы жергілікті комиссияның қорытындысы.
Тармақша 15
15) «Қазақстанның халық банкі» АҚ- ның аудандық бөліміндегі есеп шоты, немесе «Қазпошта» АҚ- ның аудандық бөлімі.
Тармақ 6
6. 9-мамыр күніне бір жолғы төлем аудандық МЗТО бөлімімен аудандық ЖҚ және ӘБ бөліміне берілетін тізім негізінде арызсыз жүргізіледі.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмектің көлемі және тағайындау тәртібі.
3. Әлеуметтік көмектің көлемі және тағайындау тәртібі.
Тармақ 7
7. Ауыл округінің әкімі, арызданушыдан қабылдаған құжаттарды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тапсырады.
Тармақ 8
8. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, арызды және құжаттарды қабылдаған күннен бастап 10 күн ағымында істі қалыптастырып, әлеуметтік көмекті тағайындау «тағайындамау» туралы жобаны дайындап аудандық комиссияға жолдайды.
Тармақ 9
9. Аудандық комиссия оларды қарап әлеуметтік көмекті тағайындау «тағайындамау» туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көлемнің көлемі әр- бір нақты жағдайда комиссия тарапынан белгіленеді. Кіші көлем 3 айлық есеп көрсеткішін құрайды, жоғарғы көлемі 50 айлық есеп көрсеткішінен аспауы керек.
Тармақ 11
11. Аудан бюджетінен осы мақсатқа қаралған қаржы көлемінде әлеуметтік көмек беріліп, арыздардың тіркелуі хронологиялық тәртіпте етеді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі және оны іске асыруын бақылау
4. Әлеуметтік көмекті төлеу тәртібі және оны іске асыруын бақылау
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті төлеуде, аудандық «Қазақстанның халық банкі» АҚ бөлімі арқылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде және алушының атына ақша өткізу жолымен «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімінде жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Дұрыс тағайындауды бақылау және әлеуметтік көмек төлемдері Қазақстан республикасының «Жергілікті және Республикалық бюджетті орындауды бақылау туралы» заңына сәйкес іске асырылады.
Басқа 37. Әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша аудандық комиссиясының құрамы
Аудан әкімінің 2006 жылғы
28 қарашадағы №485
№2 қосымша
Әлеуметтік көмекті тағайындау бойынша аудандық комиссиясының құрамы
Шохина Вера Кузминична - әкім орынбасары, комиссия төрайымы
Чирова Елена Петровна - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
комиссия мүшелері
Айткалиев Сандуғаш Сайнқызы - аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі
Ниязалиев Жолдыбай Жүсүпұлы - аудандық маслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы
Өтешев Малик Сисембайұлы – аудандық білім бөлімінің меңгерушісі комиссия хатшысы
Долина Валентина Яковлевна - аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы