Об утверждении предельных размеров земельных участков, находящихся в постоянном землепользовании крестьянских хозяйств и в собственности Күшін жойған
Басқа 0
Шаруа қожалықтары мен жеке меншіктің тұрақты жер пайдалануындағы учаскелерінің шекті көлемін бекіту жайында
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 19.11.2004 № 50 шешімімен.
«Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерiн беру нормасын бекiту жайында» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 сәуiрдегi № 401 Қаулысына сәйкес ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Жер учаскелерiнiң шектi (ең көп) көлемi белгiленсiн.
Шаруа (фермерлiк) қожалығын жүргiзу үшiн тұрақты жер пайдалануға арнаулы жер қорларының және ауыл шаруашылық ұйымдардың (кәсiпорындардың) жерлерiнен отбасының еңбекке жарамды әр мүшесiне 6 (алты) ортааудандық жер үлесi көлемiнде (оның iшiнде бiр үлес тегiн) бiрақ төмендегiден көп емес:
жалпы көлемi 1300-1500 га, оның iшiнде 1000-1200 га егiстiк жер астық егу үшін;
мал шаруашылығы бағытындағы шаруа қожалықтары үшiн;
20-40 га егiстiк жер, оның iшiнде 16-24 га суармалы жер көкөнiс өсiретiн бағыттағы шаруа қожалықтары үшiн;
жалпы көлемi 3200-4000 га, оның iшiнде 200 егiстiк жер қой өсiру, жылқы өсiру бағытындағы шаруа қожалықтары үшiн, ет өндiру бағытындағы iрi қара малды ұстауға.
Отбасы меншiгiне:
- жеке қосалқы шаруашылық жүргiзу үшiн (үй жанындағы және қырдағы үлестi қосқанда) ауылды жерлерде 0.80 га (оның iшiнде 0.25 га тегiн) жай жерлерде, 0.40 га (оның iшiнде 0.15 га) тегiн суармалы жерлерде;
бақша үшiн, сондай-ақ жағажай құрылысына 0,30 га (оның iшiнде 0,12 га тегiн);
тұрғын үй салу және оған қызмет көрсету үшiн 0,25 га (оның iшiнде 0,1 га тегiн).
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкiмiнiң 26.10.1998 № 100 шешiмiмен.
Тармақ 2
2. Азаматтарға тегiн берiлетiн жер учаскелерiнiң сыртындағы тұрақты жер пайдалануға және меншiкке берiлетiн қосымша жер учаскелерi осы учаскелердiң ең көп мөлшерiне дейiн ақысын төлеу арқылы алынады.