О внесении изменений в некоторые конституционные законы Республики Казахстан по вопросам их приведения в соответствие с нормами Конституции Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы
Бап 1
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай конституциялық заңдарына өзгерістер енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 7, 78-құжат; 1999 ж., N 4, 100-құжат; N 10, 342-құжат):
1) 11-баптың 6-тармағындағы "шешімдер қабылдайды" деген сөздер "қаулылар шығарады" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 13-бапта:
1-тармақтағы "жеке", "дара сипатты" деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақтағы "заң күшіне енгізу" деген сөздер "қолданысқа енгізу" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 24, 172-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 10, 343-құжат):
9-баптың 10) тармақшасындағы "Парламентке заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялау жөнінде" деген сөздер "заң жобасын қарауды шұғыл деп жариялауға" деген сөздермен ауыстырылсын.
Бап 2
2-бап. Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.